Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Мемлекеттік органдар арасындағы өзара ақпараттық байланыс

Информационное взаимодействие государственных органов2018 жылғы 16 тамызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент), ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша МКД) әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мәселелері бойынша өзара ақпараттық байланыста кеңес өткізді.

Кеңеске ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Мақсат Қуандықов және ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша МКД кедендік бақылау басқармасының басшысы Арман Абсиметов қатысты.

Департамент басшысы Салтанат Камешева «Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 74 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 113 бірлескен бұйрығын уақытылы және сапалы орындалу қажеттілігін атап өтті.

Кедендік бақылаудың өкілдері техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша департамент басшысы Салтанат Камешеваға толық жауаптар берілді.

Кездесу барысында осы жылдың қыркүйек айында ҚР ҚМ Атырау облысы бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасынан тағылымдамадан өту арқылы мемлекеттік органдардың бұдан әрі өзара байланысы туралы талқыланды.

 

 

Информационное взаимодействие государственных органов


Мақаланың шыққан күні: 23.08.2018 08:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 22:05

Қаралым саны: 1185