Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Жеке меншікке және жалға алу құқығына сату үшін ұсынылатын жер учаскелері туралы хабарлама

2017 жылғы 30 мамырда сағат 11.00-де, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі, 1, (Мақат ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараты, кіші мәжіліс залы) «Ағылшындық» баға көтеру әдісі бойынша аукцион өткізіледі.

Сатуға тіркеледі:

Лот №1 – Мақат ауданы жер қоры, ауданы 0,25 га (2500 шаршы метр) жер учаскесі үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету) үшін, жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 56 000 теңге. Кепілдік жарнасы 2 800 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 1 800 теңге.

Лот №2 – Мақат кенті, Б.Төлекбаев көшесі, ауданы 0,02 га (200 шаршы метр) жер учаскесі дүкен – аялдама үшін, жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 8 160 теңге. Кепілдік жарнасы 408 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 288 теңге.

Лот №3 – Мақат кенті, 4 бөлімшеден 0,045 га (450 шаршы метр) жер учаскесі үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету) үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 18 360 теңге. Кепілдік жарнасы 918 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 648 теңге.

Лот №4 – Мақат кенті, Ағайынды мұнайшы Телішевтер көшесі, 129 нүкте мекен жайы бойынша ауданы 0,1 га (1000 шаршы метр) жер учаскесі үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету) үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға беріледі. Бастапқы бағасы 40 800 теңге. Кепілдік жарнасы 2 040 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 1 440 теңге.

Лот №5 – Доссор кенті, Доссор-Атырау автокөлік жол бойынан 0,12 га (1200 шаршы метр) жер учаскесі ғимаратқа және имаратқа қызмет көрсету үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 61 320 теңге. Кепілдік жарнасы 3 066 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 1 728 теңге.

Лот №6 – Доссор кенті, Ш.Еркешов көшесінен, 0,11 га (1100 шаршы метр) жер учаскесі ғимаратқа және имаратқа қызмет көрсету үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 57 485 теңге. Кепілдік жарнасы 2 874 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 1 620 теңге.

Жоғарыда көрсетілген жер учаскелері нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланумен ауыртпашылықты.

Жер учаскелерін сату бойынша кепілдік жарнасының сомасы әр обьекті бағасының 5% құрайды.

Кепілдік жарна депозитінің есеп шотына енгізіледі:

ЖСК KZ170705034631256001

«Мақат аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

БИК KKMFKZ2A

БСН 020840002484

ММ коды 4631256

КБЕ 12

Қатысушылар көрсетілген кепілдік жарнадан жоғары кез келген кепілдік жарна енгізуге құқылы, осы кепілдік жарна бір жер учаскесі бойынша сатып алуға құқық береді.

Аукционға қатысу үшін тіркелу және өтініштерді хабарлама шыққан күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Атырау облысы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36 (Мақат кенті әкімі аппаратының ғимараты) 1 қатар, Мақат аудандық жер қатынастары бөлімінің кабинетінде және 2017 жылдың 29 мамыр сағат 11.00 де аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

Жеке тұлғалар үшін:

1. Мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөнінде аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Заңды тұлғалар үшін:

Мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөнінде аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Анықтама үшін телефон: 8 (71239) 3-22-04, 3-23-15.


Мақаланың шыққан күні:: 11.05.2017 05:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.05.2017 05:48