Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Балабақшаға электрондық кезектерге тіркелуге арналған бірыңғай талаптар туралы ата-аналарға ақпараттық анықтама

Құрметті ата-аналар!

2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен балабақшаға тіркелуге электрондық кезектерге қойылатын бірыңғай талаптар енгізілді.

Сондай-ақ "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды жіберу" және "Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау " мемлекеттік кызметтері стандарттары жаңартылды.

Яғни, сізге Атырау қаласының тұрғыны және ата-ана ретінде, 2017 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді және балабақшаларға қабылдану шараларындағы өзгерістер мен жемқорлықтың алдын алу шаралары қызықты және пайдалы болатыны сөзсіз.

ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН БАСЫМДЫЛЫҒЫ:

Балабақшалардағы орынды бөлуге қойылатын талаптарды әзірлеуде тұжырымдалған мынадай қағидаларға негізделді және оларға қол жеткізу, бүкіл ел көлемінде болуы шарт:

I. Баланың амандығын сақтау — ата-ананың парызы. Қазақстанда нарықтық экономикаға қызмет істейтін үлгі құрылған.

Ата-аналар бұл үлгінің бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттің міндеті- мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылса , ата-ананың міндеті – оларды тиімді пайдалану. Яғни тараптардың ынтымақтастығы өзара болуы тиіс.

Атап айтқанда, егер ата-ана баланы балабақшаға қабылдауға белсенді күш жұмсамаса , онда мемлекет оған бұл үшін жұмыстанбайды.

Білім беру бөлімі лайықты балабақша іздеп , ата-аналарды кезек үлкен деп сендіріп және де балама нұсқамаларды қарастыру қажеттілігін іздемейді.

Балабақша ата-ананы тиісті құжаттарды әзірлеп, баланы қабылдауына белгіленген уақыттан аса күтпейді. Балабақша – басқа мекемелер секілді экономикалық қызметтің субъектісі; жұмыспен қамтылмаған бос жұмыс орындарының қаржылық шығындарына жауапты болады

II. Сыбайлас- жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Осы мақсатқа қол жеткізудің негізгі стратегиясы - бөлу орындарының барынша жариялылық процестердің ашықтығы мен ата-аналарға арналған ақпараты болып табылады. Аз құпиялар – аз күдік, мемлекетке деген үлкен сенім.

III .Заманауи технологияларды пайдалану басымдылығы.

Бүгінде бүкіл әлем - терең және екпінді өзгерістерге толы төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне енеді: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Казақстан Республикасы да сол елдердің қатарында .

Жаңа технологиялық жөн-жосық біз қалай жұмыс істейтінімізді, өз азаматтық құқықтарымызды жүзеге асыру жолдарын, балаларымызды тәрбиелу тәсілдерін түбегейлі өзгертеді. Смартфондар, планшеттер, whatsapp, интернетті пайдалану – бұл озық технологиялар емес, тоңазытқыш және теледидар секілді күнделікті өмірдің құрал-саймандары. Заманауи технологияларды игерген ата-аналар біліктілігі жоғары қоғамдастықтың үлкен бөлігін құрайды.

Сондықтан, балабақшаларға алу процестеріне қойылатын негізгі талап - толық автоматтандырлынған болуы тиіс. Яғни, email және sms, электрондық хабарлама. мессенджер мен әлеуметтік желілер пайдалануы тиіс. Осыған сәйкес, заманауи технологияларды жеткілікті дәрежеде меңгермеген ата-аналар, компьютерлік сауаттылық дағдыларын көтеру керек.

Негізгі жаңалықтар:

Құрметті ата-аналар, ешқандай жаңалықтар мен ережелер бос орыны бар балабақшалар туралы сұрақтарды толық шешуі мүмкін емес екенідігін сіздердің назарларыңызға береміз. Бұл сұрақ жаңа білім беру мекемелері ашылған жағдайда ғана түбегейлі шешілуі мүмкін.

Сондықтан, назарларыңызға ұсынылған талаптар, жоғарыда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1.Кезеккке тұру тек қала көлемінде қалыптасады.

Өтініш берген кезде қалаулы балабақша және оқыту тілі көрсетілмейді.

Ол балабақшаға жолдама алу кезінде, яғни тікелей "орын бөлінгенде" жүзеге асады,көрсетіледі. Бала туылғаннан кейін өсіп, балабақшаға бару мерзіміне дейін бірнеше жыл өтеді. Сол уақытқа дейін көп нәрсе өзгеруі мүмкін, мысалы: балабақшалар жабылып, жаңа балабақшалар ашылады, баланың тұрғылықты жері өзгереді. Яғни, балабақша таңдаудағы шешім, ағымдағы жағдайға байланысты "осында және қазір" қабылданады. Сондықтан, ата-аналармен берілетін арыздар балалардың туған жылдары бойынша бөлінеді және бір-біріне қатысты арыз берген уақыт кезегінде орналасады. Неғұрлым арыз ерте берілсе, соғұрлым кезекке жақын тұрады.

2. Барлық процесстердің толық автоматтандырылуы

Баланы балабақшаға кезекке қою жөніндегі өтініш беру, балабақшаға жолдама алу, және балабақшаға орналастыру қызметтері электронды түрде көрсетілуі қажет.

Бұл жағдайда қалалық білім бөлімі өтініш қабылдау және жолдама беру рәсімдеріне қатыспайды. Барлық өтінімдер,ата-ана жұмыс жасайтын бірыңғай электронды жүйе көмегімен жүзеге асырылады.

Енді, ата-ана тек электронды жүйе арқылы және жүйені балаларды есепке алу үшін қолданатын бабалабақшамен тікелей байланыста жұмыс жасайды.

Бұл орайда, «E-Gov» веб-порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш берудің баламалы тәсілдері де сақталады.

Электронды жүйе қысқа мерзімді профилактикалық қызмет көрсету үзілістерін есептемегенде, тәулік бойы және күнделікті жұмыс жасайды.

3. Күнделікті орындарды бөлу

Балабақшалардағы бос орындар жыл бойына, күнделікті бөлініп отырады. Қала аумағы үлкейген сайын, орындардың жылжуы тез жүргізіледі.

Балабақша баланы балабақша есебінен шығарып, бұл операцияны жүйеде орындаған сәттен бастап, жүйе бос орынды лезде «ұстап», кезек күтушілер назарына бөлініске береді.

4. Ата-ана балабақшаға жолдама беріп, өзі орналастырады

Ата-ана электронды жүйеде өздігінен және жүйелі түрде кезектегі бос орындарды зерделеп, өз баласына ыңғайлы балабақшаны таңдай алады. Жүйе бүгінгі таңдағы қала балабақшаларындағы баланың жасына қарай барлық бос орындар туралы ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді.

Әрбір ата-ана жүйеде өзіне қажетті балабақшадағы бос орындар пайда болғандығы туралы хабарлама келетіндей, жүйені реттей алады.

Егер ата-ана балабақшадағы бос орынға таңдау жасаған болса, жүйеге электронды жолдама беру жөніндегі тапсырма береді. Бұл процесс кинотеатрға электронды түрде билет сатып алу ісіне парапар.

5. Балабақшаға жолдама беру ісіндегі шектеулі уақыт

Жүйе арқылы ата-анамен дайындалан электрондық жолдама шектеулі 5 жұмыс күніне жарамды. Осы мерзім ішінде ата-ана балабақшаға тіркелмесе, жолдама автоматты түрде күшін жояды.

Мерзімі өткен жолдама – балабақшаның шығыны, яғни балабақшаға баруы қажет басқа балалар. Сол себепті, ата-анаға қатысты шара алынады: жолдаманы пайдаланбаған ата-ананың арызы 10 жұмыс күніне тоқтамға (стоп-лист) қойылады.

Тоқтамға қойылған арыздар бос орындар бөлінісіне қатыса алмайды. Санкция мерзімі біткен уақытты, ата-ананың арызы бұрынғы шарттармен кері кезекке қойылады.

Егер жүйе екі не одан көп мерзімі өткен жолдамаларды тіркесе, онда ата-ананың өтініші кезектен мүлде алынып тасталады.

6. Өтініштің актуалдылығын жыл сайынғы растау

Кез-келген ата-ана арыз берген сәттен бастап, 12 ай өткен соң өтінішінің әлі актуалдылығын және әлі де кезегін күтіп отырғандығын растауы қажет.

Мұндай растау электронды түрде кезекті басқару жүйесі арқылы жүргізіледі. Осыған орай, жүйе ата-анаға алдын-ала растау жасау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды. Егер өтініш расталмаса, жүйе өтінішті кезектен алып тастайды.

Кезектегі өтініштердің 50%-ын актуалды емес өтініштер құрауына байланысты, растау қажеттілігі туындап отыр. Яғни, балабақша мәселесін оңтайлы шешкен ата-аналар (көшіп кету, жеке балабақша, елден кету) өтініштері актуалсыз.

Осылайша, аталған талап кезектің жаңарып отыруы мен тез жылжуын, мұқтаж жандардың балабақшаға тез қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қосымша мүмкіндіктер:

Кезектің жұмысына қойылатын барлық талаптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі 15 парақтан тұратын №337 Бұйрығына сәйкес реттеледі. Бұл бұйрықты «еdu.gov.kz» веб-порталынан табуға болады. Бұйрықта ең маңызды шарттар мен талаптар келтірілген.

Сондай-ақ қосымша төмендегі жаңашылдықтарға назар аударған жөн:

* Әрбір мекеме туралы ақпараттан тұратын балабақшалардың біріңғай реестрі;

* Кезекте тұрғандар, берілген жолдамалар мен бос орындар туралы ашық ақпарат:

* Жеңілдігі бар азаматтар үшін басым шарттар;

* Ерекше білім алу сұраныстарына ие балалар үшін кезек;

* Коррекциялық балабақшалар мен топтарға жолдама беру;

* Жүйедегі оқиғалар туралы электронды хабарламалар (17 түрлі хабарлама).

Техникалық жағынан электронды кезекті басқару жүйесі электронды-цифрлық қолтаңбасыз электронды түрде өтініш беруге жағдай жасауы қажет. Бұл, өз кезегінде өтініш беру рәсімін едәуір оңтайландырады.

Жүйедегі жеке мәліметтер «блокчейн» технологиясы арқылы барлық санкциясыз өзгертулерден сенімді қорғалуы қажет. Бұл технология жүйеде барлық ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді, тіпті қызмет көрсетуші техникалық инженерлер тарапынан болатын өзгертулерден де. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін максималды түрде тоқтатуға мүмкіндік жасайды.


Мақаланың шыққан күні: 14.05.2018 09:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2019 11:23

Қаралым саны: 985