Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі ММ Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі №25, 8-71-233 20860.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі,Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне і шкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Ветеринария бөлімі қызметін «Құрманғазы аудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы №6 Атырау облысы Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарылады.

Аудан әкімі өкіміне сәйкес штаттық саны – 7 адам бірлікті құрайды, оның нақты саны – 7 бірлік. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысына – 7 қызметкер жіберіледі. Мүдделер қақтығысы жоқ.

Ветеринария бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 414 –V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 –V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 -III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 -II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 –II «Ветеринария туралы» заңы;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысы.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 қаулысына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

1) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2017 жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша саны 9560 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

1) Ветеринариялық стансаның ветеринариялық дәрігерлері арқылы 2732 ветеринарилық анықтама берілді.

2) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 2017 жылдың 26 маусым жағдайы бойынша 15 өтініш келіп түсіп, өтініштері толықтай қанағаттандырылды.

3) 6813 Ауыл шаруашылық жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейленді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде құжаттар топтамасын жинақтауда жіберген қателіктері үшін 3 мемлекеттік қызметкері жауапкершілікке тартылып, ескерту түрінде тәртіптік шара қолданды.

Азаматтардың арыз – шағымдарын салуға арналған арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орнатылған, сенім телефоны 2-08-60.

«Баршамызға ортақ іс» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақала 2017 жылғы 30 – наурыздағы Серпер газетінің басылымына берілді.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық - балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің басқарушылық – ұйымдастыру қызметінде жкмқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басшылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 02:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 02:39