Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 11-тармағына сәйкес Көктоғай ауылдық округі бойынша азаматтардың құқықтық сауаттандыру және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралардың орындалысы туралы ақпарат

Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратымен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес азаматтардың құқықтық сауатын және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында аудан әкімінің 2017 жылғы 9 наурыздағы №59-ө өкімімен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен 2018 жылдың 25 маусымда Көктоғай ауылдық округіндегі тұрғындарына, еңбек ұжымдарына «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының аясында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді.

Аталған шарада сыбайлас жемқорлық қылмысының санатына негізінен лауазымды адамдардың жататындығы, сондай-ақ өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырған бөтен мүлік иеленіп алу немесе ысырап ету, тағы басқа осындай сияқты қылмыстардың барлығы жемқорлық арқылы жасалатындығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын әкімшілік барьерлерді барынша азайту, мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету сапасын арттыру, азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру бағытында да құқықтық ақпараттар берілді.

2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында қойылған міндеттерді түсіндіру жұмыстары барлық жерде де кең көлемде іске асырылды. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов және облыстық ақпараттық – насихаттық топтың мүшелері Көктоғай ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады


Мақаланың шыққан күні: 01.02.2019 15:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.02.2019 15:17

Қаралым саны: 796