Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11, факс 3-55-96, orly_okrug@mail.ru

Бақыланатын кезең: 2017 жыл қаңтар-маусым айларының қызметі

 

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №542 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 17.01.2017 жылғы №21 қаулысы бойынша округ әкімі аппаратының штатық саны – 6 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 6 бірлік. Есепті мерзім ішінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 адам жіберілген. Округ әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары қайта бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың 1, 2 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырған. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2017 жылы есепті мерзім ішінде 56 өкім шығарылып, 70 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары мен Әділет департаменті тарапынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысында көрсетілген 2 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы №308 қаулысы мен «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына сәйкес көрсетіледі:

1) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2017 жылдың 28 маусымындағы жағдай бойынша жалпы саны – 34 мемлекеттік қызметттер көрсетілген. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған;

ІV. Округ әкімі аппараты рұқсат беру және бақылау - қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.

V. Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімі аппаратына 2017 жылдың 28 маусым жағдайы бойынша барлығы 83 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 82, заңды тұлғадан 1 өтініш. Оның ішінде қаралғаны 69, қанағаттандырылғаны 62, жазбаша түсіндірілгені 7, қаралуда 14. Мерзімі ұзартылып қаралған өтініштер саны 3. Округте жер учаскесіне кезекте тұрған азаматтар саны 63. 2017 жылы ХҚКО-ғы арқылы жер мәселесімен 7 өтініш түскен, барлығы да уақтылы аудандық құрылыс бөліміне жолданып, заңдылыққа сай мерзімінде қаралған.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған. Күні бүгін сенім жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында 3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың толықтығы, объективтілігі, негіздемесі қорытындылап, қарастырылды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мерзімдер мен қарастыру тәртібі қатаң сақталған. Есептілік мерзімінде құжаттарды орындау мерзімін бұзуға жол берілмеген. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне байланысты шағымдар келіп түспеген.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары басшылыққа алынып, жоспарға сай тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылданған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекіліктерді орналастыру бағытында «Пара беру бас бостандығынан айырады» атты жадынама кеңсе ғимаратына, «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты бильборд Орлы ауылының ішіне ілінген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 06:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 06:32