Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.04.2018

Қызметтер

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың І тоқсанына орындалысы

Т.А.Ж.

Мәселенің мазмұны

Орындалысы

Атырау облысы әкімінің есебі

 

Рауан Тұрғантай -

Атырау қаласы СМП-163,

№5 «б» үй тұрғыны,

3 топ мүгедегі

Мүгедектерге арналған демалыс орнын салу, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтарда № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама беру мемлекеттік сатып алу арқылы кезек ретімен жүзеге асырылады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қолданыстағы зандылықтарға сәйкес 2%-4%-ға дейін жұмыс орындарының квотасы бекітілді.         

2017 жылы хабарласқан 639 мүгедектің 591-і (92,5%) жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

Қалған 48 адамды өткен жылдың соңында хабарласуына байланысты жұмыспен қамту шаралары ағымдағы жылы алынатын болады.

 

Көшенов Жавкен - Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің жертөлелерін тиімді және мақсатты пайдалану

Күні бүгінде Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін тиімді және мақсатты пайдалану мақсатында заңдылық құжаттары жасақталып, қаламыздың коммуналдық меншігіне қабылдануда. Содан кейін орынжайларды жалға беру немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Әділгерей –

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау – Астрахан, Атырау – Ақтөбе тас жолдарының бойына жасыл желектер егу

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және жануарлар дүниесі комитетінің бюджеттік бағдарламасы аясында 1 791 гектар жерге жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аталған учаскеде орман жолағын отырғызудың жобалау-сметалық құжаттары жасақталады. Жобалаушы болып Астана қаласының жасыл аймағын құруды дайындаған Алматы қаласының ғылыми-зерттеу институты анықталды.   

Атырау қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі
2017-2024 жылдарға арналған жобасы жасақталып, алға қарай жасыл желектерді егу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Сүлейменова Сандуғаш - Атырау қаласы 496 разъезд тұрғыны

Экологиялық жағдайға байланысты Қарабатан елді мекенін көшіру немесе балабақша, мектеп, аурухана салу

Аталған елді мекендер осы маңда орналасқан «Болашақ» зауытының санитарлық қорғау аймағына кірмейтіндіктен, тұрғын үй қатынастарына қатысты заңнамаларда жергілікті бюджеттен көшіру процессін қаржыландыру қарастырылмаған. Қаржы мәселесін қарастыру мақсатында инвесторлар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Алунаева Н. –

Атырау қаласының тұрғыны

№1 қалалық емханаға жөндеу жұмыстары бірнеше рет жүргізілгенімен, ескі болғандықтан, оның нәтижесі көрінбейді.
№1 емхананың ғимараты типтік үлгіде болмаған. Жаңа ғимарат салу

Қалалық №1 емхана Атырау қаласы Студенческая 196 мекен-жайда бейімделген ғимаратта орналасқан, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытында жасалып келеді. Осыған байланысты, жаңа типтік жобада емхана салу жоспарда жоқ.

 

Сауенов Мақсат - Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 105 үйдің маңына балаларға арналған ойын және футбол, баскетбол алаңдарын салу

Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы
5 көпқабатты (Махамбет көшесі 128,128а, Авангард 3ы/а №31,32, Нұрсая ы/а-№85,86,87, Балықшы ы/а №26,26а, Азаттық 71- Молдағалиева №5,7) тұрғын үйлер ауласын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жоба ішіне «Нұрсая» ықшам ауданындағы №85,86,87 тұрғын үйлердің ауласы да енгізіліп, онда тұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолын кеңейту, түнгі жарық шамдарын орнату, заманауи үлгідегі  кіші футбол, спорттық-жаттығу, балалар ойын алаңдарын және қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарастырылған.

Осыған байланысты, күні бүгін қала аумағынан ойын алаңдары орнату мүмкіндігі бар учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде және Нұрсая ықшам ауданындағы 105 үйдің аумағынан техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін  бос жер телімдері анықталған жағдайда  жобаға енгізілетін болады.

 

Өтеғали Сәттегі -
Атырау қаласының тұрғыны

Қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру

Атырау қаласында 2017-2022 жылдарға арналған қоғамдық көліктің кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Әбіләзім Абылай - Атырау қаласының тұрғыны

Қала мен қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктер санын көбейту

Ағымдағы жылы жолаушылар тасымалдаушы мекемелер, яғни «АйсТрансХолдинг» ЖШС-гі 15 автобуспен,  «Автомобиль» ЖК-і
5 жаңа Газель автокөлігімен толықтырылды. 

Сонымен қатар алдағы уақытта «Автомобиль» ЖК-і №5 маршрутын жаңа  Газель автокөліктерімен толықтыру жұмыстары көзделуде.

 

Ескалиева Жанар - 

Атырау қаласының тұрғыны

 

 

Атырау облыстық жүйке аурулар ауруханасының ғимараты ескі. Жаңа ғимарат салу 

Атырау қаласында 80 орындық жүйке тамырлар ауруханасының құрылысын салу «НКОК Н.В.» компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар» бағдарламасы аясында іске асыру жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманың мерзімі
3 жылдан асып кетуіне және құрылыстың сметалық құндары қазіргі нарықтық бағаға сәйкес келмеуіне байланысты, жобаға түзету енгізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады деп күтілуде.

 

Мураткалиева Санжан -

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсая ықшам ауданында асфальтталған жаңа аялдамалар орнату

 

Нұрсая ықшам ауданында және басқа да ықшам аудандарда  жаңа аялдамаларды орнату жұмыстарын алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру жоспарлануда. 

 

Мураткалиева Санжан -

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсаядағы жұқпалы аурулар ауруханасы өте үлкен ғимарат. Сол аурухана ғимараты ішінен Нұрсая ықшам ауданы тұрғындары үшін емхана ашу

2016 жылы салынып пайдалануға берілген жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінгі күні №2 облыстық ауруханаға өзгертіліп, бірнеше бөлімшелер ашылса, соның ішінде емханалық бөлімшесі де  жұмыс жасауда.

 

Сисенгалиева Жанель Каирбековна –

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын ауыстыру

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан тозығы жеткен балалар ойын алаңдарына ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

 

Шамғонов Амангелді -

 

Биылғы жылы Исатай Тайманұлының қаза тапқанына 180 жыл. Еске алу шараларын ұйымдастыру

 

Исатай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
2018 жылы Халық батыры Исатай Тайманұлының қаза тапқанына 180 жылдығына  орай, облыстағы мәдениет мекемелерімен
74 мәдени іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен қатар, облыс бойынша И.Тайманұлына арналған түрлі дөңгелек үстелдер, әдеби және тақырыптық кештер, тақырыптық сағаттар және т.б. іс-шаралар өткізіледі.

 

Қалмұқашев Ғалым - Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылында ұялы байланыс орнату

 

 

Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округіне ұялы байланыс орнату үшін «Кар-Тел» ЖШС-нің бас атқарушы директоры Т.В.Пархоменкоға ұялы телефон «Beeline» байланысының базалық станциясын орнату жөнінде 2018 жылдың сәуір айында сұраныс хаты жолданған болатын, алайда ұялы байланыс орнату шешімін таппады.

 

Қалмұқашев Ғалым - Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

Құрманғазы ауданы Ұштаған селосындағы 1973 жылы салынған мәдениет үйі 2013 жылы апатты деп танылуына байланысты, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Ескі мәдениет үйінің орнына жаңадан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда.

Облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған инвестициялық жобасына енгізілді.

 

Құмарғалиев Сағытжан - Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

 

Ф.Оңғарсынованың және Ж.Нәжімеденовтің ескерткіштерін М.Өтемісов атындағы драма театрының, Атырау мемлекеттік университетінің алдына немесе орталыққа орнату 

Ескерткіш қаланың тарихын көрсетумен қатар, халық барып демалатын, серуендейтін көрікті орын болып табылады. Осыған орай, оны орнатуда белгілі бір ашық алаңдар таңдап алынады.

Ф.Оңғарсынова мен Ж.Нәжімеденовтың ескерткіштерін орнату үшін олардың орнатылатын мекен-жайы республикалық комиссия арқылы біржолата келісіледі, өйткені, ескерткіш орнату үлкен қаржылай шығынды қажет етеді.

Сол себепті, аталған ескерткіштерді М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрының, Атырау мемлекеттік университетінің алдына немесе орталыққа қайта орнату тиімсіз.

 

Көргенов Махмуд Көргенұлы -
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау қаласының Жайық жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу

 

 

Қазіргі уақытта  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпіріне дейінгі аралықтағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сонымен қатар, аталған жобаға қосымша күні бүгінде Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпірінен теміржол көпіріне және Тұрғындар қалашығынан Темірханов көшесіне дейінгі аралықтардағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

 

Көргенов Махмуд Көргенұлы -
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау ықшам ауданы Т.Нсанов, Буровиктер және №43 көшесіндегі үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу

Атырау қаласының «Атырау» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу мақсатында өзі ағындық кәріз жүйелері (кіші кәріз сорғы стансасының құрылысымен бірге) құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамасының аяқталысымен қаражат көзінің бөлінуіне қарай 2019-2020 жылдарға жоспарлануда.

 

Оразова Зоя - 
Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының Огородный көшесіне балалар ойын алаңын орнату

Атырау қаласының тұрғын үйлер аумағына заманауи үлгідегі ойын алаңдары жиынтығын орнату жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстарына қаражат көзі қарастырылуда.

Осыған орай, қазіргі уақытта қала аумағынан ойын алаңдарын орнату мүмкіндігі бар учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.  Огородный көшесі аумағынан техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін бос жер телімдері анықталған жағдайда, жобаға енгізілетін болады.   

 

Хабиров Габдибек -

Атырау қаласының Нұрсая ы/а тұрғыны

Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданының жылдан жылға өсіп келе жатқандығын және онда орналасқан жолдардың тарлығы салдарынан автокөліктердің жүруіне қиындықтар туғызатынын ескеріп, жолдарды кеңейту мәселесін шешу  

Қазіргі таңда «Нұрсая» ықшам ауданындағы жол көлік оқиғаларының алдын – алу және аталған ауданда көлік кептелісін болдырмау мақсатында Ғабдиев, Маденов көшелері мен Бейбарыс даңғылын кеңейту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұрсая» ықшам ауданындағы «Болашақ» тұрғын үй кешенінен Маденов көшесіне дейінгі аралықтарға автокөлік жолы құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарлануда.

 

Зинетолла Керей -              зейнеткер, теміржол саласының ардагері, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Теміржол мөлтек ауданының тұрғыны

Исатай ауданының орталығы Аққыстаумен жаңадан салынған Өркен елді мекен арасын бөліп жатқан теміржолдан өтетін өткелдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша үш жерден теміржол асты өткелін салуды қарастыру

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы теміржолдағы жаяу жүргінші өткел құрылысын жоспарлау барысында алдымен теміржол асты өткелін салу да қарастырылған болатын. Алайда, Өркен елді мекенінде жаңа құрылыстар салынып, тұрғындар санының өсуіне байланысты, теміржол үсті жаяу жүргінші өткеліне тиісті орындардан рұқсат алынды және Аққыстау ауылының бас жоспарында теміржол асты өткелі құрылысын салу қарастырылмаған.

 

Жумагалиева Сания -

Атырау қаласы Жұмыскер-2 ауылының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласының Водников-2 ауылына жол, балабақша, мектеп, емхана құрылысын салу және қоғамдық көліктердің қатынауын ұйымдастыру

Атырау қаласы «Водниково-2» ауылының ұзындығы
23,6 шақырымды құрайтын 34 көшесіне жол құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ, 2018 жылы Атырау қаласы Көкарна селосынан дәрігерлік амбулатория салу көзделіп отыр, 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді

 

Ибатолла Сәтенұлы -

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Аудан орталығы Аққыстау селосында биылғы жылы салынатын 320 орындық кәсіптік лицейдің орнына Аққыстау және Тұщықұдық селоларында орта мектептер құрылысын салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округінде 320 орындық  кәсіптік  лицейі (100  орындық жатаханасымен)  құрылысын салу үшін қаржысы қаралып, қазіргі кезде «ДанСтройБаза ЛТД» ЖШС-гі арқылы құрылыс жұмысы басталады.

Сондықтан, кәсіптік лицейдің орнына Аққыстау және Тұщықұдық ауылдарында орта мектептер құрылысын салу мүмкін емес.

 

Ибатолла Сәтенұлы -

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Биылғы жылы Атырау қаласының орталығынан Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсембаев, Қ.Ахмедьяровтарға ескерткіштер орнату мәселесін қарастыру

 

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, ақын, халық жазушысы Ә.Сәрсенбаевтың, Х.Ерғалиевтың және күйші, домбырашы Қ.Ахмедияровтың  ескерткіштерін орнатуға жобалар жинақталып, республикалық комиссияның қарауына ұсынылып, Ә.Сәрсенбаев пен Қ.Ахмедияровқа ескерткіш орнату мәселесі республикалық комиссияның оң шешімін алды.

Ал, Х.Ерғалиевтың  ескерткішін орнатуға ұсынылған жобалар қолдау таппағандықтан, қайтадан конкурс жарияланатын болады.

 

Ибатолла Сәтенұлы -

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласында құрылысы басталып аяқталмай тұрған концерт залын пайдалануға беру

 

 

Атырау қаласында құрылысы басталып, аяқталмай қалған концерт залы құрылысының жобасына түзету енгізу жұмыстары басталды.

 

Ибатолла Сәтенұлы -

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласындағы ескі тарихи орындар мен тарихи маңызы бар нысандарды қалпына келтіру

Атырау облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Самұрық қазына»" АҚ-ның ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына демеушілік қызмет көрсету жөніндегі ұсынысына Атырау қаласы Б.Жарбосынов көшесі, 16 мекен-жайдағы 1917 жылы бірінші кеңес депутаттары орналасқан емхана ғимаратына және М.Исенов көшесі, 48 мекен-жайдағы "Болашақ-К" диагностикалық орталығы ғимаратына реставрациялық жұмыстар жүргізуге  ұсыныс берілді.

Биылғы жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау қаласы іргесіндегі Ақтөбе-Лаэти қалашығының сақталуын күшейту мақсатында қалашықтың аумағын темір шарбақпен қоршау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, биылғы жылы Исатай-Махамбет мемориалдық кешенін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

 

Сейтжанов Орысбай -

Атырау қаласы Лесхоз ы/а, №22а үй тұрғыны

Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйдің жертөлесін қалпына келтіру жұмыстары

Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйдің жертөлесін судан тазарту жұмыстары  «Талғатжан» пәтер иелері кооперативімен жүргізілуде.

 

Мзимов Мұрат -

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласында тұрғын үйлерге қызмет көресететін пәтер иелерінің кооперативтері (КСК) қызметтерінің сапасын жақсартып бір жүйеге келтіру  

Қаладағы 977 көп қабатты тұрғын үйдің  849 үйі пәтер иелері кооперативтерімен басқарылса (КСК), қалған 128 үй иесіз үйлер қатарында. Қазіргі таңда  қаладағы иесіз үйлер тізіміне енгізілген көп қабатты тұрғын үйлерді қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалалық әкімдікпен кондоминиум объектісін басқарушы органдардың жұмысын жетілдіру мақсатында қалалық әкімдікпен «Е-ПИК» жобасы іске асыруда. Бұл жоба пәтер иелері кооперативтері мен қала тұрғындары арасындағы байланысты жақсарту үшін арналған.

Атырау қаласы әкімінің есебі

 

Мусин Мұрат -
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласындағы Қайыршақты ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарығы мәселесін шешу

 

 

Атырау қаласы әкімдігі тарапынан қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізімі (оның ішінде Қайыршақты ауылдық округіне қарасты көшелері де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Күні бүгінде көшелер тізімі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттарын жасақтайтын мердігер мекемелерді анықтау мақсатында ашық  электронды конкрусқа қажетті құжаттар дайындалуда.

Ал, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы іске асырылатын нысандардың тізіміне енгізілген.

 

Мусин Мұрат -
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласындағы Қайыршақты ауылдық округінде жоспарланған
4 мектептің және 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттарының уақытылы аяқталуы

Қазіргі таңда Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінде жоспарланған  4 мектептің және 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Ажигалиева Венера – Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласынан Оңалту орталығын ашу

 

Облыстық балаларды оңалту орталығы 2000 жылы ашылып, жұмыс жасауда. Сыйымдылығы 71 балаға арналған, жылына орта есеппен 900-дей бала қабылданады. Оңалту орталығы ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді медициналық, педагогикалық-психологиялық көмек көрсетеді.

Облыстық оңалту орталығы аудан, қаланың барлық балаларын қамтуда. Орталықтың ғимаратын кеңейту мақсатында 2018 жылы қосымша ғимарат салу жоспарлануына байланысты, қалада оңалту орталығын ашу қажеттілігі жоқ.

Атырау қаласында 2018 жылы педагогикалық-психологиялық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

 

Әубекеров Қали –
Атырау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Атырау қаласында салынып жатқан жаңа аудандарға кәріз желісін тарту

Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты 11 елді мекендерге («Мясокомбинат», «Атырау», «Сарықамыс-2», «Нұрсая», «Самал», «Жерұйық», «Лесхоз-2», «Мұнайшы» ықшам аудандары мен «Өркен», «Өркен-2», «Балауса» ауылдарына)   жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу мақсатында өзі ағындық кәріз жүйелері (кіші кәріз сорғы стансасының құрылысымен бірге) құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.

 

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының орталығынан Ұлы ақын, жазушы Абайға ескерткіш орнату

Ұлы ақын, жазушы А.Құнанбаев ескерткішін Атырау қаласындағы Абай көшесінің бас жағына, яғни Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдыңғы жағына орнату қарастырылуда. Ескерткішті орнату мәселесі Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы «Көркемдік кеңеспен» қаралды. Ескерткіш орнатуға жер мен қаржы мәселесі шешілген жағдайда ҚР-сы Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату» жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

 

Келдібаева Ақау – Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің тұрғыны

Атырау қаласының Еркінқала ауылындағы  мектепке баратын Есқалиев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын және көше жарығын салу

Атырау қаласы аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізімі (оның ішінде Еркінқала ауылдық округіне қарасты Есқалиев көшесі де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Қазіргі таңда көшелер тізімі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттарын жасақтайтын мердігер мекемелерді анықтау мақсатында ашық  электронды конкрусқа қажетті құжаттар дайындалуда.

Ал, түнгі жарық шамдарының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында жүзеге асатын болады.

 

Алмашева –
Атырау қаласы Балықшы  тұрғыны

Атырау қаласында Балықшы ықшам ауданының Ғ.Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы №1 және №7 тұрғын үйлерді бұзуды қарастыру

Атырау қаласы Балықшы кенті Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы №1 және №7 тұрғын үйлер қала бойынша бұзылуға жататын үйлер тізіміне енгізілген. Аталған үйлердің бұзылу мәселесі тұрғын үй құрылысының салынуына қарай іске асырылатын болады.

Жылыой ауданы әкімінің есебі

 

Шығамбаева Зоя -
Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық Оңалту орталығын кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс арқылы салу

Жылыой ауданында 460 бала жастан мүгедек бала бар. Онын мүмкіндігі шектеулі 333 бала. «Жалғыз басты қарттар  мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету» аймақтық орталығында
96 мүмкіндігі шектеулі бала қамтылған.

Аудандағы орта мектептер бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 148. Аудандық білім бөліміне қарасты №2 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Ондағы бала саны – 90. Аталған мекеме қазіргі таңда №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің ғимаратын өтеусіз негізде келісім шартпен
5 кабинетін 1 блогын пайдаланып отыр. Материалдық-техникалық базалары  жеткілікті. Мамандармен толық қамтылған.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Жылыой ауданында шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталығын салу қажет емес.

Индер ауданы әкімінің есебі

 

Мұханбетқалиева Шолпан – Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны

Индер ауданындағы «Тұздыкөл» көлін халық игілігіне пайдалану, курорттық емдеу кешенін салуды, автомобиль жолдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын салуды қарастыру

2017 жылы Индер ауданындағы тұзды көлді зерттеу мақсатында конкурс ұйымдастырылып Атырау мұнай және газ университеті жеңімпаз атанды.

Зерттеу жұмыстары 2017 жылдың қазан айында Ресей Федерациясы Пятигорск мемлекеттік емдеу-сауықтыру ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесе отырып жүргізілді.

Қазіргі уақытта, бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстағы ірі өндіріс орындарына демеушілікпен немесе инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру үшін ұсыныстар берілуде.

Исатай ауданы әкімінің есебі

 

Дүзбаева Қарлыға -  Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық Білім бөлімінің әдіскері

Исатай ауданы Аққыстау ауылының Аққыстау орта мектебінде оқушы санының көп болуына байланысты мектеп жанынан қосымша ғимарат салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық  округіндегі «Жалпы білім беретін Аққыстау  орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне
200 орындық жалғама құрылысын салу жобасы  аудан  әкімінің  2019-2021 жылдарға  арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізіліп, құрылысты  салуға қажетті жобаның сметалық құжаттамаларын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

 

Сиыхова Әлия - 
Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер

Ауруханада мамандардың жетіспеуі, мамандарды оқыту мәселесі, дәрігерлердің тұрақтауы үшін жағдай жасау

Исатай ауданы бойынша жоғары медициналық оқу орындарын бітірушілермен алдын ала сөйлесу жүргізіліп, 9 бітірушімен
(2 акушер гинеколог, 4 жалпы тәжірибелі дәрігер,1 терапевт,
1 педиатр, 1 кардиологпен) келісім шарт жасалынды. Күні бүгінге дейін бітірушілерге ай-сайын ынталандыру ақысы төленіп келеді. Барлық болашақ медициналық мамандарға Исатай ауданы әкімі тарапынан келісім шарт негізінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі .

Құрманғазы ауданы әкімінің есебі

 

Хайрлиева Татьяна Павловна – Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі Жұмекен ауылының тұрғыны, педиатр-дәрігер

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін
100 орындық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда және жоба құны дайындалуда.

Сондай-ақ, Ганюшкин ауылы, Самаркин елді мекенінен жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделуде.

Қызылқоға ауданы әкімінің есебі

 

Омаров Зинеден –
Қызылқоға ауданының тұрғыны, зейнеткер

Сағыз ауылында орналасқан «Балбұлақ» бөгетін жөндеу

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында орналасқан «Балбұлақ» су қоймасын қайта қалпына келтіру мақсатында Қызылқоға ауданы әкімдігімен қазіргі таңда аталған бөгет жерінің құжаттарын анықтау жүргізіліп жатырғандығын және жұмыстар аяқталғаннан кейін алдағы уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау мәселесі қаралатын болады.

Мақат ауданы әкімінің есебі

 

Шәйкиев Марат - 

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіне перрон салу

 

 

Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан темір жол вокзалына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша – аталған перронның жергілікті атқарушы органның балансында болуына байланысты, «Қазақстан темір жолы «Вокзал-сервис» АҚ-ның балансына беру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған темір жол вокзалына жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018-2020 жылдарға жоспарлануда.

 

Шәйкиев Марат - 

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы мектептің спорт залын күрделі жөндеуден өткізу

Мақат ауданының Доссор кентінде жаңадан салынған О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің келісім шарттағы кепілдік мерзімі 2019 жылғы қаңтар айына дейін болуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмай отыр.

Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар жасақталып, жұмыстар жүргізілетін болады.

Махамбет ауданы әкімінің есебі

 

Оразғалиев Мәндірғали – Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» ҚБ төрағасы

Округ әкімдерінің өз округтерінде тұру мәселесін ұйымдастыру

 

 

Махамбет ауданы бойынша 10 ауылдық округ бар. Күні бүгінге
7 ауылдық округтің әкімдері тұрғылықты жерден сайланған.
3 ауылдық округ әкімдерінің лауазымдары бос (Ақтоғай, Махамбет, Жалғансай). Тұрғылықты жерден ауылдық округ әкіміне үміткерлерді анықтап, ағымдағы жылдың мамырында Ақтоғай, Махамбет, Жалғансай  ауылдық округ әкімдеріне сайлау өткізіледі.


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2018 01:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.04.2018 16:25