Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ «ИСАТАЙ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ«ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ «ЖАЛЫН» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

«Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін кәсіпорын директорының 2020 жылғы 15 қаңтардағы 12 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы–2019 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4 адам жұмысқа қабылданды. 3 маман, 1 техникалық қызметкер.

2) Мүдделер қақтығысы-2019 жылғы ІІ жартыжылдығы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Кәсіпорын бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) Рұқсат беру функциялары – кәсіпорында рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру кәсіпорында бақылау функциялары іске асырылмайды;

6)Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі №135 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Исатай ауданы мәдениет,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысы.

2) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- бөлімге: Атырау облысы әкімі А.Н.Ногаевтың 2019 жылғы 10 маусымдағы 01-23-7/18 аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмасы негізінде тексеру жүргізілді. Бақылау түрі: сәйкестік аудит. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмаған.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жоқ

4) Кәсіпорынға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–кәсіпорынға 2019 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша 4 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Сонымен қатар кәсіпорын орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi: жоқ

6) сот актілері-басқарма бойынша сот актілері түскен: жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Қ.Зайнова

М.Бердібек

Н.Бижанов


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 18:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 18:07

Қаралым саны: 229