Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Қытайлық делегациямен кездесу бойынша ақпарат

Қытайлық делегациямен кездесу бойынша ақпарат2017 жылдың 26 шілдесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Лұқпановтың «Sichuan Yuantong oil and gas Construction Engineering Co LTD» компаниясының Құрылтайшысы Лию Вэй (Liu Wei) ханымның төрағалығымен қытайлық делегациямен кездесуі болып өтті.

Кездесуде «Облыстық деңгейдегі автокөлік жолдары, газ және су құбырлары құрылысының жобасын» іске асыруға байланысты сұрақтар талқыланды.

Компания Құлсары-Мұқыр бағытындағы автокөлік жолы құрылысының жобасын жергілікті «Қызыл-Тас Атырау» ЖШС компаниясымен бірлесіп іске асыруды ұсынды және 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Егжей-тегжейлі талқылау мақсатында, қонақтардан аталған жобаны іске асыру бойынша баға ұсынысын беру сұралды.

Кездесу аясында әлеуетті қытайлық инвесторларға шетелдік инвесторлар үшін арнайы жеңілдіктері мен артықшылықтары бар Арнайы экономикалық аймақтың территориясында мұнай-химия өндірісін ашу ұсынылды. Сонымен қатар, облыста бутадиен өндірісін ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Қытай тарапы осы мәселе бойынша қызығушылық танытты.

Ағымдағы жылдың тамыз айында аталған сұрақты егжей-тегжейлі талқылау мақсатында бутадиен өндірісі саласында мамандандырылған қытайлық компанияның іссапары жоспарлануда.

Сонымен қатар, делегацияның қарауына облыс аумағында іске асырылуы жоспарланып отырған, инвестиция салуды қажет ететін инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды.


Мақаланың шыққан күні:: 01.08.2017 07:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.08.2017 07:48