Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

«2016-2018 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспарының» Атырау облысы бойынша 2017 жылға орындалысы туралы ақпарат

Облыста 2016-2018 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар жоспары жүзеге асырылуда:

 

36-тармақ Мемлекеттік органдармен ашық бюджеттерді жариялауды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және есептерді қоғамдық талқылау және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің               2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1271 «Ашық бюджеттер интернет-порталына ақпаратты орналастыру Қағидасын бекіту туралы» бұйрығы басшылыққа алынып, барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері және бюджеттік қаржының игерілуіне жауапты уәкілетті орган «Ашық үкімет» egov.kz сайты интернет порталының Ашық бюджет бөлімінде, budjet.kz сайтында және облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz сайттарына бюджеттік бағдарлама жобалары мен есептемелері уақтылы орналастырылуда.

 

122-тармақ 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес (бүгінгі күні 1000 тексерілгенге 1,3) АА анықтаумен қатар тәуекел тобын флюрографиялық тексерумен толық қамтуды (халық санынан 50%-нан кем емес) қамтамасыз ету

2017 жылы тәуекел тобын флюрографиялық тексерумен толық қамту 42,5% (барлық тексерілген тұрғындардың есебінен) құрады, 1000 қаралғанға – 2,7 ТБ анықталды.

 

128-тармақ АИТВ/ЖИТС-пен ауыратындардың ретровирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілуін арттыру

Ретровирусқа қарсы терапия препараттарымен қамтамасыз ету-100%.

2017 жылы ретровирусқа қарсы терапияға (РҚТ) – 133 емделуші мұқтаж болды, 124 емделуші РҚТ емделуімен қамтылған, бұл 93,2%-ды құрады.

 

132-тармақ  БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру жәнежәне білім беруді ана сүтімен тамақтандыру және  бала күтімі бөлігінде қоғам мен ҮЕҰ-ны тарту қамтамасыз ету

Ана сүтімен тамақтандыру және бала күтімі сұрақтары бойынша келесідей шаралар атқарылды:

1. Учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер арасында микроучаскелер бойынша чат, бөлім меңгерушісі мен аға мейірбикелердің аз қамтылған тұрғындармен және тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтары арасында бөлек чат ашылды. Халыққа ақпараттандыру жүргізілді. Көпшілікке арналған кітапша (брошура) таратылды.

2. Емханаларда ИВБДВ каскадтық әдіс бойынша - 204 рет тренингтер өткізілді, оқыту - 100%.

3. Дени сау сәби бөлмесінде жоспарлы түрде: 3 айлық сәбилердің - 384 аналарымен, 6 айлық – 320 және 12 айлық сәбилердің – 192 аналарымен ана сүтімен тамақтандыру бойынша семинар сабақтары өткізілді.

 

134-тармақ Балалар жарақаттанушылығынан, оқыс жағдайлардан  болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша шаралар жоспары іске асыру (5 жасқа дейінгі балалардың әрбір бесінші өлімінің  себебі)

«Жол картасына» сәйкес балалар жарақаттанушылығынан, оқыс жағдайлардан болатын өлім көрсеткішін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Күн сайын 5 жасқа дейінгі балаларды патронажды қадағалау, мектептерде профилактика жөнінде санитарлық ағарту жұмыстар жүргізіледі.

 

136-тармақ  Екі өңірде созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу. Сынақтан өткізу нәтижелерін ескере отырып, 3 облысқа пилоттық жобаны тарату

Қыркүйек айынан бастап 3 мекемеде созылмалы ауруларды Басқару бағдарламасы енгізілді. Сондай-ақ  АГ, ЖМҚБ-дан кейінгі қант диабеті бар науқастарды анықтайтын 14 ЖТД және 14 мейірбике қамтитын пилоттық жоба аяқталды. Нәтижесінде бағдарлама қамтыған науқастардың 53 пайызында  АҚҚ қалыпқа келген жағымды өзгеріс, қан көрсеткіші және емделуге жатқызу азайғаны  байқалды.

 

143-тармақ Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу тармағының жыл сайын бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу жоспары бекітіліп, осы жоспарға сәйкес, іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі.

2017 жылы облыс бойынша 599 іс-шара  ұйымдастырылып, оған 68732 адам қатысқан. Оның ішінде 378 іс-шара ауылдық жерде өткізіліп, 27596 ауыл тұрғындары қатысқан.

 

148-тармақ Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

Облыс бойынша бастауыш сынып мұғалімі – 2535. 2017 жылы  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Педагогикалық шеберлік орталығы» Атырау облысы филиалынан – 173, «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан – 543 мұғалім курстан өтті.

 

156-тармақ  Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

Атырау облысында барлығы 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  (18 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес) жұмыс жасайды.

Облыстағы 25 колледжде 17 178 студент (күндізгі бөлімде – 14 908 студент) 74 мамандық бойынша білім алуда. Олардың 67,8% мемлекеттік, 32,1% жекеменшік колледждерде оқиды.

Барлық білім алушылардың 87% күндізгі бөлімде  (14 908 студент), 12,2% сырттай бөлімде (2 172 студент), 0,5% кешкі бөлімде (98 студент) білім алуда.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 2017-2018 оқу жылына тегін техникалық және кәсіптік біліммен 250 студент, жұмысшы мамандықтарына 2108 адамды тегін жұмысшы мамандықтарына оқыту  жүргізілуде.

Облыс әкімінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №231 «2017-2018 оқу жылы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы әзірленді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы мамыр айында өткізілді. Мемлекеттік тапсырыс көлемі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне жүргізген мониторингі сараптамасына сәйкес қалыптастырылды.

 

158-тармақ Мектепке 10 күн ішінде келмеген балаларды есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету

Атырау облысында балалардың сабаққа қатысуына ай сайын мониторинг жүргізіліп, оқумен қамтылмай отырған балалардың мәселесі үнемі бақылауда.

Жаңа 2017-2018 оқу жылының басынан оқуға қамтылмаған 20 бала есепке алынды. Оның 19-і «көші-қон», 1-уі – «оқысы келмейді» себептерімен. 

«Оқығысы келмейді» себебімен сабақтан қалған Қызылқоға ауданы, Аманшин орта мектебінің оқушысы Аманқосов Аянның мәселесі мектепте,  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қызылқоға аудандық комиссияда қаралып, оқушы сабаққа қамтылды. Бүгінгі күні сабаққа қатысы қатаң бақылауға алынған.

«Көші-қон» себебімен қамтылмаған оқушылардың отбасыларының Атырау территориясында болмауына байланысты, сабаққа қамту мүмкіндігі болмады. Оқушылардың отбасыларын мекен-жайларын анықтау бойынша Атырау облысы Ішкі істер департаментіне сұраныс хаттар жолданды. Нәтижесінде ішкі істер органдарының іздеуімен 2 оқушының (А.Бағытжанқызы, А. Қабдол) Қазақстан Республикасы территориясынан Түркия еліне шығып кеткені анықталып (Ішкі істер басқармасының хаты жалғанды), мектептің есебінен шығарылды.

Желтоқсан айындағы мәліметке сәйкес 17 оқушы «көші-қон» себебімен сабаққа қамтылмаған. Қазіргі кезде оқушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

 

159-тармақ Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балаларды жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Облыстағы мектептері жоқ елді мекендер саны - 51, ондағы мектеп жасындағы бала саны – 1944, оның ішінде мектеп маңындағы интернатта  тұратыны – 234, туыстарының үйінде тұратын – 44, күнделікті мектепке өздігінен баратын бала саны – 198, қалған 1 468 бала күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз етіледі.

    

145тармақ Білім беру саласының өзекті тақырыптары бойынша ақпараттық кеңістіктің өзгеруін әрдайым қадағалау мақсатында баспа БАҚ-тарда тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету

170тармақ Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім саласындағы жетістіктер туралы материалдарды әзірлеу және отандық БАҚ-тарда орналастыру

192 тармақ Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы қоғамды ақпататтандыру бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім саласындағы жетістіктер, білім беру жүйесін ақпараттандыру  туралы 2017 жылы ІV тоқсанда облыстық «Атырау» газетінде 15, «Прикаспийкая коммуна» газетінде 9, аудандық газеттерде 5 мақала жарық көрді.

 

171-тармақ Телеарналардағы арнайы бағдарламаларға спикерлердің қатысуын ұйымдастыру (сұхбат)

«Қазақстан-Атырау» телеарнасы арқылы білім беру басқармасының басшысымен, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшыларымен  сұхбаттар ұйымдастырылды.

 

172-тармақ Танымал блогтар мен алаңдарда білім беру саласының басым бағыттары бойынша посттарды орналастыру, әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүзеге және ілгерілету

«Фэйсбук» әлеуметтік желісінде және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсында білім беру саласының басым бағыттары бойынша жариялымдар жарияланып тұрады.

 

173-тармақ Білім беру мазмұнын ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкетіктес жаңарту

Білім беру мазмұнын ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытуға  1- сыныптар,  2017-2018 оқу жылы 2,5,7- сыныптар көшті.  Өткен оқу жылы білім сапасы 57,3% . НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі -100%.

 

176-тармақ  Оқушылардың халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету

Атырау облысы бойынша 27 оқушы халықаралық ғылыми жобаға және олимпиадаларға қатысты. Олар: Нова Гамбург (Бразилия) қаласында өткен «MOSTRATEC», «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер халықаралық ғылыми жарыстарына, О.Жолдасбеков атындағы математика және механиканы зерттеу жұмыстары мен Infomatrix – Asia&Pacific халықаралық ғылыми жоба конкурстарына қатысып 8 оқушы жүлделі орындарға ие болса, халықаралық VIII Еуразиялық олимпиадаға және математика, физика, информатикадан XIII халықаралық О.Жәутіков олимпиадасына қатысып 4 оқушы жүлделі орынды иеленді.

Сонымен қатар 2017 жылдың 2 қарашасында ғылыми жоба конкурсының облыстық іріктеу кезеңіне 249 оқушының жұмысы қаралып, оның 184-інің жұмысы қорғауға жіберілді. Облыстық ғылыми жобалар конкурсының                     ІІІ кезеңі ағымдағы жылдың 27 қараша күні өтеді.

 

178-тармақ Мектептерді жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән кабинеттерімен жарақтандыру қамтамасыз ету

Облыс бойынша 193 білім беру ұйымы бар. Оның ішінде ауылдық мектептер саны  - 136. Облыс бойынша мектептердің  материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2017 жылы 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, жаңа модификациялық кабинеттер, интерактив тақталар сатып алынды.  Сонымен қатар, 31 шағын жинақталған мектептердің 21-нің техникалық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 14 880 мың теңге бөлініп, құрал-жабдықтармен жарақтандырылды.

 

179-тармақ

- Рейтингтік телеарналарда жаратылыстаны-математикалық бағыттағы үздік мұғалімдердің тәжірибесін насихаттау және тарату бойынша телебағдарлама шығару

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы үздік мұғалімдердің үздік тәжірибелерін насихаттау және тарату бағытында жергілікті телеарнада телебағдарлама ашылған жоқ.

- Қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы жетістіктерін насихаттау бөлігінде жүргізу

Облыс оқушыларының халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстағы жетістіктерін насихаттау мақсатында «Атырау» газетінің          2017 жылғы 11 қарашадағы санында «Менің Отаным-Қазақстан» атты өлкетанушылар форумы өтті», 15 қарашадағы санында «Алаш үміті фестивалінен атыраулық оқушылар жүлдемен оралды», 22 қарашадағы санында «Атырауда мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті», 28 қарашадағы санында «Өрімтал жас тілшілер фестивалі басталды», 30 қарашадағы санында «Оқушылар шеберлігі мен ептілігі сынға түсті»,  «Прикаспийская коммуна» газетінің 15 қарашадағы санында «История одной тамчи», 12 желтоқсандағы санында «Наш Димаш» мақалалар жарық көрді. 

 

183-тармақ  Математика және жаратылыстану-математика циклі мұғалімдердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету

Облыс бойынша 2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптарда информатика, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдерді даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыстың 452 мұғалімі арнайы  тілдік курстардан өтуде. Оның ішінде:

  • «Педагогикалық шеберлік орталығы» Атырау облысы филиалынан – 32,
  • «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан -36,
  • «Astana School of Business and Technology» оқу орталығынан – 40,
  • «Назарбаев университеті» – 152 ,
  • «Астана білім ордасы» оқу орталығынан – 104,
  • «USTAZ Professional Learning Centre

 

184-тармақ  Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, Алматы менеджмент университеті және т.б. бизнес мектептерінің қызметін ақпататтандыру бөлігінде жүргізу

Атырау облысы әкімдігіне Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, Алматы менеджмент университеті және т.б. бизнес мектептерінің қызметін ақпараттандыру бойынша материалдар түскен жоқ.

 

187-тармақ  Білім беру ұйымдары жетекшілерінің менеджмент саласы бойынша біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етілсін

2013-2017 жылдар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығында» даярланған жаңа форматты деңгейлік курс бағдарламасымен  169 мектеп басшысы өз білімдерін жетілдірсе, 2017 жылы 9-13 қазан аралығында Атырау қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тиімді басқару. ISO 9001 халықаралық стандарты негізінде білім берудегі сапа менеджмент жүйесі» тақырыбындағы курстан  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 12 басшысы біліктілік арттыру курсынан өтті.

 

189- тармақ Ұлттық компаниялар мен холдингтер өкілдерінің білім саласындағы республикалық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы мен басқарманың, кәсіпорындардың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен  бірлескен іс-шаралар  жоспары бойынша оқушылардың мамандық туралы жалпы әсер алуына көмектесу, технологиялық процестермен, бірегей технологиялармен, өндіріс құрылымымен танысу мақсатында студенттерді кәсіпорын базаларында өндірістік экскурсиядан өткізу жұмыстары жүргізілді.

 

191-тармақ Мектептерді кеңжолақты интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету

Барлық мектептерде  Интернеттің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға арнайы арзандатылған тарифтер бойынша шара қабылдау туралы облыстық білім беру басқармасы арқылы Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясына хат жазылды.  

Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы xDSL, ADSL, FTTx, VDSL технологиялары негізінде Интернет желісіне кеңжолақты қатынау бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған тарифтерді ұсынды.

Сонымен қатар, бұл тарифтерден басқа Интернет желісіне кеңжолақты қатынау тарифтері бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

Облыс бойынша интернет желісі үзіліссіз жұмыс істейді. (97,9 пайызды құрайды).  2017 жылы жалпы білім беретін мектептерді Wi-fi жүйесімен қамту үшін жергілікті бюджеттен 27 264,9 мың теңге бөлінді.

 

193-тармақ  Ақпараттандыр және білім беру ресурстарына енгізу үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету (ашық электрондық контент көлемі 2020 жылға - 100%)

Атырау облысы бойынша "Білім ленд" парталына қазіргі таңда 192  білім беру ұйымы және 1 мектепке дейінгі білім беру ұйымы  қосылған. 143 мекеме онлайн режимінде, 50-і офлайн режимінде қосылған. Облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері білім ленд парталына тіркеліп, өз  сабақтарында кеңінен қолдану үстінде.

"Білім ленд" парталына қосылу көрсеткіші облыс бойынша 100%. Мамыр айында Алматы қаласында BILIM MEDIA GROUP компаниясы семинар өткізсе, маусым-тамыз айларында облысымыздағы 1 қала, 5 аудан бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

194-тармақ Электрондық оқытуды, оның ішінде МЖӘ есебінен техникалық инфрақұрылым (жергілікті есептеу желісі, мектеп сервері және компьютерлік парк) құру

Электрондық оқытуды, оның ішінде МЖӘ есебінен техникалық инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізілуде.

 

195-тармақ Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялары мен диалог алаңдарын өткізу

Облыс көлемінде білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, конференциялар, мамандық апталықтары өткізіледі. Осындай шараларға жұмыс берушілерден, мемлекеттік органдардан, әртүрлі компаниялардан өкілдер шақырылып, бірлескен жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.

 

197-тармақ Қосымша білім беру ұйымдары желісін кеңейтуді қамтамасыз ету

Атырау облысында өткен 2016-2017 оқу жылында 40 қосымша білім беру ұйымы қызмет атқарды. Оның 38-і – мемлекеттік, 2-уі – жекеменшік. 40 қосымша білім беретін ұйымының 4-уі – қала сыртындағы лагерлер.

2017-2018 оқу жылында Қызылқоға ауданында бір елді-мекенде 2 түрі бірдей қосымша білім беру ұйымы бірігу арқылы 1 желіге азайды (Миялы балалар саз мектебі мен Миялы балалар өнер мектебі қосылып, енді Миялы балалар өнер мектебі болып, жарғысы қайтадан бекітілді).

Жаңадан Жылыой ауданында (680 бала) және Исатай ауданында (270 бала) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары ашылып, бір жеке меншік қосымша білім беру ұйымы Ұлттық білім беру деректер қорына тіркелді.

Қазіргі кезде 42 қосымша білім беру ұйымы қызмет атқарады.

 

198-тармақ Жалпы білім беретін мектептерде қызығушылықтар бойынша үйірмелер санының өсуін қамтамасыз ету

2017-2018 оқу жылында мектеп жанындағы қызығушылығына қарай 2 468 үйірмеге 40 393 бала қамтылған, қамту 34,8%. Өткен жылмен салыстырғанда  қамту 685 үйірмеге 5 158  балаға өсіп отыр.

 

200-тармақ

2) Ұйымда жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру  мақалаларын жариялау

 Ұйымдарда қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде және Кәсіпкерлер палатасы сайтында мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

3) Компания басшыларының, кәсіпкерлердің қатысуымен  ұйымда жұмыскерлерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды түсіндіру, осы бөліктегі проблемалы мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, диалог алаңдарын өткізу

Компания басшыларының, кәсіпкерлердің қатысуымен  ұйымда қызметкерлерді кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциялар, басқа да іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады және «Атырау», «Ақ Жайық», «Прикаспийская коммуна», «Мұнайлы Астана» газет беттеріне мақалалар жарияланып, «Қазақстан Атырау», «24kz», «Қазақстан» телеарналарында сұхбаттар берілді. Аталған шараларда  проблемалық мәселелер талқыланады.

 

217-тармақ Сыртқы сауданы дамыту бойынша қабылданған шараларды түсіндіру бойынша ірі және орта кәсіпорындар, ұлттық компаниялар мен холдингтердің орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдерді өткізуді  қамтамасыз ету

2017 жылдың 31 шілдесінде Атырау облысы әкімдігінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен швейцариялық OrientSwiss SA компаниясының «Жібек жолы елдеріне қалай экспорттау» атты бизнес-семинары өтті. Бұл семинар аталған компанияның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жасаған жобасы болып табылады.

Бизнес-семинардың мақсаты өңірдегі өндіруші және экспорттаушы компанияларды жаңа мүмкіндіктермен, Жібек жолы елдеріне: ТМД елдеріне, Қытай, Ауғаныстан, Иран және басқа да елдерге экспорттау жолдарымен және компанияның осы бағыттағы қызметтерімен таныстыруға бағытталған.

Аталған іс-шарада OrientSwiss SA компаниясының сату жөніндегі директоры Мухаммед Азамат және «Kazakh Invest» АҚ-ның өңірлік директоры Асылбеков Азамат қатысты және семинардың алдына қойылған мақсаттар бойынша өңірдің кәсіпкерлеріне толық ақпарат берілді.

Бизнес-семинар аясында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

2017 жылдың 3-4 қыркүйегінде Атырау облысына Австрияның Қазақстандағы елшілігі Сауда бөлімінің басшысы – Михаэль Мюллер мырзаның жетекшілігіндегі австриялық делегация іссапармен келді.

Делегацияны әлемдік нарықта мұнай және газ саласы үшін инжиниринг, жобалау, бұрғылау технологиялары, арматура және фитингтер, сорғыштар мен өлшегіш аспаптардың, жандыруға арналған жанарғылар мен камералардың өндірісі және жеткізіп беру бойынша ноу-хау, технологияларды және өнімдерді ұсынушы австриялық 10 компания құрайды.

Іссапар шеңберінде, Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның, «Атырау Innovations» ЖШС-нің және өңір бизнес-құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелде австриялық компаниялардың өкілдері іс шараның қатысушыларын компаниялардың қызметімен таныстырды және қызығушылық танытқан тараптармен В2В сұхбаттар өткізді.

 

221- тармақ Инфрақұрылымды салу бойынша жұмысты жалғастыру және жылдамдатуды қамтамасыз ету:

Қазіргі уақытта Қарабатан аумағы қоршалған, автокөлік, темір жолдары бар, «Заводская» теміржол стансасы, 110 кВ (Вл – 110 кв) қосалқы стансасы орналасқан. Айналып өтетін өтпе жолы да бар.

Зауыттық инфрақұрылым бойынша жоспарланған нысандар:

 

1 кезек (2017-2019 жж)

2         кезек (2019-2022 жж.)

Өрт сөндіру депосы;

ӘТК;

Кеден бақылауының БӨП – 1 дана;

Кеден бақылауының БӨП – 2 дана;

БӨП жаппасымен – 2 дана;

АЖҚС 3 колонка;

Қазандық;

ТҚҚ полигоны;

Инженерлік желілер және  ғимарат;

Кір жуатын орын;

Буландыратын тоғыш – 2 ұяғыш;

Жөндеу-құрылыс цехы;

Автотаразы бөлмесі;

Сақтауға арналған алаңы бар қойма;

Рентген қондырғысы;

Инженерлік цехы және құрылғылар;

Буландыратын тоғышқа апаратын жол

Теңіз учаскесінің нысандары.     

 

Өндірістік инфрақұрылымның жобаланған нысандары

(операторы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС )

«Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің («Самрұқ-Қазына» АҚ 100% үлесімен) мекемесі  «Karabatan Utility Solutions» ЖШС  (бұдан әрі - «KUS» ЖШС), «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркінің» (бұдан әрі – «ҰИМТ» АЭА) «Арнайы экономикалық аумақтың инфрақұрылымдары нысанының құрылысын» жүзеге асыруда.

«ҰИМТ» АЭА өндірістік инфрақұрылымының құрылысы аясында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-гі төмендегідей жобаларды жүзеге асыруда:

  • Газотурбиндік электростанция құрылысы, қуаттылығы 310 МВт; жүзеге асыру мерзімі: 2016-2018жж.
  • Азот және қысылған ауаның өндірісі бойынша қондырғы; жүзеге асыру мерзімі: 2018-2020жж.
  • Суды дайындау мен ағысты тазарту қондырғысы; жүзеге асыру мерзімі: 2017-2021жж.

АЭА жұмыс істеу мерзімдерін ұзарту; басым қызмет түрлерін (рұқсат етілмеген түрлердің «қысқа тізіміне» ауысу, яғни «тыйым салынбағанның бәріне, рұқсат» қағидатын ұстану) айқындау бойынша тәсілдері қайта қарастыру:

ҚР АЭА туралы қолданыстағы заңына сәйкес, АЭА 2025 жылға дейін құрылады делінген. «ҰИМТ» АЭА іске асырылу мерзімі: 2007-2032жж.

АЭА заңнамасында көрсетілген мерзімде АЭА-ның инфрақұрылымының құрылысына қажет ететін қаражат бөлудегі проблемалар және басқа да проблемалар АЭА-тың толыққанды дамуына мүмкіндік бермей отыр. 

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды есере отырып, «Индустриялық аймақтар және арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес 2018 жылы Үкіметпен АЭА-тың қызмет ету мерзімін 10 жылға ұзарту көзделуде.

АЭА қатысушыларды әкімшіліктендіру тетіктерін қайта қарастыру және оңтайландыру:

«Индустриялық аймақтар және арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес 2018 жылы қолданыстағы ҚР АЭА  заңындағы мүдделер мен кемшіліктерді жою қарастырылған. Оның ішінде: 2012 жылдан кейін тіркелген АЭА қатысушыларына: салық төлеудегі жеңілдіктерді қолдану, ҚҚС артығын кері қайтару, АЭА жұмыс істеу мерзімін ұзарту, АЭА іс әрекетін бақылауда ұсталуы бойынша шараларды күшейту, АЭА қалыптасуына қатысатын әрбір субъектінің міндеттері мен өкілеттігін  кестеге салуды қарастыру, АЭА қатысушыларын кедендік төлемнен босатуды қарастыру, және де қатысушыларға жер учаскесін бөлу тәртібі регламенттеліп, оңтайландырылған. 

 

230-тармақ Отандық өнімнің дәмін айыру бойынша сауда желілелірнде «Қазақстандық аламыз. Ең үздігін таңдаймыз» атты акциялар ұйымдастыру мен өткізілуі қамтамасыз ету

Отандық өнімді қолдау мақсатында, облыс әкімдігінің қолдауымен шаралар өткізіліп тұрады.

Ағымдағы жылдың шілде айында «Жеңіл өнеркәсіп күніне» орай жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Өнерпаз» ЖШС; «Қазақ соқырлар қоғамының Атырау  оқу-өндірістік кәсіпорыны» ЖШС; "Caspiy Lana Atyrau" ЖШС; «Нейбарт» ЖК және тағы да басқа кәсіпорындар қатысты.

Сондай-ақ қала супермаркеттері мен сауда орындарында «Отандық тауарларды сатып ал» атты тақтайшалар мен логотиптер жасақталып, орналастырылды.

Атап айтқанда:

- «Идеал Маркет» супермаркеті – 30-ға жуық логотип;

- «Лидер» халық дүкені – 30-ға жуық логотип;

- «Рамстор»супермаркеті – 50 логотип, 2 тақтайша;

- «Марко» супермаркеті – барлық баға көрсеткіштерінде;

- «Анвар» супермаркеті - 16 логотип. Осы аталмыш бағытта тиісті жұмыстар жыл бойына жалғасын табады.

 

234-тармақ  Салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жаңа заңнама мәселесі бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысын, дағдарысқа қарсы штабтар, дөңгелек үстелдер өткізу

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын шешу және реттеу жөнінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  облыстық комиссия жұмыс істейді. Комиссияға «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» шетелдік үлесі бар ірі мұнай-газ кәсіпорындарының өкілдері мүше.

2017 жылы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның төрт отырысы өтті, онда он бес өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда: ұйымдарда еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы; облыстағы әлеуметтік шиеленіс картасы және еңбек қатынастарының жайы, жалақыдан берешектері туралы, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар; халықты жұмыспен қамту мәселесі; облыс ұйымдарында ұжымдық шарттың жасақталуы; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы, «Еңбек жолы» конкурсы жөнінде және т.б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Махамбет, Индер аудандық комиссияларының жұмыстары туралы аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия төрағаларының есептері тыңдалды.

 Еңбек нарығындағы тұрақтандыру шараларын қабылдау және қызметкерлерді жаппай жұмыстан босату, жұмыс берушінің еңбекақы бойынша борышы мәселелерін жедел қарау жөніндегі штабының екі отырысы өткізілді.

Еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау мәселелері бойынша облыстық телеарнада 3 сұхбат берілді, мерзімді басылымдарда 3 мақала жарияланды,  интернет  ресурста 28 жарияланым берілді,  84 ұйымда жиналыстар  өткізіліп, 1 076 жұмысшыға еңбек заңнамасы бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

240-тармақ «Менеджерлердің кәсібилігі» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізу

329-тармақ Проблемалық мәселелерді талқылау бойынша ірі және орта кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдердің өткізілуін қамтамасыз ету

2017 жылдың 24 қарашасында отандық тауарөндірушілерін таныстыру мәжілісі өткізілді. Аталған жиналыста облысымыздың келесі 5 кәсіпорны өз қызметімен таныстырды: машина жасау зауыты Атыраунефтемаш» ЖШС, құрылыс блоктарының өндірушісі «Теплый дом Атырау» ЖШС,  болттық қосылыстардың өндіруішісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС, бұрғылау кешендері, бұрғылау қашаулары және металлқұрылымдар өндірушісі «Жігермұнайсервис» ЖШС, ысырма, металлпластикалық және полиэтиленді тұрбалар өндірушісі Шеврон Мунайгаз Инк. Компаниясы. Сонымен қатар,           аталған мәжілісте ірі және орта кәсіпорындар өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен өзара қарым-қатынас кезінде этикалық мінез-құлықты дамыту бойынша ақпарат беріліп және де өкілеттік беру туралы проблемалық мәселелер талқыланды.

 

241-тармақ Мұғалімдерді «ОПҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту

Облыс бойынша 185 адам (2%) «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табылады, бітірген түлектер саны- 115.

Облыс экономикасының әр саласында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған 101 маман (87%) еңбек етуде.

 

299 тармақ  Ұлттық өнеркәсіпті дамыту мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қатысуымен жыл сайынғы форум мен көрмені ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Ұлттық өнеркәсіпті дамыту мақсатында жылдың басынан бері бірнеше шаралар өткізілді.

2017 жылдың 30 қаңтарында «ТШО» ЖШС-мен бірлесіп «Келешек кеңею жобасы – ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы құрылыс компаниялары» форумы;

2017 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің қолдауы және қатысуымен «Казнефтегазсервис-2017» 6-шы конференциясы;

2017 жылдың 17 наурызында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен Технологиялық Бизнес инкубаторында қызмет атқаратын кәсіпкерлердің көрмесі;

2017 жылдың 14 сәуірінде «ТШО» ЖШС-да зауытқа техникалық қызмет көрсету форумы;

2017 жылғы 21 маусымда Жеңіл өнеркәсіп күніне арналған іс-шара барысында Жеңіл өнеркәсібі қызметкерлерінің қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі өткізілді;

2017 жылдың 11-13 сәуір аралығында кезекті «ATYRAU INVEST - 2017» Халықаралық инвестициялық Форумы өтті. Аталған форумның мақсаты аймақ экономикасына инвестиция тарту және отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарыққа жылжыту болып табылады. Осы мақсатта шетелдік кәсіпкерлер мен отандық тауар өндірушілер арасында келіссөздер жүргізіліп, өнімдерді сыртқы нарыққа өткізу мәселелері қарастырылды.

 

300-тармақ  Жергілікті қамту идеологиясын дамыту бойынша шаралар қабылдау: жарнамалар және PR іс-шараларын әзірлеу (слогандар, контракттар, ақпарат кесте), қоғамдық орындарда және БАҚ-та әлеуметтік роликтерді тарату, аймақтық деңгейде тақырыптық телехабарларды іске қосу және т.б.

327-тармақ Маркетингтік қызметтер нарығын дамыту және тауардың (өнім немесе қызмет) табысты дамуы мен сатылуы туралы кәсіпкерлердің мақалаларын жариялау бойынша шаралар қабылдау

2017 жылдың ІV тоқсаны бойынша облыстың кәсіпкерлері мен кәсіпорындарын насихаттау мақсатында,  төмендегідей мақалалар өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Облыстық «Атырау» газетінде 5 қыркүйектегі №69 санында «Нәсіп көзі - кәсіп», «5,6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ», «Сәнді жиделер сатылымы»;        8 қыркүйектегі №70 санында «Қолдау бар, қиындықта жоқ емес»;                      12 қыркүйектегі №71 санында «Жылыой кәсіпкерлері - Астанада», «Кәсіпкерлерге – қайтарымсыз қаржы; 15 қыркүйектегі №72 санында «Атыраудың алмасы», «Ақмарал» өсірген өнімдер»; 19 қыркүйектегі             №73 санында  «Желілік бизнестің ерекшелігі неде?», «Еуропамен іскерлік байланыс», «Ауылдағының аузы аққа тиді», «Бизнеске бастаған бағдарлама», «Алғашқы орталық - Махамбетте», «Еңбекпен есейген Құралай», «Шетелдікке – шектеу мен шарт», «Исатайдағы макорон цехы», «Табысты жоба қалай жасалады?», «Айыппұл алынып тасталды»; 26 қыркүйектегі №75 санында «Күкірт түйіршігі – өзімізден», «Зауыт жұмысын бастады», «Айына – 650 мың тонна», «Асфальт та – Атыраудан», «Гибридті жасыл энергия»; 29 қыркүйектегі №76 санында  «Билік пен Бизнес», «Caspiy Lana Atyrau»: жергілікті өнімдер брендке айналады», «Мақсат – меже биігінен көріну», «Сапалы өнім – табыс кепілі»; 3  қазандағы №77 санында  «Ғаламдық жоба», «Күн энергиясын жинайтын станса»; 6 қазандағы №78 санында «Қарапайым қадамнан – қуат көзі»;  20 қазандағы №82 санында «Ірі компаниялар маманға зәру», «14 отбасын жаздырды»; 28 қарашадағы №93 санында «Франчайзинг сіз ол туралы не білесіз», «Бизнес-бастау шеберлікті шыңдайды», «Ерінбеген етікші болады», «Кепілсіз шаруа бітпейді», «Жаппай кәсіпкерлік жаңа жобаларға жол ашады» атты мақалалар жарық көрді.

Облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде 5 қыркүйектегі         №69 санында «Австрийская нефтяная разведка», «Мороженое от коз - иностранок», «ANACO» устремленное вперед»; 8 қыркүйектегі №70 санында  «Смелее в бизнес!», «Есть желание, но...»; 12 қыркүйектегі №71 санында «В яблочко»; 19 қыркүйектегі №73 санында «Долгая дорога к технопарку», «Уроки кулинарии от гюнтера»; 29 қыркүйектегі №76 санында «Кто подрезает крылья бизнесу?»; 20 қазандағы №82 санында «Цитадель надежд», «Секрет вечной молодости и энергии», «Кредит, дающий мощь», «Возможности для бизнеса»;  17 қарашадағы №90 санында «Первая во всем»; 21 қарашадағы №91 санында «До столицы далеко» атты мақалалар жарық көрді.

 

301-тармақ Отандық өндірушілерді ақпараттық қолдау жүргізуді қамтамасыз ету

323-тармақ Отандық өндірушілерге ақпараттық колдау көрсетуді қамтамасыз ету

Отандық тауарөндірушілерді ақпараттық қолдау мақсатында, төмендегі жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың 3 қарашасы күні Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, тауарөндірушілерді қолдау шеңберіндегі сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыста облыстың тауаөндірушілерінің проблемалық мәселелері, жергілікті қамту үлесінің төмендеу себептері туралы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 7 қарашасында аймақтың тауарөндірушілері, тапсырыс берушілері және жеткізушілерінің қатысуымен Аймақтық кәсіпкерлер палатасында отырыс өткізілді.  Облыста салынып жатырған нысандарда қолданылып жатырған өнімдер туралы сұрақ қарастырылды.

2017 жылдың 29 қарашасы күні Атырау облысы Техникалық реттеу және метрология департаментімен бірігіп, Кеден одағының техникалық регламенттерін қарау жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өткізілді. Отырыста Стандарттаудың органикалық өнімнің, денсаулық сақтаудың, тиісті зертханалық тәжірибенің принциптерін ендіру – басым бағыттарының дамуы туралы; 2018-2019 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарға қосу үшін ұлттық стандартты әзірлеуге ұсыныс-тапсырыс енгізу туралы мәселелер қозғалды, сондай-ақ, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК техникалық хатшылығының басшысының қатысуымен Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 018/2011) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін талқылау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

302-тармақ Жергілікті өндірісті дамыту бойынша насихаттау шараларын өткізу

324-тармақ Отандық тауарларды насихаттау және ішкі нарықта жылжыту бойынша шаралар қабылдау

Облыста жергілікті өндірісті дамыту мақсатында, отандық тауарларды насихаттау шаралары, көрмелер өткізіліп тұрады.

2017 жылдың 4 қарашасы күні облыс әкімдігінде Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы отандық тауарөндірушілерін таныстыру жиналысын ұйымдастырды. Аталған жиналыста облысымыздың келесі 5 кәсіпорны өз қызметімен таныстырды: машина жасау зауыты Атыраунефтемаш» ЖШС, құрылыс блоктарының өндірушісі «Теплый дом Атырау» ЖШС, болттық қосылыстардың өндіруішісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС, бұрғылау кешендері, бұрғылау қашаулары және металлқұрылымдар өндірушісі «Жігермұнайсервис» ЖШС, ысырма, металлпластикалық және полиэтиленді тұрбалар өндірушісі Шеврон Мунайгаз Инк. Компаниясы. Сонымен қатар «Экспортты ынталандыру шаралары» тақырыбымен «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ өңірлік директоры Асылбеков Азамат сөз сөйледі. Жиналысқа әлеуетті тапсырысшылар, жер қойнауын пайдаланушылар, құрылыс компаниялары, жүйе құраушы кәсіпорындар және мемлекеттік органдар қатысты.

 

304 тармақ Кәсіпорындарды заманауи жабдықтармен жарақтандыру мақсатында өндірушілерді кредиттердің қолайлы жағдайларын жасауды қамтамасыз ету

2017 жылыдың 1 желтоқсан жағдайына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен «Жігермұнайсервис» ЖШС-не «Құрал жабдық, яғни ротарлы басқарылатын жүйе» жабдығын алуға жалпы несие сомасы 1,4 млрд. теңгеге және «Мұнай Сервис ЛТД» ЖШС-не өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысын сатып алуға жалпы сомасы 333,05 млн. теңгеге субсидиялау мақұлданды.

 

321 тармақ Қазіргі заманғы форматтағы сауда аландарын ұлғайту және оларға тікелей отандық өңдірушілердің қол жеткізуі жағдайларын бойынша шаралар қабылдау

Қазіргі заманғы форматтағы сауда алаңдарын ұлғайту және оларға тікелей отандық өндірушілердің қол жеткізуі жағдайларын бойынша шаралар қабылдау:

Бүгінгі күні, облыс аумағында қазіргі замандағы форматқа сай сауда нысандары жұмыс атқаруда. Атырау қаласында жалпы аумағы 24 808,3 шаршы метр, оның ішінде сауда аумағы 16 000 шаршы метр, 400 автотұрақ орын санымен «Байзар» көпфункционалды сауда ойын-сауық кешені қызмет етуде.

 

322 тармақ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп қәсіпорындарына қолдау көрсету»

2017 жылыдың 1 желтоқсан жағдайына Атырау облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен жалпы сомасы 3,8 млрд. теңге құрайтын 30 өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына субсидиялау түріндегі қолдау көрсетілді мақұлданды.


Мақаланың шыққан күні: 03.03.2018 07:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.10.2018 14:55

Қаралым саны: 1471