Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

2017 жылдың қорытындысы бойынша «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

 

Ганюшкино ауылы, Х.Испулаев көшесі 66, тел: 8(71233) 2-07-47, 2-06-38.  e-mail: kur_raipred@mail.ru

 

«Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  кәсіпкерлік және  туризм  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 242 «Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  кәсіпкерлік және  туризм  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»   қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қаңтардағы № 21 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны -3 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына - 3 адам жіберілді.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416  Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;

- Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы  29 желтоқсандағы  №919  қулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы».

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш түскен жоқ.

2017 жылдың қорытындысы  бойынша бөлім басшысының 71 бұйрығы қабылданған, соның ішінде:

Еңбек демалысын беру-3, Бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-8, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-8, жұмысқа алу туралы-8, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-42, еңбек демалысынан шақырту туралы-2.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының талаптары сақталған.

Бөлімнің  бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-07-47 сенім телефоны жұмыс жасайды

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақалалар жарияланып келеді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Бөлім  басшысы                         С.Сарсенгалиев

 


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 23:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 23:06

Қаралым саны: 967