Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, II жартыжылдығына көзделген мәселелерге байланысты Қиғаш ауылдық округі бойынша атқарылған шаралардың мәліметі

Қиғаш ауылдық округі бойынша 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.

Қиғаш ауылдық округінде үш мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады. Округтегі мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының сақталуын үнемі талап ету, өздері азаматтардан сыйақы, сыйлық, басқа да заттай қымбат бұйымдар қабылдауына жол бермеу және мемлекеттік құпияны үнемі сақтап отыруын, азаматтардың ар-намысына тиетін, артықшылық көрсетілетін жағдайларға жол бермеуі үнемі бақылауда ұсталып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың фактілерін жасырғандығы немесе жалған ақпарат бергендігі үшін қаншалықты жауапты екендіктері ескертіліп, заң талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыстары үнемі қадағаланып отырылады.

Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары ,тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілінде жазылған жадынамалар орнатылған. Округ кеңсесінің дәлізінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» комиссиясының «Сенім жәшігі» орнатылған, сенім телефоны жұмыс жасайды 3-62-07. Округте қабылдау кестесі сақталған. Азаматтардың ауызша өтініштері мен шағымдары есепке алынып, тіркеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Жыл бойы округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда. Мемлекеттік сатып алу аясындағы заңнамаларымен танысып, білімдерін жетілдіру үшін округтің бас есепшісі курсқа қатысып келді. Қиғаш ауылдық округ көлеміндегі мекемелер: Қиғаш жалпы орта мектебінде 8-10 сыныптар арасында мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылардың қатысуымен «Вы сталкивались с коррупцией? Как её победить?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Айгөлек» балабақшасында «Сыбайластықпен күрес- әрбіріміздің борышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектептің, балабақшаның кіреберіс дәлізіне «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады!» деген сөз үлкен әріптермен жазылып ілінді. Округке қарасты мекемелерге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және алдын алу мақсатында, байқалған фактілерді дер кезінде округ әкіміне және заң орындарына хабарлау керектігі қаперлеріне берілді. Қиғаш ауылдық округ әкімі аппараты бойынша жергілікті басылым «Серпер» газетіне 2017 жылдың желтоқсан айында «Мемлекеттік қызметтің беделі», «Құқықтық білім жоғары болса..» атты мақаласы жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес- бұл тек мемлекеттің емес, барша қоғамның алдындағы міндет. Жемқорлықтың туындамауына, таралмауына тиым салу үшін, бүкіл ұлттық орнықты ереже болу тиіс. Мемлекеттің Тәуелсіздігі мен орнықтылығын нығайту үшін- жемқорлықтың тамырын түбімен жою керек.

Алға қарай да сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау бағытындағы жүргізіліп жатырған жұмыстар жалғасын таба береді.

 


Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 00:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2018 00:26

Қаралым саны: 1118