Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылы Көшекбаев көшесі 25 үй; Электронды пошта: kurstroy_otdel@mail.ru;

Телефон нөмірі.8/71233/21097.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:

Сундетов Ж.А – бөлім басшысы

Хасанов М.И. – бөлімнің бас маманы

Өтепов А.М. – бөлімнің бас маман-есепшісі

Тыныштыкова К.Е. – бөлімнің бас маманы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2017 ж.-30.06.2017 ж. айларының қызметі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық бөлімнің бас маманы К.Е.Тыныштыковаға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі: басталды 26-30 маусым 2017 жыл.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексі,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы,

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы,

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 «Құқықтық актілер туралы» Заңы,

Құрманғазы ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №453 «Құрманғазы аудан әкімдігінің 2006 жылғы 3 наурыздағы №33 «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен бекітілген Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы, негізінде жүзеге асырады.

Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №417 «Мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып келеді.

Құрманғазы ауданының әкімдігінің қаулысына сәйкес, бөлімнің штат саны - 4 бірлік, атап айтқанда: бөлім басшысы – 1 бірлік, бас маман – 2 бірлік, бас маман-есепші – 1 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 1 адам (бөлім басшысы 01.06.2017ж.-01.07.2017ж. аралығында) жіберілді. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында кадр қозғалысы (қызметтен босату, ауысу, қабылдау) болған жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлім арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді және рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру бойынша бөлім коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу; коммуналдық шаруашылық дамыту; сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығы обьектілерін дамыту бағдарламаларымен салынып жатқан құрылыс нысандарын бақылайды.

Бөлімнің ұйымдастрыушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиелінісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны (8/71233/21097) бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін 2017 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының 44 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.Тастеміровтің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №239 ұсыныс хатта көрсетілген кемшіліктерге жол бергені үшін аудандық құрылыс бөлімінің басшысы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы берілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағының 1) тармақшасына сәйкес:

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Баспаевтың 2017 жылғы 23 маусымдағы №01-07-2/5026 хатында көрсетілген кемшіліктерге жол бергені үшін, бөлімнің бас маман-есепшісіне «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілді.

Бөлімде «Lotes Notes» бағдарламасының электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі және «Е-қызмет» жүйесі жұмыс жасамайды, орталық жүйеге қосылмаған. Бөлімнің электронды құжатайналымының жұмысына қиындықтар туғызуда. «Е-қызмет» жүйесін және «Lotes Notes» бағдарламасының ЭҚАБЖ күнделікті жұмыста қолдану, мәліметтерді толықтырып отыру, жаңарту және алға қарай да жұмыс істеу үшін бөлімді жүйеге қосу жөнінде жоғарғы органдарға хат жолданды. Соған қарамастан, бөлім қызметкерлерінің мәліметтері «Е-қызмет» жүйесінде толық енгізілген.

Бөлімде 01.01.2017ж.–30.06.2017ж. жағдайымен бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеру жұмыстары жүргізілмеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жоқ.

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жоқ.

Бөлім бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың бөлімде көрнекті жерге ілінді.

Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

«Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 06:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 06:09