Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Индер аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» ММ

Индер аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінде бүгінгі таңда 6 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 2 бас маман, 1 есепші, 1 іс-жүргізуші, 1 автокөлік жүргізушісі қызмет атқарады. Бөлім басшысы Оразғалиев Сатыбалды Әміреұлы аудан әкімінің 2015 жылғы 1 қазандағы №81-к өкімімен тағайындалды. Бөлімнің бас мамандары Кұспанов Өтеген Мұратұлы және Кариев Балғабай Тәжібайұлы бөлім басшысының 2015 жылғы 1 қазандағы №3 бұйрығымен тағайындалды.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің бас мамандары Б.Кариев, Ө. Құспанов ішкі талдауды жүргізу кезеңі жыл басынан.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қортынды беріледі.

2017 жылдың маусым айына дейін заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша 3(үш) ветеринариялық-санитариялық қортынды берілді.

2. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестатциядан өткізеді.

2017жылдың маусым айына дейін жеке және заңды тұлғалардын аттестатциядан өтуге өтініш түскен жоқ.

3. Бөлімге қарасты «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» КМК-ны арқылы ауыл шаруашылығы малдарына ветеринариялық анықтама беріледі.

2017 жылдың маусым айына дейін өз өтініштері бойынша жеке және заңды тұлғаларға 1068 (бір мың алпыс сегіз) ауыл шаруашылығы малдарына ветеринариялық анықтама берілді.

4. Бөлімге қарасты «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» КМК-ны арқылы ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру базасына енгізіледі.

2017жылдың маусым айына дейін ауыл шаруашылығы жануарларына 237(дана) ветеринариялық паспорт бере отырып, 118269 мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізілді.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 2-15-34 сенім телефоны орнатылған.

18.03.2017 жылғы №2-0503-17-00206 санды ұсынысы бойынша Индер ауданның прокуратурасы тексеріс жүргізіп, тексеру қортындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында нақты шаралар алынды.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 04.10.2017 02:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 02:16

Қаралым саны: 1096