Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Ақкөл ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ақкөл ауылдық округінде бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мектептен шалғай жерлерде тұратын Ақкөл жалпы орта мектебінің 70 оқушысын тасымалдау ұйымдастырылған. Округ бойынша электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру және қолжетімділікті қамтамассыз ету мақсатында халықтың көп қатынасатын жерлеріне (мектеп, почта, дүкендер, мәдениет үйі және т.б.) хабарландырулар ілініп, тұрғын үйлерді аралап, насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мекеме басшыларына хаттар жолданды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан 2017 жылдың қыркүйек, қазан айларында мамандар келіп ҚР-ң Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктер беруге өтініш берген азаматтарға ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) берілді. Насихаттау жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда округ бойынша 500 адам ЭЦҚ алды. Сонымен қатар округ ғимаратында келген азаматтарға төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді: мекенжай анықтамасы- 209 адамға, зейнетақы аударымы -8 адам, соттылығы жоқтығы туралы анықтама- 39 адамға, балабақшаға кезекке қою- 4 адамға, жылжымайтын мүліктің барлығы (жоқтығы)туралы анықтама – 15 адамға, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама- 29 адамға, жұмыссыз азаматтарға анықтама- 6 адамға берілді. 2017 жылдың 12 шілде айында Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Утеулиевтің қатысуымен ауыл тұрғындары арасында жиналыс өтті. «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жүзеге асу» тетіктерін тұрғындар арасында түсіндірді. 2017 жылдың 9 қараша күні Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Утеулиев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы Г.Ержанованың қатысуымен тұрғындар арасында 2018 жылы енгізілетін әлеуметтік көмек жаңа форматын түсіндіріп, жиналыс өткізілді. Жаңа форматтағы әлеуметтік көмекті енгізу барысында округке нәтижелі жұмыспен қамту орталығынан бір маман-ассистент беріліп, қызмет көрсетіліп отыр. Соның нәтижесінде жаңа форматтағы әлеуметтік көмекті округ бойынша бес отбасы алып отыр.


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 05:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 05:38

Қаралым саны: 927