Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі бойынша 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы хабарлама

Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бұл заң бөлім қызметкерлері арасында талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.

Бөлімде көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» орнатылып таныстырылды.

Бөлімде үш мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.

2016 жылдың 10 айында бөлім бойынша тікелей бөлім басшысының атына келіп түскен арыз-шағымдар болған жоқ, аудан әкімі аппаратына келіп түскен арыз-шағымдардың ішінде бөлімге жолданғандары дер кезінде қаралып, орындалысы туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланды.

Бөлімнің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-07-47 сенім телефоны жұмыс жасайды

Бөлім басшысы Б.Кадыров


Мақаланың шыққан күні:: 24.11.2016 11:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.11.2016 11:00