Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы АҚПАРАТ

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіліп келген. Алайда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2016 жылдың 4 мамырындағы №28-01-28-2/1404 санды хаты негізінде «Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі тоқтатылды. Күні бүгінге, Басқармада төмендегідей мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі:

1.«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде,жарнаманы тұрақты орналастыру обьектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат» беру көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша ешқандай өтініш түскен жоқ. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коррпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.e.gov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» бойынша – 2017 жылы 9 лицензия берілді, (оның ішінде бас тартқаны- 4). 2016 жылы – 1 лицензия берілді. Өткен 2016 жылмен салыстырғанда 90%-ға артық. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылады.

3. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру» бойынша - 2017 жылы -151 куәлік (оның ішінде бас тартқаны- 17). берілді. Ал 2016 жылы - 169 куәлік берілді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік коррпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.e.gov.kz электрондық үкіметтің порталы арқылы жүзеге асырылады.

Облыс аумағында Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктер беру КМҚ-ін алушылар жылдан жылға көбеюде.

Басқармада мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын белгіленген мерзімдерде сапалы орындауға және оларды қарау нәтижелері, заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылыды.


Мақаланың шыққан күні: 03.03.2018 00:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.06.2018 13:29

Қаралым саны: 1142