Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Жеке меншікке және жалға алу құқығына сату үшін ұсынылатын жер учаскелері туралы хабарлама

2017 жылғы 11 қазанда сағат 11.00-де, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі, 1, (Мақат ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимараты, кіші мәжіліс залы) «Ағылшындық» баға көтеру әдісі бойынша аукцион өткізіледі.

Сатуға тіркеледі:

Лот №1 – Мақат кенті, Б.Төлекбаев көшесі, ауданы 0,02 га (200 шаршы метр) жер учаскесі дүкен – аялдама үшін, жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 8 160 теңге. Кепілдік жарнасы 408 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 288 теңге.

Лот №2 – Доссор кенті, Доссор-Құлсары автокөлік жолы бойынан, ауданы 0,1 гектар (1000 шаршы метр) жер учаскесі үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету) үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 5 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 51 100 теңге. Кепілдік жарнасы 2 555 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 1 440 теңге.

Лот №3 – Доссор кенті, Доссор-Құлсары автокөлік жолы бойынан, ауданы 1,5 гектар (15 000 шаршы метр) жер учаскесі үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету) үшін жалға алу құқығын сатып алу құқығымен 3 жылға жалға беріледі. Бастапқы бағасы 459 900 теңге. Кепілдік жарнасы 22 995 теңге. Жер учаскесін жылдық жалдау ақысы 21 600 теңге

Жоғарыда көрсетілген жер учаскелері нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланумен ауыртпашылықты.

Жер учаскелерін сату бойынша кепілдік жарнасының сомасы әр обьекті бағасының 5% құрайды.

Кепілдік жарна депозитінің есеп шотына енгізіледі:

ЖСК KZ170705034631256001

«Мақат аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

БИК KKMFKZ2A

БСН 020840002484

ММ коды 4631256

КБЕ 12

Қатысушылар көрсетілген кепілдік жарнадан жоғары кез келген кепілдік жарна енгізуге құқылы, осы кепілдік жарна бір жер учаскесі бойынша сатып алуға құқық береді.

Аукционға қатысу үшін тіркелу және өтініштерді хабарлама шыққан күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Атырау облысы, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140, Мақат аудандық жер қатынастары бөлімінің кабинетінде және 2017 жылдың 10 қазанда сағат 11.00 де аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:

Жеке тұлғалар үшін:

1. Мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөнінде аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Заңды тұлғалар үшін:

Мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөнінде аукционға қатысуға өтінім;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Анықтама үшін телефон: 8 (71239) 3-22-04, 3-23-15.

 


Мақаланың шыққан күні:: 18.09.2017 07:50
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.09.2017 07:50