Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» ММ

Атырау  облысы, Құрманғазы  аудандық  ветеринария  бөлімі  ММ   Ганюшкин ауылы, Көшекбаев  көшесі №25,  8-71-233 20820.

Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдауды  жүргізу  туралы ақпарат.

Атырау облысы, Құрманғазы  аудандық  ветеринария бөлімі,Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-баының 5-тармақтарына сәйкес,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  істері және   сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл агенттігі  Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы   орай, келесі 2017 жылдың II жартыжылдығына  жыл қортындысымен  ақпаратты  ұсынады:

Ветеринария  бөлімі  қызметін « Құрманғазы  аудан  әкімдігінің 2010 жылғы  19   қаңтардағы  №6  Атырау  облысы  Құрманғазы  аудандық  ветеринария бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  Ережесін  бекіту  туралы» қаулысына  сәйкес  атқарылады.

Аудан  әкімі  өкіміне   сәйкес  штаттық  саны – 7 адам  бірлікті  құрайды, оның  нақты  саны – 7 бірлік. Жыл  сайынғы  кезекті  еңбек  демалысына – 7 қызметкер  жіберіледі. Мүдделер  қақтығысы  жоқ.

Ветеринария  бөлімі  өз  қызметін  атқаруда  келесі  нормативтік  құқықтық  актілер  қолданады:

- Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23  қаңтардағы  № 414 –V Еңбек кодексі;           

- Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23  қарашадағы № 416  –V «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі  туралы» заңы;   

 - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 -III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

 - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 -II « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;   

- Қазақстан Республикасының 2011жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 –II «Ветеринария туралы» заңы;

Бөлімнің  қызметіне  қатысты нормативтік құқықтық  актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  кезінде  құқық  бұзушылық  жасауға  ықпал  ететін дискрециялық  өкілеттік  пен  нормалар  анықталған  жоқ.

 

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы.

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014 жылғы  17  маусымдағы  № 664  қаулысы.

Ветеринария  саласындағы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  регламенттерін  бекіту туралы  Атырау облысы әкімдігінің  2014 жылғы 8  қазандағы  № 307 қаулысына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

1) «Мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық  бақылау  және   қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық  беру» мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты;

2) «Ветеринариялық анықтама  беру» мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандарты;

3) «Ауыл  шаруашылығы жануарларын  бірдейлендіруді  жүргізу»  мемлекеттік көрсетілетін  қызмет  стандарты;

2017 жылдың 29 желтоқсан жағдай бойынша саны 16062 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 1)  Ветеринариялық  стансаның ветеринариялық  дәрігерлері арқылы 6236  ветеринарилық анықтама берілді.

 2) Бөлімге  жеке  және заңды  тұлғалардан  2017  жылдың  29  желтоқсан  жағдайы  бойынша  25  өтініш  келіп  түсіп,  өтініштері  толықтай  қанағаттандырылды.

 3) 9801 Ауыл  шаруашылық жануарларына ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейленді.

Азаматтардың  арыз – шағымдарын  салуға  арналған  арналған  жәшік  мекемеде  көрнекі  орынға  орналтылған, сенім телефоны 2-08-60

 «Баршамызға ортақ  іс»  атты  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  мақала  2017  жылғы  30 – наурыздағы  Серпер  газетінің  басылымына  берілді.

Бөлімнің  ғимаратына  сыбайлас  жемқорлыққа  «мүлдем  төзбеушілік»  ахуал  қалыптастыру  үшін  «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық -  балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің  басқарушылық – ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің  ұйымдастырушылық – басшылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға  ықпал  ететін  тәуекелдер  анықталған  жоқ.       

 

Бөлім   басшысы                                            Ә.Әбдірахман

 


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 23:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 23:21

Қаралым саны: 773