Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шортанбай ауылы, Ә. Сәрсенбаев көшесі 13, тел: 8(71233) 3-21-41

 

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №498 «Шортанбай селолық округінің әкім аппаратының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық сан – 5 бірлікті құрайды, онын нақты саны -4 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 4 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Ауылдық округ өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Округке қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша округ аппараты жалпы саны– 14 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

Округке жеке тұлғалардан 2017 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 4 өтініш келіп түсіп, 4 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды және 11 жеке тұлғаға ауызша тұсінік берілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік округ кеңсесінің кіреберіс көрнекі орынға орналастырылған, 3-21-41 сенім телефоны орнатылған. Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Округтің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 07:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 11:25