Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі,30/2 тел: 8(71234)2-08-43

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Индер ауданы денешықтыру және спорт бөлімі (әрі қарай - Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2017 жылдың 1 қаңтар мен 1 қазан аралығында жүргізілді.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2)Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Есептік кезеңіңде, осы бөлімге қарасты Индер балалар жасөспірімдер спорт мектебі 2017 жылғы қаңтар айынан 1 қыркүйек айы аралығында 1 қызметкер жұмыстан босатылды, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты. Қазіргі таңда 0,5 ставкамен жұмыс атқаруда. Жұмыстан босатылған маман сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың тыңдауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

*сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ;

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады;

*Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ;

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар

Аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2017 жылдың қаңтар айынан қазан айының қорытысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 


Мақаланың шыққан күні: 12.11.2017 23:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2017 23:14

Қаралым саны: 1062