Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Нұржау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Нұржау ауылы, Серікбай ата көшесі №1, тел:8(71233) 3-83-09

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімінің 2016 жылғы 24 қарашадағы №70 шешімімен жұмыс тобы құрылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Атырау облысы, Құрманғазы ауданы «Нұржау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобы 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы №525 қаулысына сәйкес атқарады.

«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 6, нақты жұмыс істейтіндер саны – 4, бос орын саны – 2, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – жоқ.

«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, яғни 2017 жылдың наурыз-мамыр айларында 2 мемлекеттік қызметші «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы кешенді аттестаттаудан өтіп, жергілікті деңгейдегі сұхбаттасу қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетті. 1 мемлекеттік қызметші зейнеткерлікке жасқа жетуіне байланысты кешенді аттестаттауға жіберілген жоқ. Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 40, жазбаша түрде - 40. Өтініштер басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. Жазбаша жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкім аппараты 1(бір) мемлекеттік қызмет көрсетеді, яғни 2017 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 235 мемлекеттік қызметтер көрсетілген және Нұржау ауылдық округі аппаратының көрнекі жеріне қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың рәсімін ақпараттандыру үшін қазақ және орыс тілдерінде түрлі түсті инфографика орналастырылған.

Округ ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Пара беру бос бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінген. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша сенім телефондары көрсетілген.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған теріс сипаттағы материалдар жарық көрген жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында округ әкімінің 2015 – 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Нұржау ауылдық округі әкімінің аппараты» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде, басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметінде, нормативтік-құқықтық актілерде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 05:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 05:54