Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың ІІІ тоқсанына орындалысы

Сұрақ қоюшы

Мәселенің мазмұны

Орындалысы

 

1

Хайруллин Арман Атырау қаласының тұрғыны, үкіметтік емес ұйымның өкілі

Атырау облысының экологиялық ахуалына байланысты АМӨЗ-де фильтрлік жүйе қондырғыларын орнату

Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС-нің мәліметі бойынша өндірісте ауа шығарындыларына ішкі мониторинг жүргізілуде. Жұмыс жасап тұрған зауыт схемасында күкіртсутегінен отындық газды тазарту қарастырылған. Күкіртсутегі өз кезегінде күкірт өндіретін қондырғысына жіберіліп, ол жерде күкіртсутегінен түйіршіктелген күкірт алынады.

Сонымен қатар, күкірт өндіретін қондырғы түгелдей автоматтандырылған, атмосфералық ауаға күкіртсутегінің шығарылуын болдырмайды.

Түтінді газдарды ластаушы заттардан тазарту R2R  каталитикалық крекинг қондырғысында жүзеге асырылады. Азот тотығын жою жүйесі «Belco» фирмасының DeNox кешенді блогымен түтін тұрбасында орналасқан. Сонымен қатар, кешенді блок жүйесіне түтін тұрбасында орналасқан түтінді газ тазалау суландыру колоннасы кіреді. Атмосфераға төгетін кезде, газ түтін тамшы-ажырату жүйесіне түседі. Бұл жағдайда, каталитикалық крекинг қондырғысында түтінді газдар ешқандай қауіп туғызбайтын су буы болып табылады.

2017-2018 жылдары Атырау облысы бойынша экология департаменті «АМӨЗ» ЖШС-не экологиялық заңнама талаптарын сақтау жөнінде жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Санитарлық-қорғау аймағында және атмосфералық ауаны ластаушы көздерден шығатын өндірістік шығарындылардан сынамалар алынды.

Санитарлық-қорғау аймағындағы ауада ластаушы заттардың концентрациясы нормативтер шегінде.

2

Рауан Тұрғантай

Атырау қаласы СМП-163,

№5 «б» үй тұрғыны,

3 топ мүгедегі

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мүгедектерге арналған демалыс орнын салу, мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру

 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы  28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама беру мемлекеттік сатып алу арқылы кезек ретімен жүзеге асырылады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қолданыстағы заннамаға сәйкес                  2%-4%-ға дейін жұмыс орындарының квотасы бекітілді. 

Жыл басынан бері жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарға хабарласқаны - 473 адам, оның ішінде 432 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

3

Ізтілеуова Надя
Атырау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, Атырау қаласы, Лесхоз ы/а К.Медеубаев 62а

Атырау қаласы Лесхоз мөлтек ауданындағы кейбір көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер өткелін орнату

Жыл басынан бері  қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолдары бойындағы жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды іске асыру барысында Лесхоз ықшам ауданы шегіндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жолақтар ағымдағы жылдың тамыз айында  жаңғыртылды.

Қала мен оған қарасты елді мекендердегі  көшенің түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 2019-2020 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарлануда.

4

Көшенов Жавкен  Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің ірге қабаттарын тиімді және нысаналы пайдалану

Бүгінгі күні коммуналдық меншікке қабылданатын Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ірге қабаттарын тиімді және нысаналы пайдалану мақсатында тиісті құжаттар жасақталды. Орынжайларды (жедел-жәрдем бекеті, спорттық ұйымдар және т.б.) жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

5

Есекенов Қадіржан Атырау қаласының тұрғыны

Аутизм диагнозымен ауыратын балаларды сүйемелдеу мәселесін шешу, оларға  инклюзивті білім беру мәселесін қарастыру

Атырау облысында медициналық-психологиялық-педагогикалық консультацияларымен анықталған ерте жастан аутизм диагнозымен тіркеуде - 85 бала, оның 30 ауданнан, 55 Атырау қаласынан. Балаларды оңалту орталығында ABA-терапия, дене шынықтыру, ритмика, монтессори, сенсорлық бөлмелерде аутизм балаларымен жеке дамыту жұмыстары жүргізілуде. Дене сауықтыру кешендерінде сау адамдармен бірге әлеуметтік бейімдеу және түзеу жұмыстары жолға қойылған.

 2018-2019 оқу жылында Атырау қаласында №6 орта мектепте «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен аутист балаларға инклюзивтік кабинет ашылды. Ерік-эмоциясы бұзылған балалардың ерекшелігі-тьюторлық сүйемелдеуді қажет етеді, осыған орай, балаларды тьюторлық сүйемелдеу үшін 6 педагог-тәрбиеші штатын ашу мәселесі жүзеге асырылуда.

Атырау облысы білім беру басқармасының 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін балаларды тьюторлық сүйемелдеу» тақырыбында «Жас қоғам» жастар бірлестігі қоры Республикалық ғылыми-тәжірбиелік институтынан лектор шақырып, облысымыздың 50 мұғалімін курстан өткізді. Мақсаты: Жалпы әлеуметтік ортаға кіріктіру мақсатында жалпы білім беретін мектептердегі мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету. Алдағы уақытта осы жоба арқылы аудандарда да жұмысты жүзеге асыратын болады

6

Әділгерей

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау – Астрахан, Атырау – Ақтөбе тас жолдарының бойына жасыл желектер егу

Атырау қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі 2017-2024 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. Қазіргі таңда Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» арнайы коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Аталған мекеме Атырау қаласының жасыл аймағын құру бағытындағы мақсатқа жету межесінде тиісті жұмыстар атқаруда.

 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің бюджеттік бағдарламасы аясында қала маңында 1791 гектар жерге жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған учаскеде орман жолағын отырғызудың жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталу үстінде.

Егерде, аталған тас жолдар бойындағы жер учаскелері орман алқабына енгізілген жағдайда, аталған учаскелерде жасыл желектер егу жұмыстарын жүргізу мүмкін болады

7

Қажымұқанова Қымбат

Атырау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Атырау қаласы көшелерінің біріне Еңбек ардагері Қайырлиев Азаматтың атын беру немесе мемориалды тақта орнату

2017 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің жазбахаты негізіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы бар.

Онда  объектілерге, әкімшілік - аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне (көшелерге, даңғыл, саябақ т.б.)  кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылып, бұл тапсырманы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.

Сондықтан, Атырау қаласы көшелерінің біріне Еңбек ардагері Қайырлиев Азаматтың атын беру мәселесі әзір қаралмайды

8

Сүлейменова Сандуғаш

Атырау қаласы 496 разъезд тұрғыны

Экологиялық жағдайға байланысты Қарабатан елді мекенін көшіру немесе балабақша, мектеп, аурухана салу

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елді мекенді көшірудің тетіктері анықталмаған. «Болашақ» зауытының маңында орналасқан елді мекендер оның санитарлық қорғау аймағына да кірмейді. Елді мекенді инвесторлар немесе кәсіпкерлердің демеушілігімен көшіру жұмыстары қарастырылғанымен, бүгінгі күнге мәселе шешімін таппай отыр

9

Н. Алунаева

Атырау қаласының тұрғыны

№1 қалалық емханаға жөндеу жұмыстары бірнеше рет жүргізілгенімен, ескі болғандықтан, оның нәтижесі көрінбейді.
№1 емхананың ғимараты типтік үлгіде болмаған. Жаңа ғимарат салу

Қалалық №1 емхана Атырау қаласы Студенттер көшесі 196 мекенжайда бейімделген ғимаратта орналасқан, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытында жасалып келеді. Осыған байланысты, жаңа типтік жобада емхана салу жоспарда жоқ

10

Сауенов Мақсат  Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 105 үйдің маңына балаларға арналған ойын және футбол, баскетбол  алаңдарын салу

Бүгінгі күні қала аумағынан ойын алаңдарын орнату мүмкіндігі бар учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін бос жер телімдері анықталған жағдайда, ойын алаңын салу      2019 жылғы жоспарға енгізілетін болады     

11

Өтеғали Сәттегі

Атырау қаласының тұрғыны

Қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру

Атырау қаласында 2017-2022 жылдарға арналған қоғамдық көліктің кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру мақсатында ағымдағы жылдың IV тоқсанында сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар алу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі күні 20 жаңа автобус алынып, қолданысқа енгізілді

12

Бақтияров Амангелді

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы «Бірлік-2» ауылына жол салу

«Бірлік-2» ауылындағы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын 11 көшеге жол салу жұмыстары жүргізілуде

13

Әбіләзім Абылай  Атырау қаласының тұрғыны

Қала мен қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер санын көбейту

Атырау қаласында 2017-2022 жылдарға арналған қоғамдық көліктің кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру мақсатында ағымдағы жылдың IV тоқсанында сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар алу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі күні 20 жаңа автобус алынып, қолданысқа енгізілді

14

Мұғалімов Аманжан

Атырау қаласы Геолог ауылдық округінің тұрғыны

Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округіндегі саябаққа Сұлтанов Мұғалімнің есімін беру немесе ескерткіш тақта орнату

2017 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің жазбахаты негізіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы бойынша  Нысандарға, әкімшілік - аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне (көшелерге, даңғылдарға, саябақтарға т.б.)  кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылып, бұл тапсырманы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.

Сондықтан, Мұғалім Сұлтановтың есімін Ойыл ауылдық округіндегі саябаққа беру мәселесі  әзір қаралмайды

15

Ескалиева Жанар 

Атырау қаласының тұрғыны

 

 

Атырау облыстық жүйке тамырлар ауруханасының ғимараты ескі. Жаңа ғимарат салу 

Атырау қаласында 80 орындық жүйке тамырлар ауруханасының құрылысын салу «НКОК Н.В.» компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар» бағдарламасы аясында іске асыру жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманың мерзімі 3 жылдан асып кетуіне және құрылыстың сметалық құндары қазіргі нарықтық бағаға сәйкес келмеуіне байланысты, жобаға түзету енгізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылға жоспарлануда

16

Мураткалиева Санжан

Атырау қаласының тұрғыны

Ескі әуежай, Құрманғазы көшесіне қазіргі Досмұхамедова қиылысынан бастап Ноғай мәйітіне қарай,  бұрынғы Бигелдинов көшесі, қазіргі Құрманғазы көшесіне және Әлиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін және ескі әуежайдың бағдаршамынан бастап Нұрсая ықшам ауданына дейін жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу 

Құрманғазы көшесін (яғни Авангард ықшам ауданынан бастап Тайманов көшесіне дейін) және Бейбарыс даңғылын (Әуежайдан бастап Темір жол вокзалына дейінгі аралығын) қайта жаңғыртудан өткізу (кеңейту, жаяу жүргінші жолын салу) жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

17

Мураткалиева Санжан

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсая ықшам ауданында асфальтталған жаңа аялдамалар орнату

 

Нұрсая ықшам ауданына және басқа да ықшам аудандарға жаңа аялдамаларды орнату жұмыстары 2019-2020 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарлануда

18

Мураткалиева Санжан

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсая ықшам ауданында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасы өте үлкен ғимарат.              Аурухана ғимаратының ішінен Нұрсая ықшам ауданы тұрғындары үшін емхана ашу

2016 жылы Нұрсая ықшам ауданында салынып пайдалануға берілген жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінгі күні №2 Атырау облыстық аурухана болып өзгертіліп ішінен бірнеше бөлімшелер ашылды. Қазіргі таңда облыс тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетуде.

19

Сисенғалиева Жанель Қайырбекқызы

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын ауыстыру

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан ойын алаңдарын ауыстыру және жөндеу жұмыстары                   2019-2020 жылдарға жоспарлануда

20

Шамғонов Амангелді

Атырау қаласының тұрғыны

 

Биылғы жылы Исатай Тайманұлының қаза тапқанына
180 жыл. Еске алу шараларын ұйымдастыру

 

Ағымдағы жылы Халық батыры Исатай Тайманұлының қаза тапқанына                            180 жылдығына орай, облыстық деңгейде мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Атырау қаласы және аудандарда  ақындар айтысы, жыраулар байқауы, поэзия кеші, кітап көрмесі, ғылыми экспедиция, дөңгелек үстелдер, әдеби және тақырыптық кештер және т.б. іс-шаралар өткізілетін болады

21

Қалмұқашев Ғалым

 Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылында ұялы байланыс орнату

 

 

Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округіне ұялы байланыс жүйесін орнату мәселесі қарастырылуда

22

Қалмұқашев Ғалым

Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

Құрманғазы ауданы Ұштаған ауылындағы 1973 жылы салынған мәдениет үйі 2013 жылы апатты деп танылуына байланысты, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Ескі мәдениет үйінің орнына жаңадан мәдениет үйінің құрылысын салу облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді.

23

Құмарғалиев Сағытжан

Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

 

Ф.Оңғарсынованың және Ж.Нәжімеденовтің ескерткіштерін М.Өтемісов атындағы қазақ драма театрының, Атырау мемлекеттік университетінің алдына немесе орталыққа орнату 

 

Ф.Оңғарсынова мен Ж.Нәжімеденовтың ескерткіштерін орнату қаламыздың даму жоспарына сәйкес облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы «Көркемдік кеңеспен» және облысымыздың зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, қаламыздың көрікті, әрі тұрғындар, жастар көп демалатын қазіргі  «Салтанат сарайы» және «Ренессанс» қонақ үйінің аумағы таңдалып, республикалық комиссияға ұсынылып, оң шешімін тапты.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алдында  Халел Досмұхамедовтің ескерткіші орнатылған.

Қазіргі таңда, аталған ескерткіштердің орынын өзгерту немесе қайта орнату тиімсіз.

24

Құмарғалиев Сағытжан

Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Индер ауданындағы тұздыкөлдің жағасынан балшықпен емдейтін (грязелечебная) профилактураны ашу мәселесін қарастыру

Индер ауданындағы тұзды көлді зерттеу мақсатында Ресей Федерациясы Пятигорск мемлекеттік емдеу-сауықтыру ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлескен жұмыстар  жүргізілді.

     Нәтижесінде, ғылыми-зерттеу институты бальнеологиялық сараптама жұмыстарын қорытындылап, аудандағы тұз көлінің емдік қасиеті жөнінде оң бағасын берді.

     Тұз көлі жағалауынан курорттық емдеу-сауықтыру кешенін салуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда инвесторлар тарту мәселесі қарастырылуда.

25

Көргенов Махмуд Көргенұлы 
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау қаласының Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу

 

 

Қазіргі уақытта  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпіріне дейінгі аралықтағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды сонымен қатар, аталған жобаға қосымша Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпірінен теміржол көпіріне дейін және Тұрғындар қалашығынан Темірханов көшесіне дейінгі аралықтардағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда

26

Көргенов Махмуд Көргенұлы
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау ықшам ауданының Т.Нсанов, Буровиктер және                    №43 көшелеріндегі үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу

Атырау ықшам ауданы Буровиктер және №43 көшесіндегі үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын жасақтау 2019-2020 жылдарға арналған нысандар тізіміне енгізу жоспарлануда

27

Оразова Зоя  
Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының Огородный көшесіне балалар ойын алаңының құрылысын салу

Огородный көшесі аумағынан техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін бос жер учаскелері анықталған жағдайда, ойын алаңдарын орнату жұмыстары                 2019-2020 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарлануда

28

Мұхамбетова Алма І топ мүгедегі, Мұханбетқалиев М.

І топ мүгедегі,
А.Аженова 
І топ мүгедегі,
Шишкин Борис 
ІІ топ мүгедегі, Атырау қаласының Өркен ы/а, Т.Бимақов (31 көше) көшесінің тұрғындары

Атырау қаласы Өркен ықшам ауданындағы Т.Бимақов (№31) және М.Сатыбалдиев көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол, жол белгілері, автобус аялдамасы және жарықтандыру мәселелерін шешу

 «Өркен» ықшам ауданындағы Т.Бимақов (№31) пен М.Сатыбалдиев көшелері бойына жаяу жүргіншілер жолы құрылысы салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жол белгілері Атырау облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының тиісті ұйғарымына сай орнатылатын болады. Түнгі көше жарығы шамдарын орнату жұмыстары 2018-2020 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру жоспарлануда. Аялдамалар орнату мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

29

Хабиров Ғабдібек 

Атырау қаласының Нұрсая ы/а тұрғыны

Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданының жылдан жылға өсіп келе жатқандығын және ондағы жолдардың тарлығы салдарынан автокөліктердің жүруіне қиындықтар туғызатынын ескеріп, ықшам аудан жолдарын кеңейту мәселесін шешу  

Қазіргі таңда Нұрсая ықшам ауданындағы жол көлік оқиғаларының алдын – алу және аталған ауданда көлік кептелістерін болдырмау мақсатында Ғабдиев, Маденов көшелері мен Бейбарыс даңғылын кеңейту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда

30

Шиянов

Александр Васильевич

Атырау қаласы Махамбет көшесі 114 б тұрғыны, зейнеткер

 

Облыс зейнеткерлерінің шипажайларға барып емделу мақсатында Атырау-Есентуки, Атырау-Волгоград демалыс орындарына жүретін автобустар немесе Ресей Федерациясының Саратов, Кисловодск, Есентуки қалаларына қатынайтын жалғамалы вагондар шығаруды қарастыру

Аталған халықаралық  бағыттарға  тұрақты жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарын ұйымдастыру ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің құзырында. Облыс әкімдігі тарапынан                 ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетіне ұсыныс хат жолданды. Қазіргі уақытта, салалық министрлікте ұсыныс қаралуда

31

Айгул және т.б.  
Атырау қаласы Сәтпаев даңғылы, №14,16,20,22 үйлердің тұрғындары

 

 

Атырау қаласы Сәтпаев даңғылындағы № 14,16,20,22 ескі үйлерді бұзу мәселесін қарастыру

Атырау қаласы Қ.Сәтпаев даңғылында орналасқан №14,16,20,22 көппәтерлі тұрғын үйлер апатты жағдайда емес. Сондықтан, аталған үйлер қала бойынша бұзуылуға жататын апатты тұрғын үйлердің тізбегінде енгізілмеген, яғни бұзуылуға жатпайды

32

Зинетолла Керей               зейнеткер, теміржол саласының ардагері, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Теміржол мөлтек ауданының тұрғыны

Исатай ауданының орталығы Аққыстаумен жаңадан салынған Өркен елді мекені арасын бөліп жатқан теміржолдан өтетін өткелдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша үш жерден теміржол асты өткелін салуды қарастыру

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы жаяу жүргінші өткелінің құрылысын жоспарлау барысында алдымен теміржол асты өткелін салу да қарастырылған болатын. Алайда, Өркен елді мекенінде жаңа құрылыстар салынып, тұрғындар санының өсуіне байланысты, теміржол арқылы жер үсті жаяу жүргінші өткелін салуға тиісті  органдардан рұқсат алынды. Аққыстау ауылының бас жоспарында теміржол асты өткелі құрылысын салу қарастырылмаған

33

Қожахметов Ізғали Байтоллаұлы             Балауса ы/а, №3 көше тұрғыны

 

Атырау қаласының Еркінқала ауылдық округіне жол салу

Бүгінгі таңда, Еркінқала-2 ауылында жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталған 46 көшеге тас жол төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Еркінқала ауылдық округіне қарасты «Балауса» ықшам ауданының 24 көшесіне (соның ішінде №3 көшесіне де) жол құрылысын жүргізу жұмыстарының  жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда

 

34

Жұмағалиева Сәния 

Атырау қаласы Жұмыскер-2 ауылының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласының Водников-2 ауылына жол, балабақша, мектеп, емхана құрылысын салу және қоғамдық көліктердің қатынауын ұйымдастыру

Бүгінгі күні «Водников-2» ауылында 23,6 шақырымдық 33 көшеге жол төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол төсеу жұмыстары толығымен аяқталған соң, қоғамдық көліктерді ішкі жолмен жүргізу жұмыстары жоспарға енгізілетін болады.

Водников ауылынан балабақша құрылысын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталған. Қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асыру  жоспарлануда.

Қазіргі таңда Водников-2 ауылының тұрғындары үшін Тасқала ауылында дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді

35

Н.  Искужиева

Атырау қаласы Авангард ы/а тұрғыны

 

 

Қала ішілік және қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын автобустарға GPS жүйесін енгізіп, ұялы телефондағы тегін жүктелетін «AUTOBAS» қосымшасына орнату

Атырау қаласындағы қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдаудың ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс жүйесін дамыту мақсатында Л.Б.Гончаров атындағы Алматы қаласы Қазақ автомобиль - жол академиясының профессорларымен «Атырау қаласының 2017-2022 жылдар аралығында қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» жасақталды.

Тұжырымдама аясында электронды билеттік жобаны және қала маршруттарына толық бақылау орнату үшін, Атырау қалалық әкімдігі жанынан «Смарт-Атырау» мекемесі құрылып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқаруда

36

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылына саябақ құрылысын бастау мәселесін  қарастыру

 

 

Х.Ерғалиев  ауылында  жасыл  желек  егілген  4  саябақ  бар.  Олар: Рысбай Ғабдиев  атындағы  саябақ,  2  жерде  түлектер саябағы және Х.Ерғалиев атындағы саябақ бүгінде ауыл халқының демалыс орнына айналды. Аталған саябақтар толықтай жазғы су желісімен қамтылған. Жеке кәсіпкерлер, демеушілерді тарту арқылы осы саябақтарды көркейтіп, заман талабына сай абаттандыру жұмыстарын үнемі жүргізуде. Х.Ерғалиев ауылына Жаңа саябақ салу әзірге жоспарда жоқ.

37

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Аудан орталығы Аққыстау селосында биылғы жылы салынатын 320 орындық кәсіптік лицейдің орнына Аққыстау және Тұщықұдық селоларында орта мектептер құрылысын салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округінде 320 орындық  кәсіптік лицейі  (100 орындық жатақханасымен) құрылысын салу үшін қаржысы қаралып, қазіргі кезде «ДанСтройБаза ЛТД» ЖШС кәсіпорнымен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын аяқтау 2019 жылы жоспарланған.

Бүгінгі таңда, Аққыстау ауылдық округінде 3 мектеп, 5 балабақша, Тұщықұдық ауылдық округінде 1 бастауыш, 1 орта мектеп және                              1  балабақша халықтың сұранысына сәйкес толықтай қызмет көрсетуде

38

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Биылғы жылы Атырау қаласының орталығынан Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсембаев, Қ.Ахмедьяровтарға ескерткіштер орнату мәселесін қарастыру

 

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары Мемлекеттік сыйлық иегерлері, ақын, халық жазушысы Ә.Сәрсенбаевтың, Х.Ерғалиевтың және күйші, домбырашы Қ.Ахмедияровтың  ескерткіштерін орнатуға жобалар жинақталып, республикалық комиссияның қарауына ұсынылып, Ә.Сәрсенбаев пен Қ.Ахмедияровқа ескерткіш орнату мәселесі республикалық комиссияның оң шешімін алды. Қазіргі таңда ескерткіштерді салу жұмыстары жыл аяығна дейін жоспарланған.

Ал, Х.Ерғалиевтың  ескерткішін орнатуға ұсынылған жоба қолдау таппағандықтан, қайтадан конкурс жарияланды

39

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласында құрылысы басталып аяқталмай тұрған концерт залын пайдалануға беру

 

 

Атырау қаласында құрылысы басталып, аяқталмай қалған концерт залы құрылысының жобасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде

40

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласындағы көне тарихи орындар мен тарихи маңызы бар нысандарды қалпына келтіру

Атырау облысы бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атырау қаласы іргесіндегі Ақтөбе-Лаэти қалашығын сақтау мақсатында қалашықтың аумағын темір шарбақпен қоршау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда. Аралтөбе қорғанын ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсатында ғылыми-реставрация жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Бұдан басқа, Исатай-Махамбет мемориалдық кешеніне NCOC компаниясының демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

41

Өтепов Қайыржан Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы

Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені арқылы халықты тасымалдайтын паром жұмыс жасап тұр. Көпір құрылысы мәселесін шешу

Бүгінгі таңда Құрманғазы ауданы Көптоғай елді мекеніне (267 үй, халық саны – 1199 адам) Қиғаш өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын салу қомақты қаржыны талап етуде. Әзірге, көпір құрылысын салу жоспарда жоқ. Қазіргі уақытта аталған елді мекеннің тұрғындары үшін Қиғаш өзені арқылы өтуге паром қатынасы үздіксіз қызмет көрсету ұйымдастырылған.

42

Нұрмұханова Сара Саясатқызы

Атырау қаласы Гагарин көшесінің тұрғыны

Атырау қаласы Гагарин көшесінің оң жағындағы тұрғын үйлердің бұзылуын анықтау

 

Қазіргі уақытта  мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы бұзуға жататын тұрғын үйлердің бағасын анықтау мақсатында тәуелсіз бағалаушы анықталып, үйлердің нарықтық құны бойынша бағалау жұмыстары аяқталуда

43

Сейтжанов Орысбай 

Атырау қаласы Лесхоз ы/а, №22а үй тұрғыны

Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйінің жертөлесін қалпына келтіру жұмыстары

«Талғатжан» пәтер иелері кооперативімен Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйдің жертөлесін судан тазарту жұмыстары, толықтай жүргізілді. Пәтер иелерінің ортақ пайдаланатын мүліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу тұрғындардың қосымша қаражат жинауы арқылы қызмет көрсетуші ПИК-пен бірлесіп жасалынуы тиіс. Алайда, бүгінге күні аталған үй тұрғындарының «Талғатжан» пәтер иелері кооперативіне берешегі 385 000 теңгені құрап отыр

44

Мзимов Мұрат

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласында тұрғын үйлерге қызмет көресететін пәтер иелерінің кооперативтері (КСК) қызметтерінің сапасын жақсарту және оларды бір жүйеге келтіру 

Қаладағы 977 көпқабатты тұрғын үйдің 849 үйі пәтер иелері кооперативтерімен басқарылса (КСК), қалған 128 үй иесіз үйлер қатарында. Қазіргі таңда қалалық әкімдік «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кондоминиум нысандарын басқарушы органдардың жұмысын жетілдіру мақсатында «Е-ПИК» жобасын іске асыруда. Бұл жоба пәтер иелері кооперативтері мен қала тұрғындары арасындағы байланысты жақсарту үшін арналған

45

Мусин Мұрат 
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарығы мәселесін шешу

 

 

Атырау қаласы әкімдігі тарапынан қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолдарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Ал, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 2018-2020 жылдары аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылатын нысандардың тізіміне енгізілді

46

Мусин Мұрат 
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінде жоспарланған
4 мектептің және 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамаларын уақытылы аяқталуы

Қазіргі таңда Атырау қаласының Жұлдыз-3  ықшам ауданында 600 оқушыға арналған орта мектептің («Проектстройинжиниринг» ЖШС), жаңа шағын ауданында 900 оқушыға арналған орта мектептің («Көркем KZ» ЖШС), Талғайран селосында 280 орынға арналған балабақша құрылысына («СтройДизайнСервис» ЖШС), №1 ықшам ауданындағы 280 орындық балабақшаның («Атыраустройпроект» ЖШС), №2 ықшам ауданындағы 280 орындық балабақшаның құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда («Атыраустройпроект» ЖШС)

47

Ажигалиева Венера

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласынан Оңалту орталығын ашу

 

Облыстық балаларды оңалту орталығы 2000 жылы ашылып, жұмыс жасауда. Сыйымдылығы 71 балаға арналған, жылына орта есеппен 900-дей бала қабылданады. Оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді медициналық, педагогикалық-психологиялық көмек көрсетуде.

Облыстық оңалту орталығы қала және аудандардың барлық балаларын қамтиды. Бүгінгі таңда орталықтың ғимаратын кеңейту мақсатында ғимаратқа жапсаржай құрылысын салу мәселесі зерделенуде.

Бұдан басқа, Атырау қаласынан қосымша педагогикалық-психологиялық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

48

Кенжегулова Ұлболсын

Атырау қаласы Балауса ы/а тұрғыны, медицина  саласының ардагері

Атырау қаласының Балауса ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу 

Атырау қаласы Балауса ықшам ауданында  ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып, құжаттары рәсімделуде. Бүгінгі таңда жер учаскесі бөлінген. Ракуша ауылы мен Балауса ықшам ауданындағы елді мекенге бір дәрігерлік амбулатория салу мәселесі зерделенуде.

49

Әубекеров Қали

Атырау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Атырау қаласында салынып жатқан жаңа аудандарға кәріз желісін тарту

Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты 11 елді мекенге («Мясокомбинат», «Атырау», «Сарықамыс-2», «Нұрсая», «Самал», «Жерұйық», «Лесхоз-2», «Мұнайшы» ықшам аудандары мен «Өркен», «Өркен-2», «Балауса» ауылдарына) жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу мақсатында автономды кәріз жүйелері (кіші кәріз сорғы стансасының құрылысымен бірге) құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда

50

Тілекқабылов Мұратолла
Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Дамбы-Балықшы автомобиль жолының бойына көше жарығын орнату

Атырау қаласының Дамбы-Балықшы автокөлік жолының бойына мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 14,5 шақырымды құрайтын көше жарығы орнатылды

51

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының орталығынан Ұлы ақын, жазушы Абайға ескерткіш орнату

Атырау қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату мәселесі                   Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы көркемдік кеңеспен қаралды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен ескерткішті тұрғызуға келісім алынды. Ендігі кезекте ескерткіш тұрғызу бойынша жер мәселесі анықталғаннан кейін ескерткіштің үздік жобасына конкурс ұйымдастырылады

52

Тілекқабыл  Құлымжанұлы 

Атырау қаласы Томарлы ауылының тұрғыны

Томарлы ауылында жаңадан салынған футбол алаңы маңынан жабық түрдегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу

 

Атырау қаласы Томарлы ауылынан жабық түрдегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу жұмыстары зерделенуде

53

Келдібаева Ақау  Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің тұрғыны

Атырау қаласының Еркінқала ауылындағы  мектепке баратын Есқалиев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және көше жарығын жүргізу

Атырау қаласы аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізбесі (оның ішінде Еркінқала ауылдық округіне қарасты Есқалиев көшесі де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Қазіргі таңда көшелер тізбесі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Ал, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын нысандардың тізбесіне енгізілді. Қазіргі таңда                           1,4 шақырым көше жарығы тартылды.

54

Алмашева
Атырау қаласы Балықшы  ықшам ауданының тұрғыны

Атырау қаласы Балықшы ықшам ауданының Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы               №1 және №7 тұрғын үйлерді бұзуды қарастыру

Атырау қаласы Балықшы кенті Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы №1 және №7 тұрғын үйлер қала бойынша бұзылуға жататын үйлер тізіміне енгізілген. Аталған үйлердің бұзылу мәселесі тұрғын үй құрылысының салынуына қарай кезең-кезеңімен іске асырылатын болады

 

55

Шығамбаева Зоя 
Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны

Кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталығының құрылысын салу

Жылыой ауданында бала жастан мүгедек 460 бала бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 333 бала. «Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету» аумақтық орталығында  96 мүмкіндігі шектеулі бала қамтылған.

Ауданның орта мектептері бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 148. Аудандық білім бөліміне қарасты №2 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Ондағы бала саны – 90. Аталған мекеме қазіргі таңда №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің ғимаратын өтеусіз негізде келісім бойынша               1-блогындағы 5 кабинетті пайдаланып отыр. Материалдық-техникалық базасы  жеткілікті, мамандармен толық қамтылған.

Сонымен қатар, Жылыой аудандық емханада 2015 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 50 орындық оңалту орталығын ашып,  онда күніне  30 бала ем алып келеді.

Қазіргі уақытта Жылыой ауданына арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталығын салу тиімсіз

56

Қадіров Тілеген  Жылыой ауданының тұрғыны, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жаңа Қаратон кентіне, Жем, Қара Арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдық округтеріне мәдениет үйлерін салу

Жаңа Қаратон кентіне, Жем, Қара Арна, Майкөмген, Ақкиізтоғай ауылдық округтеріне мәдениет үйін салу үшін жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі, техникалық шарттары жасақталды. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау үшін 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарына енгізілді.

57

Өтегенов Ербол  Жылыой ауданының тұрғыны, ардагер

Құлсары қаласы Теміржол ықшам ауданында медициналық пункт құрылысын салу

Құлсары қаласы Теміржол ықшам ауданы аудандық емханадан ара қашықтығы 4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда Теміржол ықшам ауданы тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуға Теміржол ықшам ауданынан ғимарат жалға алынып, емхана филиалы медициналық қызмет көрсетуде. Құлсары қаласының Теміржол ықшам ауданында тұрғын үй құрылысының қарқынды жүргізілуіне байланысты тұрғындарды медициналық көмекпен қамту аймағы да өсіп отыр. Аудан халқын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Теміржол ықшам ауданынан емхана ғимаратын салу жоспарға енгізілді.

58

Өтегенов Ербол Жылыой ауданының тұрғыны, ардагер

Жылыой ауданына денсаулық сақтау саласына қажетті дәрігер мамандарды тарту

2018 жылы ауданның дәрігерлер қатары 15 жас маман дәрігерлермен толықты, оның 1-жалпы тәжірибелі дәрігер Жаңа Қаратон дәрігерлік амбулаториясына орналасты, 6-жалпы тәжірибелі дәрігер, 2-оташы,                      3-терапевт, 1-тіс дәрігері, 2-акушер гинеколог мамандары аудандық орталық аурухананың емхана бөлімінде қызмет атқаруда.

59

Мұханбетқалиева Шолпан

Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны

Индер ауданындағы Тұзды көлді халық игілігіне пайдалану, курорттық емдеу кешенін салуды, автомобиль, жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселесін қарастыру

Индер ауданындағы тұзды көлді зерттеу мақсатында Ресей Федерациясы Пятигорск мемлекеттік емдеу-сауықтыру ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлескен жұмыстар  жүргізілді. Нәтижесінде, ғылыми-зерттеу институты бальнеологиялық сараптама жұмыстарын қорытындылап, аудандағы тұз көлінің емдік қасиеті жөнінде оң бағасын берді. Тұз көлі жағалауынан курорттық емдеу-сауықтыру кешенін салуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда инвесторлар тарту мәселесі қарастырылуда.

60

Жалғасбаев Өтеғұл Индер ауданы Есбол ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер

Индер ауданы Есбол ауылдық округіне жол салу

2017 жылы ауданға қарасты Есбол ауылына ауылішілік 22 шақырым автомобиль жолы мен 11,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 20 млн. 160 мың.теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Жобалаушы мекеме «StroyConsaltine» ЖШС-гі. Күні бүгінге жоба мемлекеттік сараптамада қаралуда.

61

Дүзбаева Қарлыға Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық Білім бөлімінің әдіскері

Исатай ауданы Аққыстау ауылының Аққыстау орта мектебінде оқушы санының көп болуына байланысты мектеп ғимаратына жапсаржай құрылысын салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округіндегі жалпы білім беретін Аққыстау  орта мектебіне 200 орындық жапсаржай құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамалары жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2019-2021 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді

62

Сиыхова Әлия   
Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер

Исатай ауданы Аққыстау ауылының ауылішілік жол салу мәселесі

Аққыстау ауылының ауылішілік жолын салу жұмыстарының ЖСҚ-сы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Алайда, бүгінгі күні Аққыстау ауылында кәріз су айдау станциясы мен кәріз желілерінің құрылыстары жүргізілуіне байланысты жол салу жұмыстары тоқтап тұр. Кәріз желілерін жүргізу жұмыстары толықтай аяқталғаннан кейін, жол салу жұмыстары жүргізілетін болады

63

Сиыхова Әлия  
Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер

Ауруханада мамандардың жетіспеуі, мамандарды оқыту мәселесі, дәрігерлердің тұрақтауы үшін жағдай жасау

Исатай ауданына жоғары медициналық оқу орындарын бітірген 6 түлек және 1 тәжірибелі дәрігер аудандық орталық ауруханаға  тұрақты жұмысқа орналасты. Оның 3-уі тұрғын үймен қамтылып, 2-ін қамту жоспарлануда.                           Қалған 2 маман жергілікті тұрғын

64

Блялова Шәмшия

Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер

Ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалану үшін жер берілуін шешу

Исатай ауданының әкімдігі жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) оның ішінде электронды түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес 2018 жылға 65 жер учаскесі дайындалып, конкурс өткізу жоспарлануда. Аталған конкурс жөніндегі ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарына және интернет ресурстарына жарияланғаннан кейін, толық құржаттарыңызды тапсыру арқылы конкусқа қатысу мүмкіндігіңіз бар

65

Хайрлиева Татьяна Павловна Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі Жұмекен ауылының тұрғыны, педиатр-дәрігер

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 100 орындық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасына қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, Ганюшкин ауылы, Самаркин елді мекенінен жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделді

66

Ақмұханова Бахыт

Құрманғазы ауданы

Нұржау ауылдық округінің тұрғыны, Нұржау клубының меңгерушісі

Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған 2 инватакси автокөлігін алу

Құрманғазы ауданының әкімдігі зейнеткерлер мен мүгедектер үшін арнайы жабдықталған инватакси автокөлігін алуды жоспарлауда

67

Омаров Зинеден  
Қызылқоға ауданының тұрғыны, зейнеткер

Ауданда орналасқан «Сағыз Петролеум» мекемесіне жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту

Қазіргі таңда «Сағыз Петролеум Компани» мекемесінің кен орынында Қызылқоға ауданының 10 азаматы тұрақты жұмыс жасауда. Бүгінгі күні аталған мекемеде штат санының толық болуына байланысты қосымша жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мүмкін болмауда.

68

Омаров Зинеден 
Қызылқоға ауданының тұрғыны, зейнеткер

Сағыз ауылында орналасқан «Балбұлақ» бөгетін жөндеу

Сағыз ауылындағы «Балбұлақ» бөгетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі Қызылқоға ауданы әкімдігімен  зерделенуде

69

Ерғожиев Әділбек  Мақат ауданының тұрғыны, спорт саласының қызметкері

Мақат ауданының Мақат кентіне стадион, жүзу бассейні кешенін салу

Мақат кентінен 320 орындық спорт кешені құрылысының жобалау - сметалық құжаттамасының байламына 4,1 млн.теңге бөлініп, жобасы жасақталуда. Сонымен қатар, Мақат кентінен жүзу бассейнінің құрылысын салу  үшін жобалау-сметалық құжаттаманы  жасақтауға 7,0 млн теңге бөлініп, жоба жасақталуда. Құрылыс жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарланған

70

Мыңтұрғанов Қуат Мақат ауданының тұрғыны, ардагер

Мақат ауданының Доссор кентіне демалыс орындарын және мұражай салу

Доссор кентіндегі саяжайды (27 үйлік) жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға 1,6 млн.теңге бөлініп, жобасы жасақталды. Қазіргі таңда кешенді ведомоствадан тыс сараптама қорытындысын алу үшін келісім-шарт жасақталды. Құрылыс жұмыстары 2019 жылға жоспарланған.

Доссор кентінде Мақат тарихи өлкетану мұражайы жұмыс жасайды.                Бүгінгі таңда жаңадан мұражай ғимаратын салуды қажет етпейді.

71

Шәйкиев Марат 

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіне перрон салу

 

 

Перронды күрделі жөндеуге конкурсқа берілді. Нәтижесінде «Sаlа» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталып, келісім–шарт жасақталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда

72

Шәйкиев Марат  

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Мақат ауданының С.Шәріпов мектебін күрделі жөндеуден өткізу

 

С.Шәріпов атындағы мектеп-интернатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге (75 млн. 700 мың теңге) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстары                    2019-2020 жылдарға жоспарлануда

73

Шәйкиев Марат

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы мектептің спорт залын күрделі жөндеуден өткізу

Мақат ауданының Доссор кентінде жаңадан салынған О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің келісім шарттағы кепілдік мерзімі 2019 жылғы қаңтар айына дейін болуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмай отыр. Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар жасақталып, жұмыстар жүргізілетін болады

74

Оразғалиев Мәндірғали  Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ауылдық округтерден сайланатын депутаттар сол ауылдардан болуын қарастыру

 

Махамбет ауданы бойынша аудандық депутаттар өз ауылдық округтері бойынша сайлануда

 

75

Оразғалиев Мәндірғали Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Округ әкімдерінің өз округтерінде тұру мәселесін ұйымдастыру

 

 

Махамбет ауданы бойынша 10 ауылдық округтің әкімдері өз округтерінің  тұрғындары

 

76

Оразғалиев Мәндірғали  Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мүгедектерге шипажайларға жолдамаларды бөлу мәселесін зерделеу, жолдамаларды мүгедектерге кезектілікті сақтай отырып уақытылы бөлуді ұйымдастыру

Аудан бойынша Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы                                   №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде 2018 жылға 192 мүмкіншілігі шектеулі жандарға (101 - жалпы ауруға, 57 – тірек-қимыл жүйесі ауруына,  29 - көз ауруына, 5 – Ауған соғысының ардагерлеріне) санаторий - курорттық емделуге cұраныс берілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды уақытылы санаторий – курорттық емделуге арналған жолдамалармен қамтамасыз ету Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілуде


Мақаланың шыққан күні: 17.10.2018 02:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 13:38

Қаралым саны: 3409