Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың ІІ тоқсанына орындалысы

Сұрақ қоюшы

Мәселенің мазмұны

Орындалысы

 

Хайруллин Арман Атырау қаласының тұрғыны, үкіметтік емес ұйымның өкілі

Атырау облысының экологиялық ахуалына байланысты АМӨЗ-де фильтрлік жүйе қондырғыларын орнату

Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС-нің деректері бойынша мұнай өңдеу процесінде отын газы шығарылады. Жұмыс жасап тұрған зауыт схемасында күкіртсутегінен отындық газды тазарту қарастырылған.                   Күкіртсутегі өз кезегінде күкірт өндіретін қондырғысына жіберіліп, ол жерде күкіртсутегіден түйіршіктелген күкірт алынады.

Сонымен қатар, күкірт өндіру процесі қондырғыда түгелдей автоматтандырылған, атмосфераға күкіртсутегінің шығарылуын болдырмайды.

Түтінді газдарды ластаушы заттардан тазарту R2R  каталитикалық крекинг қондырғысында жүзеге асырылады. Азот тотығын жою жүйесі «Belco» фирмасының DeNox кешенді блогымен түтін тұрбасында орналасқан. Сонымен қатар, кешенді блок жүйесіне түтін тұрбасында орналасқан түтінді газ тазалау суландыру колоннасы кіреді. Атмосфераға шығару кезінде, газды түтін тамшы-ажырату жүйесіне түседі. Бұл жағдайда, каталитикалық крекинг қондырғысында түтінді газдар ешқандай қауіп туғызбайтын су буы болып табылады.

2017 жылы Атырау облысы бойынша Экология департаменті «АМӨЗ» ЖШС-ға экологиялық заңнама талаптарын сақтау жөнінде жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаның және атмосфералық ауаны ластаушы көздерден шығатын өндірістік шығарындылардан сынамалар алынды.

Санитарлық-қорғау аймағындағы ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы нормативтер шегінде.

 

Рауан Тұрғантай -

Атырау қаласы СМП-163,

№5 «б» үй тұрғыны,

3 топ мүгедегі

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мүгедектерге арналған демалыс орнын салу, мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру

 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы     22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының  2017 жылғы  28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама беру мемлекеттік сатып алу арқылы кезек ретімен жүзеге асырылады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қолданыстағы заннамаға сәйкес 2%-4%-ға дейін жұмыс орындарының квотасы бекітілді.  Квота бойынша 44 адам жұмысқа орналасты.       

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласқан 389 мүгедектің 329-і (84,6%) жұмысқа орналасты.

 

Ізтілеуова Надя -
Атырау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, Атырау қаласы, Лесхоз ы/а К.Медеубаев 62а

Атырау қаласы Лесхоз мөлтек ауданындағы кейбір көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер өткелін орнату

Жыл басынан бері  қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолдары бойындағы жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды іске асыру барысында Лесхоз ықшам ауданы шегіндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жолақтар да міндетті түрде қайта жаңғыртылатын болады.

Қала мен оған қарасты елді мекендердегі 194 көшенің түнгі көше  жарық шамдарын орнату жұмыстары 2019-2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарлануда.

 

Көшенов Жавкен - Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің ірге қабаттарын тиімді және нысаналы пайдалану

Бүгінгі күнге коммуналдық меншікке қабылданатын Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ірге қабаттарын тиімді және нысаналы пайдалану мақсатында тиісті құжаттар жасақталды. Орынжайларды жалға беру немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

 

Есекенов Қадіржан Атырау қаласының тұрғыны

Аутизм диагнозымен ауыратын балаларды сүйемелдеу мәселесін шешу, оларға  инклюзивті білім беру мәселесін қарастыру

Атырау облысында медициналық-психологиялық-педагогикалық консультацияларымен анықталған ерте жастан аутизм диагнозымен 45 бала тіркеуде тұр. Инклюзивтік білім беру бағдарламасы бойынша балабақшамен   12 бала, жалпы білім беретін мектептерде-12, 2 бала арнайы біліммен қамтылды, ал 19-ы түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарына жолданды. Балаларды оңалту орталығында ABA-терапия, дене шынықтыру, ритмика, монтессори, сенсорлық бөлмелерде аутизм балаларымен жеке дамыту жұмыстары жүргізілуде. Сауықтыру кешендерінде сау адамдармен бірге әлеуметтік бейімдеу және түзеу жұмыстары жолға қойылған. Атырау қаласында қосымша түзету педагогикалық кабинетін ашу жоспарлануда.

Ерік-эмоциясы бұзылған балалардың ерекшелігі-тьюторлық сүйемелдеуді қажет етеді. Осыған орай, «Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білімді қажет ететін балаларды тьюторлық сүйемелдеу» тақырыбында Атырау облысы білім беру басқармасының  2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде конкурс жарияланды. Мақсаты: Жалпы әлеуметтік ортаға кіріктіру мақсатында жалпы білім беретін мектептердегі мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету.

Ағымдағы жылы  «Болашақ» корпоративтік қорының жобасы бойынша «Әрбір бала  мектепте оқуға  лайықты», инклюзивтік сынып ашу жоспарлануда, осыған байланысты Атырау қаласындағы  №6 жалпы білім беретін мектеп жанынан  инклюзивтік сынып ашылуда.

 

Әділгерей –

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау – Астрахан, Атырау – Ақтөбе тас жолдарының бойына жасыл желектер егу

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің бюджеттік бағдарламасы аясында 1 791 гектар жерге жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы аталған учаскеде орман алқабын отырғызудың жобалау-сметалық құжаттары жасақталады. Жобалаушы болып Астана қаласының орман алқабын құруды дайындаған Алматы қаласының ғылыми-зерттеу институты анықталды.       

Атырау қаласының жасыл аймағын құру жөніндегі 2017-2024 жылдарға арналған жобасы жасақталып, алға қарай жасыл желектерді егу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Қажымұқанова Қымбат

Атырау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Атырау қаласы көшелерінің біріне Еңбек ардагері Қайырлиев Азаматтың атын беру немесе мемориалды тақта орнату

2017 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің жазбахаты негізіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы бар.

Онда  объектілерге, әкімшілік - аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне (көшелерге, даңғыл, саябақ т.б.)  кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылып, бұл тапсырманы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.

Сондықтан, Атырау қаласы көшелерінің біріне Еңбек ардагері Қайырлиев Азаматтың атын беру мәселесі әзір қаралмайды.

 

Сүлейменова Сандуғаш

Атырау қаласы 496 разъезд тұрғыны

Экологиялық жағдайға байланысты Қарабатан елді мекенін көшіру немесе балабақша, мектеп, аурухана салу

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елді мекенді көшірудің тетіктері анықталмаған. «Болашақ» зауытының маңда орналасқан елді мекендер оның санитарлық қорғау аймағына да кірмейді. Елді мекенді инвесторлар немесе кәсіпкерлердің демеушілігімен көшіру жұмыстары қарастырылғанымен, бүгінгі күнге мәселе шешімін тапқан жоқ.

 

 

Алунаева Н.

Атырау қаласының тұрғыны

№1 қалалық емханаға жөндеу жұмыстары бірнеше рет жүргізілгенімен, ескі болғандықтан, оның нәтижесі көрінбейді.
№1 емхананың ғимараты типтік үлгіде болмаған. Жаңа ғимарат салу

Қалалық №1 емхана Атырау қаласы Студенттер көшесі 196 мекенжайда бейімделген ғимаратта орналасқан, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытында жасалып келеді. Осыған байланысты, жаңа типтік жобада емхана салу жоспарда жоқ.

 

Сауенов Мақсат  Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 105 үйдің маңына балаларға арналған ойын және футбол, баскетбол  алаңдарын салу

Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы
5 көпқабатты (Махамбет көшесі 128,128а, Авангард 3ы/а №31,32, Нұрсая ы/а-№85, 86, 87, Балықшы ы/а №26, 26а, Азаттық   71- Молдағалиева №5,7) тұрғын үйлер ауласын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жоба ішіне «Нұрсая» ықшам ауданындағы №85, 86, 87 тұрғын үйлердің ауласы да енгізіліп, онда тұрақ аймағы мен жаяу жүргіншілер жолын кеңейту, түнгі жарық шамдарын орнату, заманауи үлгідегі  кіші футбол, спорттық-жаттығу, балалар ойын алаңдарын және қоқыс қалдықтарға үшін контейнерлер орнату жұмыстары қарастырылған.

Осыған байланысты, күні бүгін қала аумағынан ойын алаңдары орнату мүмкіндігі бар учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде және Нұрсая ықшам ауданындағы 105 үйдің аумағынан техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін  бос жер телімдері анықталған жағдайда  жобаға енгізілетін болады.

 

Өтеғали Сәттегі

Атырау қаласының тұрғыны

Қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру

Атырау қаласында 2017-2022 жылдарға арналған қоғамдық көліктің кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру мақсатында ағымдағы жылдың IV тоқсанында жаңа сыйымдылығы үлкен автобустар алу жұмыстары жоспарлануда.

 

Бақтияров Амангелді

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы «Бірлік-2» ауылына жол салу

Бүгінгі күні «Бірлік-2» ауылының ұзындығы 5,5 шақырым 11 көшесіне  жол салу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Қазіргі таңда аталған жұмыстарды іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурсқа тапсырыс беріліп,  нәтижесі күтілуде.

 

Әбіләзім Абылай  Атырау қаласының тұрғыны

Қала мен қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер санын көбейту

Атырау қаласында 2017-2022 жылдарға арналған қоғамдық көліктің кешенін дамыту тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық көлік қозғалысын ретке келтіру мақсатында ағымдағы жылдың  IV тоқсанында жаңа сыйымдылығы үлкен автобустар алу жұмыстары жоспарлануда.

 

Мұғалімов Аманжан

Атырау қаласы Геолог ауылдық округінің тұрғыны

Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округіндегі саябаққа Сұлтанов Мұғалімнің есімін беру немесе ескерткіш тақта орнату

2017 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің жазбахаты негізіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы бойынша  Нысандарға, әкімшілік - аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне (көшелерге, даңғылдарға, саябақтарға т.б.)  кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылып, бұл тапсырманы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.

Сондықтан, Мұғалім Сұлтановтың есімін Ойыл ауылдық округіндегі саябаққа беру мәселесі  әзір қаралмайды.

 

Ескалиева Жанар - 

Атырау қаласының тұрғыны

 

 

Атырау облыстық жүйке тамырлар ауруханасының ғимараты ескі. Жаңа ғимарат салу 

Атырау қаласында 80 орындық жүйке тамырлар ауруханасының құрылысын салу «НКОК Н.В.» компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар» бағдарламасы аясында іске асыру жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманың мерзімі
3 жылдан асып кетуіне және құрылыстың сметалық құндары қазіргі нарықтық бағаға сәйкес келмеуіне байланысты, жобаға түзету енгізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталады деп күтілуде.

 

Мураткалиева Санжан -

Атырау қаласының тұрғыны

Ескі әуежай, Құрманғазы көшесіне қазіргі Досмұхамедова қиылысынан бастап Ноғай мәйітіне қарай, осы бұрынғы Бигелдинов көшесі, қазіргі Құрманғазы көшесіне және Әлиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін және ескі әуежайдың бағдаршамынан бастап Нұрсая ықшам ауданына дейін жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу 

Атырау қаласы әкімдігі тарапынан қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізімі (оның ішінде аталған көшелер де енгізілген) нақтыланып, жасақталды.                   Күні бүгін көшелердің тізбегі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау бойынша мердігер ұйымдарды анықтау мақсатында ашық  электронды конкурсқа қажетті құжаттар дайындалуда.

 

Мураткалиева Санжан -

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсая ықшам ауданында асфальтталған жаңа аялдамалар орнату

 

Нұрсая ықшам ауданында және басқа да ықшам аудандарда  жаңа аялдамаларды орнату жұмыстарын алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарлануда. 

 

Мураткалиева Санжан -

Атырау қаласының тұрғыны

Нұрсаядағы жұқпалы аурулар ауруханасы өте үлкен ғимарат.              Сол аурухана ғимараты ішінен Нұрсая ықшам ауданы тұрғындары үшін емхана ашу

2016 жылы Нұрсая ықшам ауданында салынып пайдалануға берілген жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінгі күні №2 Атырау облыстық аурухана болып өзгертіліп, бірнеше бөлімшелер ашылды. Қазіргі таңда облыс тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетуде.

 

 

Сисенгалиева Жанель Каирбековна –

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын ауыстыру

Атырау қаласы Авангард 4-ықшам ауданының №9,13,14,15 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын ауыстыру және жөндеу жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарлануда.   

 

Шамғонов Амангелді

Атырау қаласының тұрғыны

 

Биылғы жылы Исатай Тайманұлының қаза тапқанына
180 жыл. Еске алу шараларын ұйымдастыру

 

Ағымдағы жылы Халық батыры Исатай Тайманұлының қаза тапқанына 180 жылдығына орай, облыстық деңгейде мәдениет мекемелерінің қатысуымен 74 мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Бұдан басқа, облыс бойынша И.Тайманұлына арналған әр түрлі  дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы, әдеби және тақырыптық кештер, сынып сағаттары және т.б. іс-шаралар өткізілетін болады.

 

Қалмұқашев Ғалым

 Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылында ұялы байланыс орнату

 

 

Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округіне ұялы байланыс орнату үшін
«Кар-Тел» ЖШС-нің бас атқарушы директоры Т.В.Пархоменкоға «Beeline» ұялы телефон байланысының базалық станциясын орнату жөнінде 2018 жылдың сәуір айында хат жолданған болатын. Алайда ұялы байланыс орнату мәселесі шешімін таппады.

 

Қалмұқашев Ғалым

Құрманғазы ауданының тұрғыны

 

Құрманғазы ауданының Ұштаған ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

Құрманғазы ауданы Ұштаған ауылындағы 1973 жылы салынған мәдениет үйі 2013 жылы апатты деп танылуына байланысты, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Ескі мәдениет үйінің орнына жаңадан
200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілді.

 

Құмарғалиев Сағытжан

Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

 

Ф.Оңғарсынованың және Ж.Нәжімеденовтің ескерткіштерін М.Өтемісов атындағы қазақ драма театрының, Атырау мемлекеттік университетінің алдына немесе орталыққа орнату 

Ф.Оңғарсынова мен Ж.Нәжімеденовтың ескерткіштерін орнату қаламыздың даму жоспарына сәйкес облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы «Көркемдік кеңеспен» және облысымыздың зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, қаламыздың көрікті, әрі тұрғындар, жастар көп демалатын қазіргі  «Салтанат сарайы» және «Ренессанс» қонақ үйінің аумағы таңдалып, республикалық комиссияға ұсынылып, оң шешімін тапты.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алдында  Халел Досмұхамедовтің ескерткіші орнатылған.

Қазіргі таңда, аталған ескерткіштердің орынын өзгерту немесе қайта орнату тиімсіз.

 

Құмарғалиев Сағытжан

Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Индер ауданындағы тұздыкөлдің жағасынан балшықпен емдейтін (грязелечебная) профилактураны ашу мәселесін қарастыру

Индер ауданындағы тұздыкөл жағасынан балшықпен емдейтін (грязелечебная) орталық ашу мүмкіндегі жұмыстары зерделенуде. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде іске асыру жоспарына енгізіледі. 

 

Көргенов Махмуд Көргенұлы  
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау қаласының Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу

 

 

Қазіргі уақытта  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпіріне дейінгі аралықтағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сонымен қатар, аталған жобаға қосымша күні бүгінде Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпірінен теміржол көпіріне дейін және Тұрғындар қалашығынан Темірханов көшесіне дейінгі аралықтардағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

 

Көргенов Махмуд Көргенұлы
Атырау ықшам ауданының тұрғыны

Атырау ықшам ауданының Т.Нсанов, Буровиктер және                    №43 көшелеріндегі үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу

Атырау қаласының «Атырау» ықшам ауданындағы жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу мақсатында кәріз жүйелері (кіші кәріз сорғы стансасының құрылысымен бірге) құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттаманы жасақталуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы мен қаражат көзінің бөлінуіне қарай 2019-2020 жылдарға жоспарлануда.

 

Оразова Зоя   
Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының Огородный көшесіне балалар ойын алаңының құрылысын салу

Атырау қаласының тұрғын үйлер аймағында заманауи үлгідегі ойын алаңдары кешенін орнату жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін қаржыландыру көздері қарастырылуда.

Осыған орай, қазіргі уақытта қала аумағынан ойын алаңдарын орнатуға жарамды учаскелерді анықтау жұмыстары  жүргізілуде.  Огородный көшесі аумағынан техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін бос жер учаскелері анықталған жағдайда, жобаға енгізілетін болады.   

 

Мұхамбетова Алма І топ мүгедегі, Мұханбетқалиев М.

І топ мүгедегі,
Аженова А. 
І топ мүгедегі,
Шишкин Борис 
ІІ топ мүгедегі, Атырау қаласының Өркен ы/а, Т.Бимақов (31 көше) көшесінің тұрғындары

Атырау қаласы Өркен ықшам ауданындағы Т.Бимақов (№31) және М.Сатыбалдиев көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол, жол белгілері, автобус аялдамасы және жарықтандыру мәселелерін шешу

Атырау қаласы әкімдігі тарапынан қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізімі (оның ішінде «Өркен» ықшам ауданындағы Т.Бимақов (№31) пен М.Сатыбалдиев көшелері де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Күні бүгін де  көшелер тізбесі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттарын жасақтайтын мердігер мекеме анықталып, келісім жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал жол белгілері Атырау облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасынан тиісті ұйғарым түскеннен кейін орнатылатын болады. Автобус аялдамалары мен түнгі және жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын нысандардың тізбесіне енгізілді.

 

Хабиров Габдибек 

Атырау қаласының Нұрсая ы/а тұрғыны

Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданының жылдан жылға өсіп келе жатқандығын және ондағы жолдардың тарлығы салдарынан автокөліктердің жүруіне қиындықтар туғызатынын ескеріп, ықшам аудан жолдарын кеңейту мәселесін шешу  

Қазіргі таңда Нұрсая ықшам ауданындағы жол көлік оқиғаларының алдын – алу және аталған ауданда көлік кептелістер болдырмау мақсатында Ғабдиев, Маденов көшелері мен Бейбарыс даңғылын кеңейту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

 

Айгул және т.б.   
Атырау қаласы Сәтпаев даңғылы, №14,16,20,22 үйлердің тұрғындары

 

 

Атырау қаласы Сәтпаев даңғылындағы №16,14,20,22 ескі үйлерді бұзу мәселесін қарастыру

Атырау қаласындағы Қ.Сәтпаев даңғылында орналасқан №14,16,20,22 көппәтерлі тұрғын үйлер апатты жағдайда емес. Сондықтан, аталған үйлер қала бойынша бұзуға жататын апатты тұрғын үйлер тізбегінде жоқ, яғни бұзуға жатпайды.

 

Зинетолла Керей               зейнеткер, теміржол саласының ардагері, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Теміржол мөлтек ауданының тұрғыны

Исатай ауданының орталығы Аққыстаумен жаңадан салынған Өркен елді мекені арасын бөліп жатқан теміржолдан өтетін өткелдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша үш жерден теміржол асты өткелін салуды қарастыру

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы жаяу жүргінші өткелінің құрылысын жоспарлау барысында алдымен теміржол асты өткелін салу да қарастырылған болатын. Алайда, Өркен елді мекенінде жаңа құрылыстар салынып, тұрғындар санының өсуіне байланысты, теміржол арқылы жер үсті жаяу жүргінші өткелін салуға тиісті  органдардан рұқсат алынды. Аққыстау ауылының бас жоспарында теміржол асты өткелі құрылысын салу қарастырылмаған.

 

Қожахметов Ізғали Байтоллаұлы             Балауса ы/а, №3 көше тұрғыны

 

Атырау қаласының Еркінқала ауылдық округіне жол салу

Атырау қаласының Еркінқала ауылдық округіне жол салу бойынша қазіргі таңда аталған жолдың жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат бөлініп, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 

 

Жумагалиева Сания  

Атырау қаласы Жұмыскер-2 ауылының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласының Водников-2 ауылына жол, балабақша, мектеп, емхана құрылысын салу және қоғамдық көліктердің қатынауын ұйымдастыру

Атырау қаласы «Водниково-2» ауылының ұзындығы 23,6 шақырымды құрайтын 34 көшесіне жол құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сондай-ақ, Атырау қаласы маңында орналасқан барлық елді мекендерге бір мезетте дәрігерлік амбулатория салу мүмкіндігі жоқ,                       2017-2018 жылы Водниково-2 селосы маңындағы Тасқала ауылынан бір ауысымда 25 науқасқа арналған дәрігерлік амбулатория салынып                   2018 жылы пайдалануға берілсе, 2018-2019 жылдар аралығында Көкарна селосынан дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Водниково селосынан дәрігерлік амбулатория салу 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

 

Искужиева Н.  

Атырау қаласы Авангард ы/а тұрғыны

 

 

Қала ішілік және қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын автобустарға GPS жүйесін енгізіп, ұялы телефондағы тегін жүктелетін «AUTOBAS» қосымшасына орнату

Атырау қаласында маршрут желісінің
30 бағыты бар. Автобустар саны шамамен
400 бірлікті құрайды. Соның 250 GPS навигатор құрылғыларымен жабдықталған.

Атырау қаласындағы қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдаудың ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс жүйесін дамыту мақсатында 2017 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Алматы қаласы Қазақ   автомобиль - жол академиясының профессорларымен «Атырау қаласының 2017-2022 жылдар аралығында қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» жасақталды.

Тұжырымдама аясында электронды билеттік жобаны және қала маршруттарына толық бақылау орнату үшін, Атырау қалалық әкімдігі жанынан «Смарт-Атырау» мекемесі құрылды.

Бүгінгі күнгі, электронды билеттік жүйесін енгізуге қызығушылық танытып отырған Алматы қаласының инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, электронды билеттік жүйе енгізілген жағдайда, жолаушылар тасымалынан түсетін табыс көзінің айқындылығы және мекемелердің нақты шығындары бюджеттен субсидиялау мүмкіндігі анықталды.

 

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылына саябақ құрылысын бастау мәселесін  қарастыру

 

 

Х.Ерғалиев  ауылында  жасыл  желек  егілген  4  саябақ  бар.  Олар: Рысбай Ғабдиев  атындағы  саябақ,  2  жерде  Түлектер  саябағы және Х.Ерғалиев атындағы саябақ бүгінде ауыл халқының демалыс орнына айналды. Аталған саябақтар толықтай жазғы су желісімен қамтылған.                                  Жеке кәсіпкерлер, демеушілерді тарту арқылы осы саябақтарды көркейтіп, заман талабына сай абаттандыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Х.Ерғалиев ауылына Жаңа саябақ салу әзірге жоспарда жоқ.

 

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Аудан орталығы Аққыстау селосында биылғы жылы салынатын 320 орындық кәсіптік лицейдің орнына Аққыстау және Тұщықұдық селоларында орта мектептер құрылысын салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округінде 320 орындық  кәсіптік лицейі  (100 орындық жатақханасымен) құрылысын салу үшін қаржысы қаралып, қазіргі кезде «ДанСтройБаза ЛТД» ЖШС кәсіпорнымен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2019 жылы аяқталады.

Бүгінгі таңда, Аққыстау ауылдық округінде 3 мектеп, 5 балабақша, Тұщықұдық ауылдық округінде 1 бастауыш, 1 орта мектеп және 1  балабақша халықтың сұранысына сәйкес толықтай жұмыс жасап, қызмет көрсетуде.   

 

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Биылғы жылы Атырау қаласының орталығынан Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсембаев, Қ.Ахмедьяровтарға ескерткіштер орнату мәселесін қарастыру

 

Ұлтымыздың ұлы тұлғалары Мемлекеттік сыйлық иегерлері, ақын, халық жазушысы Ә.Сәрсенбаевтың, Х.Ерғалиевтың және күйші, домбырашы Қ.Ахмедияровтың  ескерткіштерін орнатуға жобалар жинақталып, республикалық комиссияның қарауына ұсынылып, Ә.Сәрсенбаев пен Қ.Ахмедияровқа ескерткіш орнату мәселесі республикалық комиссияның оң шешімін алды.

Ал  Х.Ерғалиевтың  ескерткішін орнатуға ұсынылған жобалар қолдау таппағандықтан, қайтадан конкурс жарияланатын болады.

 

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласында құрылысы басталып аяқталмай тұрған концерт залын пайдалануға беру

 

 

Атырау қаласында құрылысы басталып, аяқталмай қалған концерт залы құрылысының жобасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ибатолла Сәтенұлы

Исатай ауданының тұрғыны,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Атырау қаласындағы көне тарихи орындар мен тарихи маңызы бар нысандарды қалпына келтіру

Атырау облысы бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Самұрық қазына» АҚ-ның ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына демеушілік қызмет көрсету жөніндегі ұсынысына Атырау қаласы Б.Жарбосынов көшесі,  16 мекенжайдағы 1917 жылы бірінші кеңес депутаттары орналасқан емхана ғимаратына және М.Исенов көшесі, 48 мекенжайындағы "Болашақ-К" диагностикалық орталығы ғимаратына реставрациялық жұмыстар жүргізуге  ұсыныс берілді.

Биылғы жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау қаласы іргесіндегі Ақтөбе-Лаэти қалашығын сақталу мақсатында қалашықтың аумағын қоршау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жоспарлануда.

Бұдан басқа, Исатай-Махамбет мемориалдық кешеніне NCOC компаниясының демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Өтепов Қайыржан Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы

Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені арқылы халықты тасымалдайтын паром жұмыс жасап тұр. Көпір құрылысы мәселесін шешу

Бүгінгі таңда Құрманғазы ауданы Көптоғай елді мекеніне (267 үй, халық саны – 1199 адам) Қиғаш өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын салу қомақты қаржыны талап етуде. Аталған елді мекенге көпір құрылысын салу мәселесі жан-жақты зерделенуде. Қазіргі уақытта аталған елді мекеннің тұрғындары үшін Қиғаш өзені арқылы өтуге паром қатынасы үздіксіз қызмет көрсету ұйымдастырылған.

 

 

Нұрмұханова Сара Саясатқызы

Атырау қаласы Гагарин көшесінің тұрғыны

Атырау қаласы Гагарин көшесінің оң жағындағы тұрғын үйлердің бұзылуын анықтау

 

Қазіргі уақытта  мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы бұзуға жататын тұрғын үйлердің бағасын  анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тәуелсіз бағалаушы анықталып, үйлердің нарықтық құны бойынша бағалау жұмыстары аяқталу сатысында.

 

Сейтжанов Орысбай  

Атырау қаласы Лесхоз ы/а, №22а үй тұрғыны

Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйінің жертөлесін қалпына келтіру жұмыстары

«Талғатжан» пәтер иелері кооперативімен Атырау қаласы Лесхоз ықшам ауданының №22а тұрғын үйдің жертөлесін судан тазарту жұмыстары, кәріз құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толықтай жүргізілді.

 

Мзимов Мұрат

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласында тұрғын үйлерге қызмет көресететін пәтер иелерінің кооперативтері (КСК) қызметтерінің сапасын жақсарту және оларды бір жүйеге келтіру  

Қаладағы 977 көпқабатты тұрғын үйдің  849 үйі пәтер иелері кооперативтерімен басқарылса (КСК), қалған 128 үй иесіз үйлер қатарында. Қазіргі таңда  қаладағы иесіз үйлер тізбегін енгізілген көпқабатты тұрғын үйлерді қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалалық әкімдікпен кондоминиум объектісін басқарушы органдардың жұмысын жетілдіру мақсатында қалалық әкімдікпен «Е-ПИК» жобасы іске асыруда. Бұл жоба пәтер иелері кооперативтері мен қала тұрғындары арасындағы байланысты жақсарту үшін арналған.

 

Мусин Мұрат  
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолы мен көше жарығы мәселесін шешу

 

 

Атырау қаласы әкімдігі тарапынан қала мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізімі (оның ішінде Қайыршақты ауылдық округіне қарасты 29,7 км көшелері де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Күні бүгінде көшелер тізімі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтайтын мердігер мекемелерді анықтау мақсатында ашық  электронды конкурсқа қажетті құжаттар дайындалуда.

Ал, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылатын нысандардың тізбесіне енгізілген.

 

Мусин Мұрат  
Атырау қаласы Қайыршақты  ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округінде жоспарланған
4 мектептің және 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамаларын уақытылы аяқталуы

Қазіргі таңда Атырау қаласының  Жұлдыз-3  ықшам ауданында 600 оқушыға арналған орта мектептің («Проектстройинжиниринг» ЖШС), жаңа шағын ауданында 900 оқушыға арналған орта мектептің («Көркем KZ» ЖШС), Талғайран селосында  280 орынға арналған балабақша құрылысына («СтройДизайнСервис» ЖШС), №1 ықшам ауданындағы 280 орындық балабақшаның («Атыраустройпроект» ЖШС), №2 ықшам ауданындағы 280 орындық балабақшаның құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда («Атыраустройпроект» ЖШС).

 

Ажигалиева Венера

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласынан Оңалту орталығын ашу

 

Облыстық балаларды оңалту орталығы             2000 жылы ашылып, жұмыс жасауда. Сыйымдылығы  71 балаға арналған, жылына орта есеппен 900-дей бала қабылданады. Оңалту орталығы ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді медициналық, педагогикалық-психологиялық көмек көрсетуде.

Облыстық оңалту орталығы қала және аудандардың барлық балаларын қамтиды. Бүгінгі таңда орталықтың ғимаратын кеңейту мақсатында ғимаратқа жапсаржай құрылысын салу мәселесі зерделенуде.

Бұдан басқа, Атырау қаласынан қосымша педагогикалық-психологиялық түзету кабинетін ашу жоспарлануда.

 

Кенжегулова Ұлболсын

Атырау қаласы Балауса ы/а тұрғыны, медицина  саласының ардагері

Атырау қаласының Балауса ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу 

Атырау қаласы Балауса ықшам ауданында  ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып, құжаттары рәсімделуде. Бүгінгі таңда жер учаскесі бөлінген. Ракуша ауылы мен Балауса ықшам ауданындағы елді мекенге бір дәрігерлік амбулатория салу мәселесі зерделенуде.

 

Әубекеров Қали

Атырау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері

Атырау қаласында салынып жатқан жаңа аудандарға кәріз желісін тарту

Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты 11 елді мекенге («Мясокомбинат», «Атырау», «Сарықамыс-2», «Нұрсая», «Самал», «Жерұйық», «Лесхоз-2», «Мұнайшы» ықшам аудандары мен «Өркен», «Өркен-2», «Балауса» ауылдарына) жеке тұрғын үйлерді орталық кәріз жүйесіне қосу мақсатында автономды кәріз жүйелері (кіші кәріз сорғы стансасының құрылысымен бірге) құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

 

Тілекқабылов Мұратолла
Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің тұрғыны, ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Атырау қаласының Дамбы-Балықшы автомобиль жолының бойына көше жарығын орнату

Атырау қаласының Дамбы-Балықшы автомобиль жолының бойына көше жарығын орнату жұмыстары 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын нысандардың тізбесіне енгізілді.

 

Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласының орталығынан Ұлы ақын, жазушы Абайға ескерткіш орнату

Атырау қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату мәселесі Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанындағы көркемдік кеңеспен қаралды. Сонымен қатар 2018 жылғы 14 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Атырау қаласынан ақын А.Құнанбаевтың ескерткішін тұрғызуға қолдау көрсету жөнінде хат               жолданды. Қазіргі уақытта жауабы күтілуде.

 

Тілекқабыл  Құлымжанұлы  

Атырау қаласы Томарлы ауылының тұрғыны

Томарлы ауылында жаңадан салынған футбол алаңы маңынан жабық түрдегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу

 

Атырау қаласы Томарлы ауылынан жабық түрдегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу жұмыстары зерделенуде.

 

 

Келдібаева Ақау  Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің тұрғыны

Атырау қаласының Еркінқала ауылындағы  мектепке баратын Есқалиев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және көше жарығын жүргізу

Атырау қаласы аумағына қарасты елді мекендердегі жаяу жүргіншілер жолын қажет ететін көшелер тізбесі (оның ішінде Еркінқала ауылдық округіне қарасты Есқалиев көшесі де енгізілген) нақтыланып, жасақталды. Қазіргі таңда көшелер тізбесі бойынша аталған жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтайтын мердігер мекемелерді анықтау мақсатында ашық  электронды конкурсқа қажетті құжаттар дайындалуда.

Ал, түнгі жарық шамдарының орнату жұмыстары ағымдағы жылы                         жүзеге асырылады.

 

Алмашева
Атырау қаласы Балықшы  тұрғыны

Атырау қаласы Балықшы ықшам ауданының Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы №1 және №7 тұрғын үйлерді бұзуды қарастыру

Атырау қаласы Балықшы кенті Қожақаев көшесінде орналасқан апатты жағдайдағы №1 және №7 тұрғын үйлер қала бойынша бұзылуға жататын үйлер тізіміне енгізілген. Аталған үйлердің бұзылу мәселесі тұрғын үй құрылысының салынуына қарай кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

 

 

Шығамбаева Зоя  
Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны

Кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталығының құрылысын салу

Жылыой ауданында  бала жастан мүгедек 460 бала бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 333 бала. «Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету» аумақтық орталығында                             96 мүмкіндігі шектеулі бала қамтылған.

Ауданның орта мектептері бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 148. Аудандық білім бөліміне қарасты №2 «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Ондағы бала саны – 90. Аталған мекеме қазіргі таңда                                №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің ғимаратын өтеусіз негізде келісім бойынша               1-блогындағы 5 кабинетті пайдаланып отыр. Материалдық-техникалық базасы  жеткілікті, мамандармен толық қамтылған.

Сонымен қатар, Жылыой аудандық емханада 2015 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 50 орындық оңалту орталығын ашып,  онда күніне 30 бала ем алып келеді.

Қазіргі уақытта Жылыой ауданына арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталығын салу тиімсіз.

 

Қадіров Тілеген  Жылыой ауданының тұрғыны, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жаңа Қаратон кентіне, Жем, Қара Арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген ауылдық округтеріне мәдениет үйлерін салу

Жаңа Қаратон кентіне, Жем, Қара Арна, Майкөмген, Ақкиізтоғай ауылдық округтеріне мәдениет үйін салу үшін жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі, техникалық шарттары жасақталды. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау үшін 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарына енгізілді.

 

Өтегенов Ербол  Жылыой ауданының тұрғыны, ардагер

Құлсары қаласы Теміржол ықшам ауданында медициналық пункт құрылысын салу

Құлсары қаласы Теміржол ықшам ауданы аудандық емханадан ара қашықтық радиусы 4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда Теміржол ықшам ауданы тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуға Теміржол ықшам ауданынан ғимарат жалға алынып, емхана филиалы медициналық қызмет көрсетуде. Құлсары қаласының Теміржол ықшам ауданында тұрғын үй құрылысының қарқынды жүргізілуіне байланысты тұрғындарды медициналық көмекпен қамту аймағы да өсіп отыр. Аудан халқын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Теміржол ықшам ауданынан емхана ғимаратын салу жоспарға енгізілді.

 

Мұханбетқалиева Шолпан

Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны

Индер ауданындағы Тұзды көлді халық игілігіне пайдалану, курорттық емдеу кешенін салуды, автомобиль, жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселесін қарастыру

2017 жылы Индер ауданындағы тұзды көлді зерттеу мақсатында конкурс ұйымдастырылып, Атырау мұнай және газ университеті жеңімпаз атанды.

Зерттеу жұмыстары 2017 жылдың қазан айында Ресей Федерациясы Пятигорск мемлекеттік емдеу-сауықтыру ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесе отырып жүргізілді.

Қазіргі уақытта, бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстағы ірі өндіріс орындарына демеушілікпен немесе инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру үшін ұсыныстар берілуде.

 

Дүзбаева Қарлыға Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық Білім бөлімінің әдіскері

Исатай ауданы Аққыстау ауылының Аққыстау орта мектебінде оқушы санының көп болуына байланысты мектеп ғимаратына жапсаржай құрылысын салу

 

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округіндегі «Жалпы білім беретін Аққыстау  орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне
200 орындық жапсаржай құрылысын салу жобасы  өңірдің  2019-2021 жылдарға  арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізіліп, құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

 

Сиыхова Әлия   
Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер

Ауруханада мамандардың жетіспеуі, мамандарды оқыту мәселесі, дәрігерлердің тұрақтауы үшін жағдай жасау

Исатай ауданы бойынша жоғары медициналық оқу орындарын бітірушілермен алдын ала сөйлесу жүргізіліп, 9 бітірушімен (2 акушер гинеколог, 4 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 терапевт,                    1 педиатр, 1 кардиологпен) келісім жасалынды. Күні бүгінге дейін бітірушілерге ай сайын ынталандыру ақысы төленіп келеді. Барлық болашақ медициналық мамандар Исатай ауданы әкімімен келісім негізінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

 

Хайрлиева Татьяна Павловна Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі Жұмекен ауылының тұрғыны, педиатр-дәрігер

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу

Құрманғазы ауданынан зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 100 орындық әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының ғимаратын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасына қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, Ганюшкин ауылы, Самаркин елді мекенінен жер телімі бөлініп, құжаттары рәсімделуде.

 

Омаров Зинеден  
Қызылқоға ауданының тұрғыны, зейнеткер

Сағыз ауылында орналасқан «Балбұлақ» бөгетін жөндеу

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында орналасқан «Балбұлақ» су қоймасын қайта қалпына келтіру мақсатында Қызылқоға аудан әкімдігімен қазіргі таңда аталған бөгет жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу жүргізіліп жатырғандығын және жұмыстар аяқталғаннан кейін алдағы уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау мәселесі қаралатын болады.

 

Ерғожиев Әділбек  Мақат ауданының тұрғыны, спорт саласының қызметкері

Мақат ауданының Мақат кентіне стадион, жүзу бассейні кешенін салу

Мақат кентінен 320 орындық спорт кешені құрылысының жобалау - сметалық құжаттамасының байламына 4,1 млн.теңге бөлініп, жобасы жасақталуда.  Кешенді ведомоствадан тыс сараптама қорытындысына қызмет көрсетуге қаражат бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталған соң сараптама қорытындысына конкурсқа жарияланады. Жобалаушы мердігер - «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС.  

Мақат кентінен жүзу бассейнінің құрылысын салу  үшін жобалау-сметалық құжаттаманы  жасақтауға 7,0 млн теңге бөлініп, жоба жасақталуда. Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айы. Жобалаушы мердігер - «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС.

 

Мыңтұрғанов Қуат Мақат ауданының тұрғыны, ардагер

Мақат ауданының Доссор кентіне демалыс орындарын және мұражай салу

Доссор кентіндегі саяжайды (27 үйлікке) жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға 1,6 млн.теңге бөлініп, жобасы жасақталды. Қазіргі таңда жобада кеткен кемшіліктерді (электр, су желілері бойынша) жасақтауға тапсырма берілді. Жобалаушы мердігер - «ЭДЕМСТРОЙ» ЖШС.

 

Шәйкиев Марат  

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіне перрон салу

 

 

Мақат ауданы Доссор кентінде орналасқан темір жол вокзалына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша – аталған перронның жергілікті атқарушы органның теңгерімінде болуына байланысты, «Қазақстан темір жолы «Вокзал-сервис» АҚ-ның теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған темір жол вокзалына жөндеу жұмыстарын жүргізу                     2018-2020 жылдарға жоспарлануда.

 

Шәйкиев Марат - 

Мақат ауданының Құрметті азаматы

Доссор кентіндегі О.Сарғұнанов атындағы мектептің спорт залын күрделі жөндеуден өткізу

Мақат ауданының Доссор кентінде жаңадан салынған О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің келісім шарттағы кепілдік мерзімі 2019 жылғы қаңтар айына дейін болуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмай отыр.

Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар жасақталып, жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Оразғалиев Мәндірғали – Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Ауылдық округтерден сайланатын депутаттар сол ауылдардан болуын қарастыру

 

Махамбет ауданы бойынша 9 ауылдық округте 11 депутат өз округтерінен сайланған. 1 ауылдық округте  (Жалғансай ауылдық округі) депутат орны 2018 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін бос. Депутаттың бос орнына облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау күнін белгілегеннен кейін өткізіледі.

 

Оразғалиев Мәндірғали – Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Округ әкімдерінің өз округтерінде тұру мәселесін ұйымдастыру

 

 

Махамбет ауданы бойынша 10 ауылдық округтің әкімдік лауазымына сол округтің азаматтары сайланды. Барлығы да толықтай тұрғын үймен қамтылған.

 

 

Оразғалиев Мәндірғали – Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округінің тұрғыны, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мүгедектерге шипажайларға жолдамаларды бөлу мәселесін зерделеу, жолдамаларды мүгедектерге кезектілікті сақтай отырып уақытылы бөлуді ұйымдастыру

Аудан бойынша Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде 2018 жылға 192 мүмкіншілігі шектеулі жандарға (101 - жалпы ауруға, 57 – тірек-қимыл жүйесі ауруына,  29 - көз ауруына, 5 – Ауған соғысының ардагерлеріне) санаторий - курорттық емделуге cұраныс берілді.

Бүгінгі күні Махамбет ауданының сұранысы  бойынша -135 дана жолдама бөлінді. Атап айтқанда, Ақмола облысы Шучинск қаласына «Тәуелсіздік-Д» шипажайына жолдама-28 дана, Алматы облысы Талғар ауданы «Спутник» шипажайына – 29 дана, Ақтөбе облысы, Алға қаласына «Шипагер» шипажайына жолдама- 78 дана. Жыл аяғына дейін қосымша 57 дана жолдама бөлінеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды уақытылы санаторий – курорттық емделуге арналған жолдамалармен қамтамасыз ету Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілуде.


Мақаланың шыққан күні: 22.08.2018 02:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.11.2018 13:58

Қаралым саны: 1295