Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласындағы жол қозғалысына қатысушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келетін Сыртқы Жарықтандыруды Басқарудың Автоматты Жүйесінің (СЖБАЖ) кешенін іске енгізіп, жарық-диодты шамдарын орнату арқылы «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылыс салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы бастамашылықты әлеуетті жекеше әріптестің көтергенін хабарлаймыз.

Көше жарығы жүйесінің мәлімделген техникалық көрсеткіштері:

- Көшелердің ұзындығы - 198 422 м, оның ішінде 10 кВ әуе желісі – 30 000 м, 0,4 кВ әуе желісі – 210 000 м, 10 кВ жерасты желісі – 2 000 м, 0,4 кВ жер асты желісі – 10 000 м (SIP4 базасы бойынша );

- Діңгек үлгісіндегі жинақты трансформаторлық қосалқы станциялары – 120 бірлік;

- Ыстық мырыштаудың СТ-08 жарықтандыру тіректері – 5 600 бірлік;

- 10-100% дейінгі диммирлеу функциясы мен басқару шкафындағы ақпаратты алмасу үшін PLC арнасы бойынша (power line communication) мәліметтерді жіберетін Лм 150 Вт/18000 жарық диодты шамдарының 5 600 бірлігі;

- GSM арнасы бойынша ОДП арқылы мәліметтер жіберетін, PLS арнасы бойынша шамдарды басқару, сыртқа шығатын және қабылдауға жататын дабылдарды бақылау, электр қуатын есептеу функциясы бар PLC, GSM арналары бойынша мәліметтер жіберетін және сыртқы жарықты басқаратын шкафтың 120 бірлігі;

- СЖБАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету (Сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі) мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шартының қызмет етуінің барлық кезеңіне лицензияны қоса есептегенде, сондай–ақ, СЖБАЖ техникалық қызмет көрсету бойынша инженердің интерфейс қызметін және СЖБАЖ жедел қызмет көрсету диспетчерінің интерфейс қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде жарық ағынын басқарудың, сыртқы жарықты басқару жүйесі жабдықтарының жағдайы мен сыртқы жарық жұмысының жұмыс кестесін басқару шкафтарынан сұрау арқылы алынатын ақпараттарды ұсыну мен оларды өңдеу, клиенттік интерфейспен орталықтандырылған жинақтауды серверлік бөлікпен қоса алғанда;

МЖӘ жобасының алдын–ала мөлшерленген жалпы мерзімі 5 жыл. Жобаны инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Инвестицияны қайтару қолжетімділік үшін есептесу арқылы жүзеге асырылмақшы. Келісім–шарт бойынша көрсетілген мерзімдегі қолжетімділіктің қорытынды соммасы 16 103 797 871 теңгені құрайды. Оның ішінде инвестициялық шығындар бойынша өтемақы 8 779 870 741 теңгені құраса, сервистік қызмет көрсету бойынша операциялық шығындар 4 205 053 054 теңгені құрайды, сондай–ақ, МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы көлемі 3 118 874 076 теңгені құрайды.

МЖӘ жоспарланған жобасын жүзеге асыруға мүдделі әлеуетті жекешелік әріптестер көшені жарықтандырудың осы тектес жүйелерін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы өздерінің балама жоспарлары мен ұсыныстарын ұсына алады.

Әлеуетті жекеше әріптестің міндеті:

* Жергілікті жердің топографиялық кескінін түсіруге;

* Әр көше бойынша жарық шығынының есебін шығаруға;

* Қазақстан Республикасының 2002 – 2.04 - 05 ҚНжЕ сәйкес, «Табиғи және жасанды жарық» бойынша жарықпен қамтамасыз ету деңгейі мен көше жарығын беру бойынша құрылыс – монтаж жұмыстарын орындауға;

* ОДП сыртқы жарық беруді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосу – реттеу жұмыстарын атқаруға;

* ОДП пен жарықты басқарудың шкафтарының арасындағы байланысты ұйымдастырып, реттеу;

* Диспетчерлік орындардағы іске қосу жұмыстарына қажетті жабдықтарды жеткізіп, іске қосу жұмыстарын жүзеге асыруға;

* Қазақстан Республикасының ҚНжЕ жарықтандыру нормаларын анықтау үшін, электр қуатының аудиторлық компанияларын тарта отырып, көше жарығына тексеріс жүргізуге;

* Атқару құжаттарын дайындауға;

* МЖӘ келісім–шартының жұмыс істеу мерзімі ішінде көше жарығын қамтамасыз ету барысында қызмет көрстіп, барлық шығындарды төлеуге;

* Барлық жабдықтарды Мемлекеттік Міндетті Стандартты Талаптарға (ММСТ), 004/2011 «Төменгі вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» кедендік одақтың техникалық регламенттеріне КО ТР және 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік сәйкестігі» кедендік одақтың техникалық регламенттеріне КО ТР сәйкес қамтамасыз етуге;

Өзге де әлеуетті жеке меншік серіктестер ұсынатын баламалы ақпараттық жүйелері өзінің техникалық сипаттамасы бойынша тең дәрежеде немесе осы хабарламада көрсетілгеннен жоғары деңгейде болуға тиісті;

Әлеуетті инвесторларға қойылатын талап:

1) Заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілік пен жеке кәсіпкерлер үшін азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы;

2) салық қарызының болмауы, яғни төлем қабілеттілігі болуы;

3) мемлекеттік – жеке меншік серіктестік келісім–шарты бойынша міндеттерді атқаруға қажетті болып табылатын еңбек (немесе), қаржылық (немесе) және материалдық ресурстардың болуы;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған, оның мүліктері қамауғ алынбаған болуы керек, әрі таратылуға жатпайтын немесе, банкроттық процедурасына ұшырамаған болуға тиісті;

5) сондай–ақ, соңғы үш жылда жосықсыз әлеуетті жеке – меншік серіктес ретінде тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімі бойынша мемлекеттік

– жеке меншік келісім-шарттары арқылы өз міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы;

6) осыған ұқсас көше жарығына зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне құқық берілген болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының Атырау облыстық әкімдігі осы хабарлама жарыққа шыққаннан кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

Баламалы ұсыныстарда мынадай жайттар қарастырылуға тиісті:

1. 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы бекіткен №725 бұйрығына сәйкес рәсімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы бизнес-жоспары;

2. Осыған ұқсас көше жарығына зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне ерекше құқық берілгенін дәлелдейтін құжаттардың болуы тиіс;

3. Әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекен-жайы;

4. Заңды тұлғалар үшін мемлекетке тиесілілігі, жеке тұлғалар үшін азаматтық тиесілілігі туралы ақпарат;

5. Заңды тұлғалар мен тұлғалардың мүдделерін білдіретін басшылар мен жетекшілер туралы мәліметтер;

6. Осыған ұқсас жүйелерді басқа елдерге сатуға байланысты іске асырылған немесе қызмет етіп тұрған келісім – шарттар жөніндегі мәліметтер;

Анықтама үшін: Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ.

Мекен - жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77;

Телефон: +7 (7122) 35-53-36


Мақаланың шыққан күні:: 30.05.2018 08:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.05.2018 08:52