Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.06.2018

Қызметтер

Атырау қаласы мен ауылдық округ тұрғындарымен есеп беру кездесулері кезінде түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ

 

(2018 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша)

Мәселенің, ұсыныс-пікірдің қысқаша мазмұны

Алынатын шаралар

 

Атырау қаласы

  1.  

С.Датов көшесінен З.Қабдолов көшесіне дейінгі аралықтағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жүргізу (СМП-136 ш/а-нан «БИПЭК» автосалонына дейін)

2017 жылы Элеватор маңындағы С.Датов көшесінен З.Қабдолов көшесіне (бұрынғы Говоров көшесі) дейінгі 1600м2 автокөлік жолына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды.

  1.  

Ескі қала аумағынан спорт кешенін салу

Атырау қаласының оң жақ бөлігінің егжей-тегжейлі бекітілген жоспарлау жобасына сәйкес, Молдағұлова – Нәубетов - Пушкин көшелерінің қиылысынан спорт кешені құрылысы жоспарланған.

  1.  

Мүгедек балалар және аз қамтылған жанұялар балаларын республика көлеміндегі жазғы лагерьлерге жіберу мәселесін қарастыру

Қала бойынша Республика көлеміндегі жазғы лагерьлерде мүгедек, аз қамтылған жанұя балаларының демалысы жыл сайын ұйымдастырылып келеді, 2017 жылы да аз қамтылған 2536 жанұя балалары (268-ы «Геолог Казахстана» лагері, 168-сі облыстық «Тұлпар» лагері, 2100 бала- Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі) жазғы демалыспен қамтылды.

  1.  

Қалалық қоғамдық көліктерде қызмет көрсету сапасын арттыру

Қаладағы автокөлік қозғалысын реттеу және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «2017 - 2022 жылдарға арналған қоғамдық көлік кешенін дамыту тұжырымдамасы» жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Атырау қаласына кіретін автокөлік жолдарын кеңейту және қосымша кірме автокөлік жолдары құрылысын салу мүмкіндіктерін қарастыру

Қаланың Бас жоспары негізінде қаланың төрт бағытындағы кірме жолдарының кеңейтілуі қарастырылған

  1.  

Мүмкіндігі шектеулі жандарды, зейнеткерлерді шипажайларға жеңілдікпен жіберу мүмкіндіктерін қарастыру

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, тегін жолдамалар ҰОС және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына ғана қарастырылған. Мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған жолдамалар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы өтетін ашық электронды конкурс қорытындысымен жүзеге асырылады. Ал зейнеткерлер тегін жолдамамен қамтамасыз етілетін санаттар қатарына енбейді.

  1.  

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне ардагерлердің баруына мүмкіндік жасау жолдарын қарастыру

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне ардагерлердің қатысуы демеушілер бастамасымен ұйымдастырылды.

  1.  

Қалаға қарасты ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу

Мерзімді кезеңде Атырау, Кеңөзек ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жергілікті тауар өндірушілер өнімдері (көкөніс, бақша, балық, ет, шұжық) қолжетімді бағада сатылуда.

ГЕОЛОГ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Геолог ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округ бойынша (Геолог, Геолог-2, Бірлік, Мұнайшы, Мирас) 28 автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

«АТП» шағын ауданына кіреберіс жолын күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытта «АТП» шағын ауданы кіреберіс автокөлік жолдарына құрылыс жұмыстары жүргізілді, ал №1,2,3 үйлері аулаішілік жолдарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттар жасақталды.

  1.  

Атырау қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салу

Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

ЖҰМЫСКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Жұмыскер ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Бүгінгі күні округте 24 автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Жұмыскер ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Қазіргі уақытта (Еркінқала-Атырау трассасынан Бекмаганбетов көшесі бойымен Балықшы-Авангард көпіріне дейінгі) түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Ғ.Мұратбаев атындағы мектепке жаңа ғимарат салу

Қазіргі уақытта жаңа 300 орындық мектеп ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

№59 балабақша ғимаратының жылу жүйесі мәселелері бойынша шаралар қабылдау

2017 жылы №59 балабақшаға жергілікті бюджет қаржысы есебінен жылу қазаны сатып алынып, жылу жүйесі іске қосылды.

  1.  

Ақсай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Бүгінгі күні округте 6 автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Ақсай ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Бүгінгі күні округте Атырау – Индер трассасынан Ақжар ауылының С.Датов көшесі, Жастар және №25 көше,

(Атырау – Индер трассасынан Аксай ауылының басты көшесімен Ақжайық көшесі, Достық көшесімен №25 мектепке дейінгі аралықта) түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізілді.

ЕРКІНҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Еркінқала ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

2017 жылы округ бойынша (Өркен, Өркен-2) 17 автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

  1.  

«Еркінқала – Жұмыскер» трассасы бойын жарықтандыру

Округтің (Еркінқала-Атырау трассасынан Балауса ы/а №39 көшесі мен Өркен №34, №34көшеден-№11көшеге дейін және №11 көшеден №22 көшеге дейінгі аралықта) түнгі көше жарығы желілері мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізілді.

  1.  

М.Өтемісов атындағы орта мектеп орнына жаңа мектеп салу

М.Өтемісов атындағы орта мектептің орнына 300 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде.

  1.  

Еркінқала-2 тұрғын үй алабында жүргізіліп жатырған ауыз су желілері құрылысын аяқтау

Еркінқала-2 тұрғын үй алабындағы су құбырларының құрылыс жұмыстары аяқталды.

ҚАЙЫРШАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Қайыршақты ауылдық округі орталығынан жаңа мәдениет үйінің құрылысын жүргізу

Томарлы ауылындағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

  1.  

Қайыршақты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округ бойынша (Талгайран, Томарлы, Бесікті, Көктем, Жұлдыз) 97 автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Округ елді мекендерінде жаяу жүргіншілер жолын салу

Округ бойынша жол құрылыстары жұмыстары кезінде 7 жаяу жүргіншілер жолы салынды.

  1.  

Округ елді мекендерінде мектеп, балабақша құрылыстарын жүргізу

«Жұлдыз» ықшамауданында 624 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда округ бойынша 2 мектеп және 4 балабақша құрылыстары үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Округтегі орталық көшелерге түнгі жарықтандыру желілерін жүргізу

Округте түнгі көше жарығы желілері (Атырау-Индер трассасынан Жұлдыз ы/а №6 көше бойымен №32 көшеге дейін, №6 көшеден №19 көше бойымен №3 көшеге дейін, №3 көшеден Атырау-Индер трассасына дейін, Томарлы ауылының Ермұханов көшесімен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке дейін, Бектемиров, Смағұлов көшелері) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілді.

 

БАЛЫҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Балықшы ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Бүгінгі күні округте (Көкарна, Құрсай, Водников) 43 автокөлік жолының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Қожақаев көшесі бойындағы Дамбы аялдамасының аумағын кеңейту

Қазіргі таңда аялдама аумағының жерін кеңейту мәселесіне байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Округ бойынша жаңадан көше жарығы желілерін жүргізу

Округтің түнгі көше жарығы желілері (Көкарна ауылы 13 көшеден Бекмағамбетов көшесімен №22 Партсъезд көшесіне дейін, Өтемісұлы көшесінен №22 Партсъезд және Қожакаев көшесіне дейін, Водниково ауылы, З.Кабдолов көшесінен 1Мамыр көшеcімен №5546 әскери бөлімінің қиылысына дейін, З.Кабдолов көшесінен 1 Проезд көшесі бойымен №8 көшенің қиылысына дейін және Досмұхамедов көшесінен Қарабау көшесіне дейінгі аралықта, Көкарна ауылының 13 көшеден атаусыз көше арқылы №7 көшемен №12 көшеге дейін) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілді.

КЕҢӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Кеңөзек ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Округтің түнгі көше жарығы желілерін (Тасқала ауылынан Вторчермет қиылысына дейінгі аралықта) мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Округте жаңадан дәрігерлік амбулатория, округ әкімдігі ғимараттары нысандарын салу

Бүгінгі күні Тасқала елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты әкімшілік ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Кеңөзек ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округте 11 автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Округ бойынша жаңа мектеп, балабақша нысандарын салу

Округ бойынша жаңадан 1 мектеп пен 2 балабақша нысандары құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

ДАМБЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Дамбы ауылдық округіндегі көшелерге жол белгілерін орнату

Бүгінгі күні округ бойынша жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталды.

  1.  

Дамбы ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округте 14 автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында.

  1.  

Жайық өзенінің балық жүретін каналдарының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу

Бүгінгі күні Жайық өзені каналының түбін тереңдету жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Амангелді және Дамбы ауылдарына спорттық құралдармен жабдықталған спорт алаңдарын салу

Дамбы ауылдық округінде көпфункционалды спорт зал құрылысын жобалау-сметалық құжаттамасы жасақтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

«Атырау – Дамбы» трассасы бойын жарықтандыру

Округтің түнгі көше жарығы желілері (Жаңаталап ауылы Х.Сұлтанов көшесімен трассаға дейін аралықта) мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізілді.

  1.  

Атырау ауылдық округінен жаңа балабақша нысаны құрылысын салу

Округ бойынша жаңадан салынатын 2 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Атырау ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округте (Жаңаталап, Құрманғазы, Атырау) 10 автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында..

  1.  

Жол белгілері мен жол кедергілерін орнату

Қазіргі таңда жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталды


Мақаланың шыққан күні:: 11.01.2018 23:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.01.2018 23:40