Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Атырау қаласы мен ауылдық округ тұрғындарымен есеп беру кездесулері кезінде түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

(2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша)

Мәселенің, ұсыныс-пікірдің қысқаша мазмұны

Алынатын шаралар

 

Атырау қаласы

  1.  

С.Датов көшесінен З.Қабдолов көшесіне дейінгі аралықтағы автокөлік жолына күрделі жөндеу жүргізу (СМП-136 ш/а-нан «БИПЭК» автосалонына дейін)

2017 жылғы Элеватор маңындағы С.Датов көшесінен З.Қабдолов көшесіне (бұрынғы Говоров көшесі) дейінгі автокөлік жолына 1600м2 ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы аталған автокөлік жолы бойын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтайтын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Ескі қала аумағынан спорт кешенін салу

Ескі қала аумағынан спорт кешенін салу мәселесі қаланың Бас жоспарына сәйкес қарастырылатын болады.

  1.  

Мүгедек балалар және аз қамтылған жанұялар балаларын республика көлеміндегі жазғы лагерьлерге жіберу мәселесін қарастыру

Республика көлеміндегі жазғы лагерьлерде мүгедек, аз қамтылған жанұя балаларының демалысы жыл сайын ұйымдастырылуда. Биылғы жылы қала бойынша 1342 жанұя балалары (130-ы «Геолог Казахстана» лагері, 112-сі облыстық «Тұлпар» лагері, 1100 бала- Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі) қамтылып отыр.

  1.  

Қалалық қоғамдық көліктерде қызмет көрсету сапасын арттыру

Қазіргі уақытта жолаушы тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында тасымалдаушы мердігер мекемелер басшыларымен бірлесе қозғалыс интервалын қадағалау және көліктердің желіге мерзімінде шығуын қадағалау үшін рейдтер ұйымдастырылуда.

  1.  

Атырау қаласына кіретін автокөлік жолдарын кеңейту және қосымша кірме автокөлік жолдары құрылысын салу мүмкіндіктерін қарастыру

Қалаға кіретін бағыттардағы автокөлік жолдарын кеңейту және қосымша автокөлік жолдары құрылыстарын салу мәселесі қарастырылуда.

  1.  

Мүмкіндігі шектеулі жандарды, зейнеткерлерді шипажайларға жеңілдікпен жіберу мүмкіндіктерін қарастыру

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, тегін жолдамалар ҰОС және Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына ғана қарастырылған. Мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған жолдамалар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы өтетін ашық электронды конкурс қорытындысымен жүзеге асырылады. Ал зейнеткерлер тегін жолдамамен қамтамасыз етілетін санаттар қатарына енбейді.

  1.  

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне ардагерлердің баруына мүмкіндік жасау жолдарын қарастыру

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне ардагерлердің баруын ұйымдастыру үшін жол шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу заңдылықтары қаралмаған, қазіргі уақытта бұл шараны демеушілік есебінен ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

  1.  

Қалаға қарасты ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу

Бүгінгі күні сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қаладағы 436 сауда орнының 42-сі ауылдық округтерден бөлініп отыр.

ГЕОЛОГ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Геолог ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Қазіргі таңда округ бойынша 7 (Бірлік ауылы–Геологоразведчиков, Рабочая, Буровиков, Мұнайшы -№10,11,12,13 көшелері) көшеге тас жол төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні округке қарасты 28 көшенің (Геолог, Геолог-2, Бірлік ауылы, Мұнайшы, Мирас) автокөлік жолдары құрылысы үшін ЖСҚ жасақталды, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

«АТП» шағын ауданына кіреберіс жолын күрделі жөндеуден өткізу

Қазіргі уақытта «АТП» шағын ауданы №1,2,3 үйлеріне кіреберіс жолын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Атырау қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салу

Бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

ЖҰМЫСКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Жұмыскер ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Бүгінгі күні округ бойынша (Өркен, Өркен-2) 24 көшенің автокөлік жолдары құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Жұмыскер ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Қазіргі уақытта түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Ғ.Мұратбаев атындағы мектепке жаңа ғимарат салу

Қазіргі уақытта жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жер учаскесін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

АҚСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

№59 балабақша ғимаратының жылу жүйесі мәселелері бойынша шаралар қабылдау

Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен №59 балабақшаға жылу қазанын сатып алу мәселесі қарастырылуда.

  1.  

Ақсай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округ бойынша 6 көшеге (Ақсай, Ақжар) жол құрылысы жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Ақсай ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ЕРКІНҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Еркінқала ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округ бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасақталған 13 көшенің құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

«Еркінқала – Жұмыскер» трассасы бойын жарықтандыру

Қазіргі уақытта түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

М.Өтемісов атындағы орта мектеп орнына жаңа мектеп салу

Бүгінгі күні аталған орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

  1.  

Еркінқала-2 тұрғын үй алабында жүргізіліп жатырған ауыз су желілері құрылысын аяқтау

Қазіргі кезде Еркінқала-2 тұрғын үй алабында су құбырларының құрылысы жалғасуда.

ҚАЙЫРШАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Қайыршақты ауылдық округі орталығынан жаңа мәдениет үйінің құрылысын жүргізу

Томарлы ауылынан 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

  1.  

Қайыршақты ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Қазіргі таңда округ бойынша 36 көшенің (Талғайран, Бесікті, Көктем) жол құрылысы жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Округ елді мекендерінде жаяу жүргіншілер жолын салу

Жол құрылыстары жұмыстары кезінде жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі мүмкіндігіне қарай ескерілетін болады.

  1.  

Округ елді мекендерінде мектеп, балабақша құрылыстарын жүргізу

«Жұлдыз» ықшамауданында 624 орындық орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда округ бойынша 2 мектеп және 4 балабақша құрылыстары үшін жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Округтегі орталық көшелерге түнгі жарықтандыру желілерін жүргізу

Түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

БАЛЫҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Балықшы ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Бүгінгі күні ауылдық округке қарасты 25 көшенің жол құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Қожақаев көшесі бойындағы Дамбы аялдамасының аумағын кеңейту

Қазіргі таңда аялдама аумағының жерін кеңейту мәселесіне байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Округ бойынша жаңадан көше жарығы желілерін жүргізу

Түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

КЕҢӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Кеңөзек ауылдық округі бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

Түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Округте жаңадан дәрігерлік амбулатория, округ әкімдігі, байланыс бөлімшесі ғимараттары нысандарын салу

Бүгінгі күні Тасқала елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ғимараты құрылысының дайындық жұмыстары басталуда және Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараты әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Кеңөзек ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Қазіргі таңда округтегі 11 көшенің (Тасқала, Тасқала-2 ауылы) жол құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Округ бойынша жаңа мектеп, балабақша нысандарын салу

Бүгінгі күні округ бойынша жаңадан 1 мектеп пен 2 балабақша нысандары құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

ДАМБЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

Дамбы ауылдық округіндегі көшелерге жол белгілерін орнату

Қазіргі таңда жол белгілері мен кедергілерін орнатуды қажет ететін көшелер анықталды, орнату жұмыстары үшін қаржы көзі қаралуда.

  1.  

Дамбы ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округтің 14 көшесінің (Дамбы-10, Амангелді-4) жол құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Жайық өзенінің балық жүретін каналдарының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу

Бүгінгі күні Жайық өзені каналының түбін тереңдету жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Амангелді және Дамбы ауылдарына спорттық құралдармен жабдықталған спорт алаңдарын салу

Дамбы ауылдық округінде заманауи үлгідегі спорт кешені құрылысын салу үшін жер телімі қарастырылуда.

 

АТЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

  1.  

«Атырау – Дамбы» трассасы бойын жарықтандыру

Түнгі көше жарығы желілерін мемлекеттік-жекеменшік - әріптестік негізінде жүргізу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1.  

Атырау ауылдық округінен жаңа балабақша нысаны құрылысын салу

Қазіргі уақытта округ бойынша жаңадан салынатын 2 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

  1.  

Атырау ауылдық округіне қарасты елді мекендерге автокөлік жолдары құрылысын жүргізу

Округ бойынша 6 көшенің (Жаңаталап -2, Атырау-4) жол құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда.

  1.  

Жол белгілері мен жол кедергілерін орнату

Қазіргі таңда жол белгілері мен кедергілерін орнатуды қажет ететін көшелер анықталды, орнату жұмыстары үшін қаржы көзі қаралуда.

 


Мақаланың шыққан күні:: 14.07.2017 09:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.07.2017 09:11