Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2020

Қызметтер

АЭА туралы мәлімет

Жалпы мәлімет

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №495 Жарлығымен құрылған.

АЭА аумағы 3 475,9 га құрайды, ол 3 жер телімнен тұрады: Қарабатан, Теңіз және Атырау қаласы (Қарабатан учаскесі - 1491,24 га; Теңіз учаскесі - 100 га; Атырау қаласы - 285 га; Трубопровод - 1599,53 га).

Соның ішінде:

қатысушыларға бөлінгені: 463,7 га

бос аумақ: 621,25 га

қалғаны инфрақұрылымға: 2 390,82 га

АЭА аумағында 15 қатысушы тіркелген, оның ішінен 4 өз қызметін белсенді түрде дамыту үстінде:

1) «Polymer Production» ЖШС – полимерлік өндіріс шығаруға бағытталған жоба, іске асырылған (2015 жылдың қазан айы).

2) «Karabatan Utility Solutions» ЖШС – «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылым нысандарының құрылысы (қуаттылығы 310 МВт турбиндік электр станциясы) – іске асырылып жатқан.

3)  «KPI Inc.» ЖШС – жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру жобасы – іске асырылып жатқан.

4) «KLPE» ЖШС – қуаттылығы жылына 1 250,0 мың тонна полиэтилен өндіру жобасы – Borealis компаниясымен жобаны бірлесіп іске асыруға қызығушылық танытылған.

Байланыс ақпарат:

 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқару компаниясы

 060011, ҚР, Атырау қ-сы, Әбілхайыр хан даңғылы 38, тел.:  8 7122 209315.

Толық ақпарат сайтта орналасқан: www.nipt.kz


Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018 06:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 15:32

Қаралым саны: 1738