Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Мақат ауданының 2019 жылдың 10 айында «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» туралы АҚПАРАТ

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы шықты. Осы қаулыға өзгеріс еңгізіп Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылдың 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шықты.

Осы бұйрыққа сәйкес, Мақат ауданы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін комиссия құрылып жұмысын атқаруда.

Биыл жастар жылына орай, үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап көтерме жәрдемақы мөлшері 70 -тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін артты.

Берілетін бір реттік көтерме жәрдемақы 100 АЕК (әр адамға 252 500 теңге);

Тұрғын үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие 1500 АЕК (әр адамға 3787,5 мың.теңге). Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 15 жыл мерзімге беріледі, несие бойынша сыйақы ставкасы несие сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленген.

Әлеуметтік қолдау шарасын алған маман елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) ұйымында кемiнде 3 жыл қызмет iстеуге келісім - шарттпен мiндеттеме қабылдайды, келісім - шартты бұзған жағдайда тұрғын үй сатып алу үшін алынған бюджеттік кредитті және көтерме жәрдемақыны кері бюджетке толығымен қайтарылады.

Аталған жоба аясында, Мақат ауданы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссия құрылып 2009-2019 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу үшін 53 маманға бюджеттік несие, 111 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылы:

- Көтерме жәрдемақы алу үшін - 9 маманға (5 білім беру, 4 денсаулық сақтау);

-Тұрғын үй сатып алу үшін несие - 2 маманға ( білім беру саласы).

2019 жылдың 10 айында

Көтерме жәрдемақы 11 маманға (2 денсаулық саласы, 8 білім беру,1 спорт).

Тұрғын үй сатып алу үшін несие 2 маманға ( білім беру саласы).

 

 

2009-2019 жж

2018 ж

2019 ж 10 айы

1

Көтерме жәрдемақы

111

9 маман

11 маман

2

Тұрғын үй несие

53

2 маман

2 маман

Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөнінд

· Әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі ақпараттық-үгіттеу насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бір қатар жұмыстар атқарылуда, атап өтсек:

· аудандық экономика және қаржы бөлімінде «Дипломмен ауылға» стенд орналастырылған;

· ауданда орналасқан орта білім беру мектептерінде, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінде дөнгелек үстел-семинарлар ұйымдастырылып тұрады;

· жергілікті «Мақат тынысы» газет беттеріне және Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы сайтына мақалалар жарияланып турады.

 

 

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі


Мақаланың шыққан күні: 08.11.2019 18:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.11.2019 18:31

Қаралым саны: 370