Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Қала әкімі С.Ж.Шапкеновтың «Атырау қаласының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


Ұсыныс-пікір

білдірушінің аты-жөні

Мәселенің, ұсыныс-пікірдің

қысқаша мазмұны

Орындалысы

 Атырау қаласы

Жазбаша түскен сұрақ

Жайық жағалауын демалыс орнына айналдыру

Қазіргі уақытта  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпіріне дейінгі аралықтағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының ЖСҚ дайын. Аталған жобаға қосымша күні бүгінде Әлиев-Сатыбалдиев автокөлік көпірінен теміржол көпіріне  және Тұрғындар қалашығынан Темірханов көшесіне дейінгі аралықтардағы Жайық өзені жағалауын заманауи үлгіде абаттандыру жұмыстарының ЖСҚ дайындалуда.  

Cонымен қатар, бүгінгі күні Жайық өзені жағалауындағы Жастар демалыс саябағының (университет аумағы) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды.

Ажигалиева Венера

Атырау қаласынан Оңалту орталығын ашу

Оңалту орталығы ретінде пайдалану үшін техникалық гиназияның бұрынғы ғимаратын күрделі жөндеуден  өткізу үшін жобалық-сметалық  құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан  өтуде.

Химиктер ауылының тұрғыны

Химиктер шағын ауданына Канцев көшесі арқылы шығатын автокөлік жолын салу және  шлагбаум орнату мүмкіндігін қарастыру

Химиктер шағын ауданына Канцев көшесі арқылы шығатын автокөлік жолын салу жұмыстары қаланың бас жоспарында қарастырылмаған.

Қала тұрғыны

Хакім Абайға арнап ескерткіш орнату

Қазіргі уақытта ұлтымыздың ұлы тұлғалары  Әбу Сәрсенбаевтың, Хамит Ерғалиевтың және күйші, домбырашы Қаршыға Ахмедияровтың  ескерткіштерін орнату бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ал ұлы ақынымыз Абайдың ескертікішін орнату жөніндегі ұсыныс қаперге алынып, жоспарға енгізілді.

Мукашева А.– Қара депо тұрғыны, зейнеткер

 №7 мектепке баратын жолда  көше жарығын орнату

№7-ші орта мектепке дейінгі баратын жолда, яғни, Шаған көшесінен Сырдария көшесімен Сырдария  өткелінен дейінгі  аралық  2019 жылы мемлекеттік – жекеменшік серіктестік  арқылы  түнгі жарық желілерінің  құрылысы жүргізуге жоспарланған тізімге  енгізілген.

Дамбы ауылдық округі

Мұратолла Тілекқабыл –Амангелді елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Балықшы – Дамбы тас жолының бойын жарықтандыру

Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Атырау – Дамбы тас жолының түнгі жарық желілері іске қосылды.

Көпжасаров Сатыбалды - Амангелді елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Спорт алаңын салу

Қазіргі уақытта көпфункциональды спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Көпжасаров Сатыбалды - Амангелді елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Балалар ойын алаңын салу

Балалар ойын алаңының құрылысы үшін  жер телімі айқындалып, жерге қатысты құжаттар жасақталуда.

Қайыршақты ауылдық округі

Бекенов Қайрат - Томарлы елді мекенінің тұрғыны

П.Аманғалиев көшесіне жол салу

П.Аманғалиев көшесіне жол салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы  дайын. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланды.

Мусин Мұрат- Қайыршақты  ауылдық округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Жаяу жүргіншілер жолы мен  көше жарығы мәселесін  шешу

Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер жолдары құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

ЖСҚ дайындалып жатқан мектеп, бала бақша  құрылыстарын жүргізу

Қайыршақты ауылдық округіндегі 4 балабақша және   2  орта мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Шаданова Гүлсара - Бесікті елді мекенінің тұрғыны

Бөгеттерді салу мәселесі

Қазіргі уақытта  су бөгеттерінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындайтын мердігер мекемені анықтау  жұмыстары жүргізілуде.

Атырау ауылдық округі

Какимов Төлеген Құрманғазы ауылының тұрғыны, зейнеткер

Құрманғазы ауылындағы Ізім Хамитов көшесіне жол құрылысы салу

Қазіргі  уақытта І.Хамитов көшесіне тас жол төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Байменова Галия-«Байменов» шаруа қожалығы басшысы

Шаруа қожалықтарына жарық жүйесін жүргізу

Шаруа қожалықтарына жарық жүйесін жүргізу үшін бюджеттен қаражат көзі қарастырылмаған. Тек «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушыларға ғана қажетті инженерлік- инфрақұрылым   желілері жүргізіліп, жетіспейтін құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарлануда, ол тізімде «Байменова» ШҚ тіркелмеген.

Дүйсен Нәрік -Атырау елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

Округ елді мекендерінде жаяу жүргіншілер  жолын салу

Ағымдағы жылы округ елді мекендері көшелеріне жаяу жүргінші жолын салу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасы жасақталуда

Жұмыскер ауылдық округі

Ақсериков Есжан- зейнеткер, «Өркен» ықшам ауданының тұрғыны

Округте емхана құрылысын салу

Өркен ықшам ауданынан емхана құрылысы  2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Насипуллин Ғабит, Айсагалиев Бергенбай, Мырзагулов Жолдас  - Жұмыскер ауылының тұрғындары

Округ бойынша көше жарығы желілерін жүргізу

2018 жылы  мемлекеттік – жекеменшік серіктестік арқылы                         7 көшесіне түнгі жарық желілерін   жүргізу жұмыстары жоспарланып отыр.

Жұмыскер ауылдық округі ардагерлері

(жазбаша сұрақ)

Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп  құрылысын бастау

Қазіргі уақытта жаңа мектеп құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда

Ақсай ауылдық округі

Есенжан Оспан -

Железнодорожный өткелі, №6 тұрғыны

Ақсай ауылынан спорт нысандарын салу

Қазіргі уақытта көпфункциональды спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Демесінова Алтын Қабдолқызы

Ақсай ауылы,  Достық көшесі 8/1тұрғыны

Округте денсаулық сақтау нысандарын салу

Қазіргі уақытта 400 төсектік көпбейінді аурухананың ЖСҚ жасақталуда.

Еркінқала ауылдық округі

Қалекешов Марал –ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Еркінқала саз мектебінің құрылысын бастау

Қазіргі уақытта саз мектебінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Еркінқала-2 ықшам ауданы көшелеріне жол салу

«Еркінқала-2» ауылының 46 көшесінің  жол құрылысы  жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланды.

Темірғалиева Нұргүл – М.Өтемісов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыскер – Еркінқала трассасы бойын жарықтандыру

Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз»  жанар-жағар май құю бекетінен бастап Еркінқала ауылына дейін  жүргізілген  түнгі жарық шамдары мемлекеттік – жекеменшік серіктестік негізінде іске қосылды.

Қуанова Бәкиза –Ракуша ауылының тұрғыны

Округтен мектеп және балабақша құрылыстарын салу

Еркінқала ауылдық округіндегі 4 балабақша және  2 мектептің ЖСҚ жасақталып, мемлекетік сараптамадан өтуде.

Рахымберлиев Балабай-ардагерлер Кеңесінің мүшесі

Округ елді мекендерін көгалдандыру

Қазіргі уақытта округ елді  мекендерін  көгалдандыру  мүмкіндіктері   қарастырылуда.

 

Геолог ауылдық округі

Елубаева Өрік  -                         Мирас   т.ү.а.  Бейбітшілік көшесі №14 тұрғыны

Округ бойынша  балалар ойын алаңын орнату

Округ  бойынша   2018 жылы  3 балалар ойын алаңдарын  (оның ішінде Мирас тұрғын үй алабына 2; Бірлік ауылында-1 орынға) орнату жұмыстарын жүргізу үшін мердігер мекеме анықталды.

Кабипова Жанаргул – Мұнайшы т.ү.а. 1-көше тұрғыны

Округ  бойынша көше жарығын жүргізу

Атырау –Доссор автокөлік жолынан Мұнайшы  тұрғын үй алабына   кірме жолына көше жарығын жүргізу 2019 жылдың жоспарланған тізіміне енгізілген.

Игилманов  Амангелді  – Адилова Зейнеш - Разъезд №496, Қарабатан темір жол бекеті тұрғындары

Разъезд 496 елді мекені, Қарабатан темір жол бекеті тұрғындарын

Атырау қаласына көшіру

Аталған елді мекендер осы маңда орналасқан «Болашақ» зауытының санитарлық қорғау аймағына кірмейтіндіктен, тұрғын үй қатынастарына қатысты заңнамаларда жергілікті бюджет қаражаты есебінен көшіру процессін қаржыландыру қарастырылмаған. Инвесторлар тарапынан қолдау қажет етіледі.

Темірғалиев Құбайдолла- «Мұнайшы» т.ү.а. тұрғыны, зейнеткер

Жол белгілерін орнату

 «Мұнайшы» ықшам ауданына жол белгілерін орнату жұмыстары

қаражат көзінің бөлінуіне қарай  қарастырылатын болады.

Кеңөзек  ауылдық  округі

Оразбаев Есенаман- Тасқала-4 тұрғыны

Тасқала-3 ауылы автокөлік жолдарының  құрылысын жүргізу

«Тасқала-3» ауылының  15 көшесіне  жол құрылысын жүргізу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Қайырханов  Мақсот –  Тасқала-4 ауылы тұрғыны, зейнеткер

Тасқала-4 ауылына жүргізілген  инженерлік-инфрақұрылымдар  (газ, су, электр) желісін іске қосу

Құрылысты аяқтау 2018 жылдың  III  жартыжылдығына жоспарланған.

Сағынаев  Нұрлан – Тасқала-1 ауылы тұрғыны, жергілікті қоғамдастық төрағасы

Балабақша, мектеп, спорткешені құрылыстарын салу

Кеңөзек ауылдық округіндегі 2 балабақша және    1 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.  Сонымен қатар Қайнар тұрғын үй алабынан көпфункциональды спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Балықшы ауылдық округі

Тайпанов Халидолла-

округ тұрғыны

Көкарнадағы №18 көшеге  жол салу

Қазіргі уақытта  №18 көшеге тас жол төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құсайнова Ақсұлу Ақжайық ауылының тұрғыны

Мектеп аумағына жол кедергілерін салу.

М.Отаралиев атындағы мектептің аумағына 2 дана жол кедергісі орнатылды. Жол белгілерін орнату қаржы көзінің бөлінуіне қарай салынатын болады.

Тайжығаров Ораз

Көкарна ауылының тұрғыны зейнеткер        

Ескі трансформаторларды

жаңарту

Қалалық электр жүйелері мекемесімен бірлесе жөндеу жұмыстарын жүргізу  а.ж.III тоқсанға жоспарлануда.

Ойын алаңдарын салу

Қазіргі уақытта қала аумағынан ойын алаңдарын орнату мүмкіндігі бар учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Соған сәйкес, техникалық көрсеткіштері сәйкес келетін  бос жер телімдері анықталған жағдайда, 2019 жылы тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.


Мақаланың шыққан күні: 18.07.2018 02:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2018 02:30

Қаралым саны: 1395