Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша АҚПАРАТ

Аудан бойынша 2017 жылдың 12 айында 14811 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен (қағаз түрінде) 5963; мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы-3923; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық бөлімі арқылы 4904; электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы 651 қызмет көрсетілген.

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес)

Ағымдағы жылдың 12 айында «Қызылқоға» аудандық қоғамдық-саяси газетіне тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 33 мақалалар жарық көрді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 3 рет мәжіліс және 2 семинар жұмыстары ұйымдастырылды. 2017 жылдың қараша айында халыққа «Арман» мәдениет үйінің фоесінде «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өткізілді. Тұрғындарға «Электрондық үкімет», «Электрондық сандық қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы ақпараттар мен кеңестер түсіндірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 3 құжат кешіктірілді.

Аудан тұрғындарына қызметтерді алу барысында ауылдық округ әкімі аппараттарында қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындарға түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен дайындалған «Сіз мемлекеттік қызметтер қызметтер алу кезінде өз құқықтарыңызды білесіз бе», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты брошюралар таратылды.

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдері халық арасында көрсетілетін қызметтердің электронды түрде алуға болатындығы жөнінде үй-үйді аралау арқылы 17151 ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы насихаттау жұмыстары жүргіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 10642 дана брошюралар таратылды.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараттарында қызмет алушылардың

шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылды. (2017 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ)

Қызылқоға ауданы бойынша 10 ауылдық округ әкімі аппараттары ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында соңғы үлгідегі компьютер, принтерлер желтоқсан айынан толықтай қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Осы бағытта, аудан әкімдігінің 2017 жылғы қаулысымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімі болып қайта құрылды.

Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметтің барша азаматтар үшін қолжетімділігі, мерзімінде және сапалы қызмет ұсынумен қатар құжаттарды сөзбұйдылыққа және әбігерлікке салмай рәсімдеу жұмыстарының жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау


Мақаланың шыққан күні: 14.03.2018 02:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2018 02:27

Қаралым саны: 949