Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

2019 ЖЫЛЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРIН КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң реестрiне сәйкес мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдiктерi деңгейiнде жүзеге асырылады.

Жылыой ауданы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында 2019 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша iс-шаралар жоспарлары әзiрлендi және бекiтiлдi.

Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №79 ж/қ «2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелерге тексеріс жүргізілді.

2019 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктіру 4 фактісі тіркелді, нақтырақ 2 аудандық білім және 2 жер қатынастары бөлімдерімен.

2019 жылы реестрге сәйкес 53841 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

соның iшiнде қағаз түрінде 2480 мемлекеттік қызмет,

баламалы түрде 13664 мемлекеттік қызмет,

Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi қарай-ХҚКО) арқылы 12955 мемлекеттiк қызмет,

электронды түрде 24742 мемлекеттiк қызмет түрi көрсетiлдi.

Барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк обьектiлерiнiң мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру» — 4832 қызмет көрсетiлген.

Аудан бойынша 2019 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң жоғары көлемi «Жылыой ауданы білім бөлiмi» ММ -19892 мемлекеттiк қызмет және «Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» мемлекеттiк мекемелерi арқылы-15825 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсететiн мемлекеттiк органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

2019 жылы «Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау» және «Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдерi бойынша көрсеткiштердi жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.

Жоспарларға сәйкес өткен кезеңде келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

2019 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң кестесiне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бiрлесе отырып, қала, кент және ауылдық округтерде түсiндiру жұмысын жүргiздi және консультативтiк көмек көрсеттi.

Сол сияқты қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлiмшелердегi iшкi бақылау бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Тоқсан сайын аудан әкiмдiгiнiң отырыстарында аудан әкiмiнiң төрағалығымен және бiрiншi басшылардың қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы жөнiнде мәселе қарастырылады.

Аудан әкімі аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру және бірыңғай есепті сапасыз жүргізу фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 5983 данасы халыққа таратылды.

2019 жылы аудандық «Кең Жылой», «Құлсары» газеттерінде 47 мақалалар жарық көрді және әлеуметтік желі арқылы 8 мақала жарияланды. Сонымен қатар, аудандық ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетiлетiн қызмет жөнiнде материалдар жариялап тұрады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 2019 жылы арыз-шағымдар болған жоқ.

Жылыой ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлiмi жұмыс iстейдi. Сол сияқты бiр ұтқыр топ ұйымдастырылып, олар шалғайда орналасқан бiр ауылдық округте қызмет көрсетедi. Аудан аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшiн 1 автомашина жұмыс iстейдi.

«Ұтқыр ХҚКО» жұмысын жетiлдiру мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасары жауапты болып тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдармен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Жылыой ауданына қарасты кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарында қызмет алушыларға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 2000-ға жуық ауыл тұрғындарының қатысуымен 84 түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың көп шоғырланатын орындарында 7 рет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді және мемлекеттік қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жәрмеңкеге аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары қатысты. Жәрмеңкеге қатысушы тұлғаларды мазалаған сұрақтар көбіне жер, тұрғын-үй мәселесінің төңірегінде болды. Қорытындысында, жәрмеңкеге қатысушы азаматтар осындай іс-шаралардың жиірек болғаны дұрыс деген пікір білдірді.

«Цифрлық Агент» мобильдік қосымшасы туралы жадынама мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерінде көрнекті жерлерде ілінген, ауданның барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар мен мұғалімдерге 10352 дана таратылған, 180 түсіндірме жұмыстары, 3 дөңгелек үстел, 15 жиналыс жүргізілген жалпы 8096 адам қамтылған және Facebook, Instargram әлеуметтік желілерінде жарияланды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы кент, ауылдық округтердің тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында «Цифрлық Агент» мобильдік қосымшасы туралы және «Мемлекеттік органға «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы көрсетілетін қызмет» тақырыбында 4-билбордтар, 2-лайтбокс, 2-баннерлер Құлсары қаласында және кент, ауылдық округтерінің тұрғындар көп шоғырланатын, көлік ағымының басым орталықтарында орнатылды.

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында қала әкімі аппаратына 2 (қазақша, орыс тілдерінде) бейнеролик тегін «Hanali-2013» ЖШС көмегімен жасақталған, 3 бөліммен және ауылдық округі әкімі аппаратымен өз күштерімен барлығы 12 (қазақша, орыс тілдерінде) бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

2019 жылдың ІІІ тоқсанында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді яғни, «Электрондық үкімет» веб-порталын қала тұрғындарына танымал ету және оның артықшылықтары мен тиімділін насихаттау мақсатында ««Indigo» Құлсары қаласында орналасқан балабақшаларға ЭЦК-сыз кезекке тұр, жолдама алу» тақырыбында 2-билбордтар Құлсары қаласында Махамбет даңғылы және И.Тайманов көшесінде орнатылды.

2019 жылдың 1 қарашасында қоғамдық кеңес отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсететін 4 (төрт) дербес бөлімнің мәліметі тындалды.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі тиімді көрсету мақсатында қала, кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік қызмет көрсететін 8 дербес бөлімдерде және аудандағы 20 жалпы орта білім беретін мектептерде қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған.

2019 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында аудан бойынша барлығы 1222 тұрғынды электронды цифрлық қолтаңба алу туралы мағлұмат беретін оқумен қамтылып, оқытылды.

2019 жылдың басынан Жылыой ауданының елді мекендері бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы барлығы 6311 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық санды қолтаңбалар алғандардың саны 2245, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 4066.

ХҚКО арқылы көрсетiлетiн қызмет түрлерi автоматтандырылған және электронды форматта көрсетiледi. «Электронды үкiмет», «Е-әкiмдiк» порталын танымал ету жандандырылды.

Газеттердiң беттерiнде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудiң әртүрлi түрлерiн алу мүмкiндiгi туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жариялануда.

Мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, соның iшiнде электронды форматта одан әрi қамтамасыз етуi мақсатында: Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерiне, дербес бөлiмдерге:

1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi бойынша есеп жүргiзу және статистикалық мәлiметтер жасақтау жөнiнде бөлiмдерге iшкi бақылауды ай сайын жүргiзу;

2. Қызмет көрсету мерзiмiн бұзған жауапты тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартумен мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетудiң сапасын арттыру мәселесiн ай сайын аппарат мәжiлiстерiнде қарастыру;

3. Қала, кент және ауылдық округтерге, дербес бөлiмдер көрсететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi бағалау шеңберiнде ұсынылатын есептi мәлiметтердi

жинақтаудың, дәлдiгiнiң, толықтығының сапасы бойынша әдiстемелiк ұсынымдар жөнiндегi жұмысты жалғастыру;

4. Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiм басшылары мемлекеттiк қызмет көрсету қызметi бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында түсiндiру жұмыстарын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын материал шығарылуын қамтамасыз ету ұсынылуда.

 

Аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк

көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлiмі


Мақаланың шыққан күні: 18.03.2020 13:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.03.2020 13:21

Қаралым саны: 71