Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ « БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, Birlik_so13@mail.ru  Бірлік ауылы, Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі 34Б,8(71233) 31359, 31326.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы №531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық саны 5 бірлікті құрайды.Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні 1 бас маман жұмысқа қабылданды. 1 бас маман жүктілікке және босануына байланысты демалысқа кетті. Негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін орнына жаңадан бас маман жұмысқа қабылданды. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 1 штаттық қызметкер еңбек демалысына жіберілді.

Бірлік ауылдық округі өз қызметін атқаруда:

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру;

2. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру;

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына 2019 жылдың І жартыжылдығында жеке тұлғадан 8 өтініш және заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Жеке тұлға бойынша 3-еуі қанағаттандырылды, 5-еуі түсіндірілді. Заңды тұлға бойынша 4-еуі түсіндірілді. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 18 шешім, 67 өкім қабылданды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-13-59 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған. 2019 жылдың 4 сәуір күні Бірлік ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қоғамдық бақылау картасы» тақырыбында С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында түсіндіру жұмыстары өтті. Округтің мемлекеттік мекемелерінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Даешь взятку полчаешь срок», «Парасыз қоғам- Ұлт болашағы», «Выбор за тобой», «Бір пара, екі қылмыскер». атты көрнекі ақпараттар ілінді. «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.08.2019 17:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2019 17:35

Қаралым саны: 454