Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ "ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ " ММ

«Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,

Жұмекен ауылы, Қадырбек Өмірбаев көшесі-1А, 87123331644

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

 

Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың шілде айының айының 2- 9 күндері аралығында жүргізілді.

Округте штаттық саны 7 бірлікті құрайды. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 7, бос лауазым жоқ. Жыл сайынғы еңбек демалысына 6 ай ішінде 5 адам еңбек демалысына жіберілді.

Еңбекші ауылдық округі өз қызметін атқаруда:

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221- ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1.«Жеке қосалқышаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. «Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты жеке тұлғалардан 2018 жылдың І – жартыжылдығында (6 ай ішінде) 66 өтініш келіп түскен. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 35 шешім, 52 өкім қабылданды. «Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.

Ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратының дәлізінде сыбайлас жемқорлық көріністері, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалысы жөнінде болған келеңсіз жағдайларды хабарлау үшін сенім телефоны (3-15-99) орнатылған. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін салатын жәшік орнатылып, оны округ әкімінің өкімімен бекітілген комиисия мүшелері күнбе-күн қарап, қортындысы жөнінде акт жасап отырады.

Еңбекші ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын – алуға 2018 жылға арналған іс – шаралардың медиа – жоспары жасақталып, іс-шараға сәйкес жұмыстар жасалынуда.

 

 

Еңбекші ауылдық округінің әкімінің

міңдетін уақытша атқарушы Р.Амирханов


Мақаланың шыққан күні: 30.07.2018 01:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.07.2018 10:54

Қаралым саны: 1038