Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Исатай аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2020 жылдың 16 қаңтардағы №2 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– аудан әкімдігінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №155 өкімімен Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды.

2) Мүдделер қақтығысы-2019 жылғы II жарты жылдығындағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2019 жылдың 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 252 мемлекеттік қызмет көрсетулер болды.

4) Рұқсат беру функциялары – бөлімде рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;

2.Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- болған жоқ

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жарияланбады

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–бөлімге 2019 жылдың ІI жарты жылдығы бойынша 10 өтініш келіп түсті, барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау сенім жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері-басқарма бойынша сот актілері түскен - жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

С.Беркалиева

А.Төлебаева

Ш.Хамзина


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 17:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 17:59

Қаралым саны: 97