Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 1 тамыздағы №19 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №337 «Исатай аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

2)Мүдделер қақтығысы -2019 жылдың II жартыжылдығы бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2019 жылдың II жартыжылдығы бойынша мемлекеттік көрсетулер болған жоқ

4) Рұқсат беру функциялары – бөлімде рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

1.Исатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы №17 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;

2. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- жоқ

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жоқ

4. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–бөлімге 2019 жылдың ІI жартыжылдығы бойынша 2 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері ордалмады. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi - жоқ;

6) Сот актілері- басқарма бойынша сот актілері түскен - жоқ.

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

А.Махмутов

Ж.Жандолова

В.Мухитова


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 14:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 14:46

Қаралым саны: 104