Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Исатай аудандық білім бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 19 шілдедегі №151 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– аудан әкімдігінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №155 өкімімен Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды.

2) Мүдделер қақтығысы-2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2019 жылдың 1 қаңтар -1 шілде аралығында 587 мемлекеттік қызмет көрсетулер болды.

4) Рұқсат беру функциялары – бөлімде рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;

2.Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- Исатай ауданы әкімі аппаратының 2019 жылғы 27 наурыз №17 «Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау нәтижелерінде анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға жол бергені үшін тексеріс жүргізілген жалпы орта білім беретін Аққыстау, Абай, Өркен мектептерінің оқу ісіне жауапты мектеп директорларының орынбасарларына «ескерту» тәртіптік жазасы берілді.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- «Адал ұрпақ» клубтары адалдыққа тәрбиелейді аудандық Нарын таңы газетіне №13 24.06.2019 ж. мақала шықты

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–бөлімге 2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша 7 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орыналмады. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау сенім жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері-басқармабойынша сот актілерітүскен - жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Н.Мұрат

М.Губашев

Г.Хисметуллина


Мақаланың шыққан күні: 30.07.2019 15:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.07.2019 15:55

Қаралым саны: 482