Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен 2019 жылдың 19 шілдедегі №20 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

1.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы– аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №333 «Исатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысына екі бөлім қосылып, бұрынғы Исатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы және бас маманы жаңадан құрылған бөлімге бас маман болып қайта тағайындалды.

2)Мүдделер қақтығысы-2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайымен мемлекеттік көрсетулер болған жоқ

4) Рұқсат беру функциялары – бөлімде рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықытыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже;

2.Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- бөлімге:Атырау облысы әкімінің А.Н.Ноғаевтың 2019 жылғы 10 маусымдағы №01-23-7/17 аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмасы негізінде тексеру жүргізілді. Бақылау түрі: сәйкестік аудит. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмаған.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жоқ

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–бөлімге 2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша 2 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орыналмады. Сонымен қатар, бөлім орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан. Ай сайын аталған жәшік ашылып, бұл жөнінде тиісті акт жасалады.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері-басқармабойынша сот актілерітүскен - жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

М.Насиханов

Г.Мухтарова

Ш.Максутова


Мақаланың шыққан күні: 23.07.2019 10:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2019 10:20

Қаралым саны: 517