Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ «ИСАТАЙ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ«ИСАТАЙ АУДАНДЫҚ «ЖАЛЫН» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

«Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін кәсіпорын директорының 2019 жылғы 25 қаңтардағы 12 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1)Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы–2018 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша5 адам жұмысқа қабылданды. 1 маман, 4 техникалық қызметкер.

2) Мүдделер қақтығысы-2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) Кәсіпорын бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

4) Рұқсат беру функциялары – кәсіпорында рұқсат беру функиялары қарастырылмаған.

5) Бақылау функцияларын іске асыру кәсіпорында бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

-Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі №135 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жарғысы.

2) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- жоқ

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар- жоқ

4) Кәсіпорынға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша–кәсіпорынға2018 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша 5 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орыналмады. Сонымен қатар кәсіпорын орналасқан ғимаратта жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері-басқармабойынша сот актілерітүскен - жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

Р.Қарабалина

М.Бердібек

Н.Бижанов


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019 09:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 09:28

Қаралым саны: 644