Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

2019 ЖЫЛ БОЙЫНША ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқыту үшін ведомствалық бағаныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызмет түрінен 1744 қызмет; аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру 518 қызмет көрсетілсе, жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну қызметі бойынша 366 қызмет; дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту, әлеуметтік бейімдеу қызметінен-76; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 66 отбасыға консультациялық кеңес беріледі; жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу-2; негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 25 қызмет түрі көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың қорытынды қызмет түрлері аудандық баспасөз беттерінде жолданды.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 12:42

Қаралым саны: 207