Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

2018 ЖЫЛ БОЙЫНША ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқыту үшін ведомствалық бағаныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау қызмет түрінен 1148 қызмет; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау-9; шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-2; аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру 1149 қызмет көрсетілсе, жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну қызметі бойынша 535 қызмет; дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту, әлеуметтік бейімдеу қызметінен-52; кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру-4; мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 147 отбасыға консультациялық кеңес беріледі; жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу-2; негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру 40 қызмет түрі көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың қорытынды қызмет түрлері аудандық баспасөз беттерінде жолданды.


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019 11:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2019 11:54

Қаралым саны: 914