Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

2017 ЖЫЛ БОЙЫНША АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МЕН ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ақпараттық есеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылады.

Өткен 2017 жылы мемлекеттік мекемеде 18 (он сегіз) мемлекеттік қызмет түрі бойынша – 1 210 258 қызмет көрсетілді. Барлық көрсетілетін қызмет түрлері электронды, қағаз түрінде және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ арқылы жүзеге асырылды. Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша уақытынан кешіктіру фактілері тіркелген жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылады.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме ғимараты стендтермен жабдықталған.

Есепті жыл ішінде, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы көлемінде емдеу профилактикалық мекемелерімен тұрғындар арасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 116 іс шаралар өткізілді.

 

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ


Мақаланың шыққан күні: 01.03.2018 23:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2018 14:49

Қаралым саны: 1538