Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА!

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі 2020 жылғы 18тамыз сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreestr.kz  мекен-жайы бойынша интернет желісінде орналастырылған)аудандықкоммуналдық мүлікті сату бойыншаең төмен баға белгіленіп бағанытөмендетуәдісібойыншаэлектрондық аукцион өтетінін хабарлайды.

Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

Автокөліктің атауы,маркасы

Автокөліктің мемлекеттік нөмірі

Шыққан жылы

Бастапқы (алғашқы) баға (теңге)

Еңтөменгібаға (теңге)

Кепілдік жарна (теңге)

Теңгерім ұстаушы

 

Мекен-жайы

1

Chevrolet Aveo

317AU06

2013

2 044 818

1 022 409

306 723

«Жылыой ауданы құрылыс бөлімі» ММ

Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі, 7

2

Chevrolet Aveo

664АВ06

 

2013

 

2 044 818

1 022 409

306 723

«Жылыой ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ

Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20

3

Skoda Octavia А7

832АV06

 

2015

 

2 687 221

1 343 611

403 084

«Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» ММ

Құлсары қаласы, Махамбет данғылы, 37

4

Daewoo Nexia

893АB06

2011

582 410

291 205

87 362

«Кең Жылыой» Жылыой аудандық мәдениет үйі» ММ

Құлсары қаласы, Махамбет данғылы, 37

5

Toyota Prado

302AU06

2010

7 013 622

3 506 811

1 052 044

«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы» КМҚК

 

Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов, 9

6

Skoda Octavia A5

321AU06

2011

2 077 894

1 038 947

311 685

«Балапан» бөбекжай- бақшасы» КМҚК

Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 30

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын2020 жылғы 18тамызсағат 9:00-де(Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы Бірыңғай оператордың шотына төленеді:

Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;

БСН:050540004455;

Есеп шоты(IBAN/ЖСК) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ;

КZ946 017 111 000 000330;

БСК (БИК):HSBKKZKX;

ТТК (КНП): 171;

БЕК (Кбе):16.

Төлем мақсаты:«Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна».

Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Қатысушыларға кепілдік жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттықа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күн ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады.Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралымәлімет болмаған жағдайда,тізілім веб-порталы қатысушының өтінім кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойыншақатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтанқаласының уақыты бойынша басталады.

Бағаны төмендету аукционы:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды.Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Электрондық аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz  сайтынан немесе мына телефон бойынша алуға болады: : 8(71237) 3-56-01,5-10-63, 8(7122) 30-95-22.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.08.2020 12:23

Қаралым саны: 261