Array Химия өнеркәсібі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

Химия өнеркәсібі
Атырау облысы химия және фармацевтикалық салалары бойынша ақпарат

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 6,5 млрд.теңге, нақты көлем индексі 214,3% құрады.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 кәсіпорын іске қосылған:

- «Рауан Налко» ЖШС,

- «КасХим» ЖШС,

- «Полимер Продакшн» ЖШС.

Бүгінгі күнгі «Рауан Налко» ЖШС - мұнай өндіруші: «Тургай Петролеум», «ПетроКазахстан Құмкол Ресорсиз», «БК «Казгермунай», «CNPC-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақойл Ақтобе», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай»,  «Өзенмұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», Компания «Бузачи Оперейтинг Лтд» кәсіпорындарын химиялық реагенттермен және «КасХим», «Полимер Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері отандық цемент, құрғақ құрылыс қоспасы өндірушілерін қамтамасыз етуде.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде мұнай қалдықтарын өңдейтін «Эко-техникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылай қолдау көрсетілді.

 

Фармацевтикалық өнеркәсіп

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында фармацевтикалық өнеркәсіп өнімінің көлемі 807,5 млн. теңгені құрады.

Индустриялизациялау картасы шеңберінде 2 жоба жүзеге асырылды:

Бір рет пайдаланылатын шприцтер шығаратын өндірістік қуаттылығы 250 млн. дана Брандо ЖШС зауыты. 195 тұрақты жұмыс орны құрылды. Инвестициялар көлемі 675 млн. теңге.

Инфузиялық ерітінді құятын жүйелер және бір рет пайдаланылатын қолғаптар өндіретін қуаттылығы 200 млн. дана қолғаптар, 30 млн. дана жүйелер болып табылатын Брандо ЖШС зауыты. 200 тұрақты жұмыс орны құрылды. Инвестициялар көлемі 1450 млн. теңге.


Мақаланың шыққан күні:: 06.04.2017 18:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.04.2017 06:31