Array ХАБАРЛАНДЫРУ | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, ағымдағы жылдың 19 қаңтарында атап өтілетін «Крещение Господне» діни мейрамын мерекелеу кезінде Құлсары қаласының аумағында орналасқан «Қамыскөл» көлінің 8-ауыл маңында арнайы шомылуға арналған ойық ұйымдастырылғандығын қаперіңізге береді.
Арнайы ойық көлемі 1,5 х 2 метр, мұздың қалыңдығы 30 см, судың тереңдігі 1,5 метр болады, ойыққа түсу және шығу үшін арнайы баспалдақтар, ойықтың айналасына ағаштан жасалған арнайы ұстағыштар қарастырылды. Суға түсетін ойық пен жылы орын-жайдың арақашықтығы 500 метрді құрайды.
Жылыой ауданы көлемінде діни мереке күні рұқсат етілмеген су тоғандарында азаматтардың суға түсуіне тыйым салынады.
Мұздағы тәртіп сақтау ережесі
1. Жұқа, әбден қатпаған мұзға шықпаңыз.
2. Мұздың жекелеген бөлігіне топ болып жиналмаңыздар.
3. Мұздағы шұңқырға, жарыққа, ойыққа жақындамаңыз.
4. Тік жағалаулардан жұқа мұзға шанамен, шаңғымен сырғанамаңыз.
5. Тыйым салынған жерлерде суатқа мұз үстімен өтпеңіз.
6. Туәліктің қараңғы және нашар көрінетін кезінде мұзға шықпаңыз.

7-8 см қалыңдықтағы мұз тек бір адамды көтере алады; 15 см – аз топты; 25 – жеңіл машинені.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
«Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің
Жылыой ауданының бас құтқарушысы С.Абуев


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 10:32