Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.08.2017

Қызметтер

Азаматтық қорғаныс,төтенше жағдайлар

«Азаматтық қорғау бойынша іс-шара»

«Мероприятие по гражданской обороне»Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен ағымдағы жылдың 1 наурызында халықаралық азаматтық қорғау күніне арналған басқарма қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Жиналыста төтенше жағдайларда Басқармаға жүктелген келесі функцияналдық міндеттелермен таныстыру өткізілді:

- Өрт болған жағдайдаға іс әрекет (басқарма өкілдерін және құпия құжаттамаларды қауіпсіздіқ жерге көшіру, алғашқы медициналық көмек).

- Төтенше жағдайларды жою кезіндегі Басқарма қызметкерлерінің функцияналдық міндеттері.


«Мероприятие по гражданской обороне»


 


2013 жылдың І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша Басқармамен 6 облыс әкімдігінің қаулысы, облыс әкімінің 1 шешімі мен 1 өкімі дайындалса, 4 қаулығы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2013 жылдың І-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның бекітілген жоспарына сәйкес, 2 мәжіліс және кезектен тыс 1 мәжіліс өткізіліп, мәжілісте барлығы 9 мәселе және облыс әкімі және облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен 4 селекторлық мәжіліс өткізіліп, 4 мәселе қаралып, барлығы 13 мәселе талқыланды.

Осы комиссиялардың хаттамалық шешімдеріне және басқарманың жылдық жоспарына сәйкес, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бойынша:

Атырау облысы әкімінің 2012 жылғы 29 тамыздағы №22 «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар облыстық қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, облыс бойынша азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың 14 қызметтері және қалалық, аудандық қызметтері құрылып, жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, облыс әкімінің 2012 жылғы 23 қазандағы №359-ө «Атырау облысының азаматтық қорғаныс құрылымдарын қалыптастыру шаралары туралы» өкіміне сәйкес, 26843 адамнан тұратын азаматтық қорғаныс құрылымдарының жеке құрамы мен 700 адамнан тұратын шұғыл әрекет ету тобы бекітілді.

Облыс әкімінің орынбасары – облыстық көшіру комиссиясының көшіру іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасының бекітуімен облыстық көшіру комиссиясының 2013 жылға арналған жұмыс жоспары жасақталды.

Су тасқынына қарсы атқарылған шаралар:

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №68 «Атырау облысын 2013 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысы қабылданып, штабтың құрамы мен іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді және тиісті ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Оның ішінде:

Облысты су тасқынынан қорғау шараларын ұйымдастыру мақсатында, облыс әкімінің төрағалығымен селекторлық, облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен және облыс әкімінің орынбасары-облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының төрағалығымен Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия мәжілістері өткізілді.

Мәжілістердің қорытындысында хаттамалар толтырылып, тиісті мекемелерге орындау үшін жолданып, төмендегідей ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі кезде, облыс көлемінде 515 шақырым қорғаныс бөгеттері бар. Оның 411 шақырымы өзен, 104 шақырымы теңіз толқындарынан қорғану үшін тұрғызылған.

Жыл сайын, басқарма қызметкерлері «Қазселденқорғау» мекемесі мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп облыс көлеміндегі бөгеттердің қауіпті участкелеріне тексеру жүргізеді. Тексерудің қорытындысы бойынша 130 шақырым шамасындағы бөгеттерге жөндеу жүргізу қажеттілігі анықталды.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін, 24,5 тонна жанар-жағар май және 22127 қап, 700 дана қамыс плита дайындалса, «Қазселденқорғау» ММ-сі елді-мекендердегі бөгеттерді бұзу қауіпі туындаған жағдайда учаскелерге жеткізу үшін қажетті инертті материалдардың қоры дайындалды. Атап айтқанда: томар-331 дана, құрылыс материалдар (қап)-33263 дана, тақтай-25,16 м3, қиыршықтас-114 м3, арматура-2936 кг, топырақ-178 м3, күректер-68 дана, шифер-208 дана.

Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде елді-мекендердегі аурухана және емханаларда дәрі-дәрмек пен азық-түліктің үш айлық қоры жасақталды.

Облыс көлеміндегі республикалық, облыстық маңыздағы авто және темір жолдар бойындағы көпірлер мен су өткізгіш тұрбаларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, республикалық автокөлік жолы бойындағы 140 тұрба, 55 көпір, облыстық автокөлік жолы бойында орналасқан 49 су өткізгіш тұрба, 8 көпір өткелдері және темір жолдар бойындағы 204 су өткізгіш тұрба, 58 көпір өткелдеріне де тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жайық өзені бойынша елді мекендердегі су басуды болдырмау мақсатында және тасқын суды тиімді пайдалану үшін, «Қазсушар» мекемесі су өз еркімен шығатын каналардардың барлығын тазартып, оларға балық өтпейтін қондырғылар орнатты. 

Сонымен қатар, «Ералы» су торабының 2 есігін жөндеуге қажетті бөлшектерді жеткізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Орман, дала өрттерінің алдын алу

Атырау облысы әкімдігінің «Орман-дала өрттерінің алдын алу жөніндегі 2013 жылға арналған қосымша шаралар туралы» қаулысының қабылданып, облыстық штабтың құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазіргі кезде, Атырау қаласы мен аудан әкімдері, орман және дала өртінің алдын алу үшін 121 ерікті топтар құрып, топқа 1297 адам, 2470 арнайы құралдар (сапалақ, күрек), 178 тіркемелі тракторлар, 124 арнайы су тасымалдайтын автокөлік, барлығы 325 өртті сөндіруге бейімделген техникаларды тартты.

Сонымен қатар, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеру кестесі жасақталып, өртке қарсы дайындықтары қаралса, облыс көлемінде құрылған ерікті өрт сөндірушілермен оқу-жаттығу өткізу жоспары жасақталып, барлық аудандарда жаттығулар кестеге сәйкесөткізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының бекітуімен 2013 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды.

Қысқы маусымға дайындық:

Қысқы маусымға дайындық жұмыстары, әрдайым басқарманың назарында. Бұл мәселе, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияда, және облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен селекторлық мәжілістерде қаралды.

Жалпы өткізілген мәжілістерден бұрын, тамыз айында 2012-2013 жылдардың жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторларында болуы мүмкін апаттардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Жоспарға сәйкес елді мекендерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарды және халықты оқыту бойынша

2012 жылғы 30 қарашадағы облыс әкімінің «Атырау облысы бойынша басшы құрамының 2013 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында басшы құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курсынан өту» туралы өкіміне сәйкес, 2013 жылы 20 адам аталған курстан өту қажет болса, соның күні бүгінге жоспарға сәйкес 11 қызметкері курстан өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс

Ағымдағы жылдың  наурыз айында көктемгі су тасқынына қарсы тақырыбында, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Әлеумет» бағдарламасында тікелей эфир арқылы сұхбат өткізіліп, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар,  облыстық «Атырау» газетінің 2013 жылғы 16 наурыздағы №31 санында «Тасқынға тосқын қалай жасалады?», 2013 жылғы 6 сәуірдегі №40 санында «Төтенше жағдай бұқара бақылауында», «Прикаспийская коммуна» газетінің 2013 жылғы 5 наурыздағы №25 санында «Учебная тревога», 2013 жылғы 16 наурыздағы №30 санында «Защита от паводка» тақырыптарында материалдар жарияланды.

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі №193 қаулысымен бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны іске асыру бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес, басқарманың Аумақтық қорғаныс бөлімінің «Сыбайлас жемқорлық – Ғаламдық мәселе», Жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мақалалары «Атырау-Ақпарат» КМК-не жолданды. Аталған мақала мәтіндері, басқарманың веб-сайтындағы «жаңалықтар» бөлігіне енгізілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» Халықаралық Демократиялық Партиясының қоғамдық бірлестігінің хатына сәйкес, «Өзіңнен баста!» атты өткізілген акциясы бойынша басқарма бастығы мен басқарма бастығының орынбасарының кірісі мен дүние-мүліктері жөніндегі мәліметтері 2013 жылдың 9 мамырында Атырау газетінің №53-54 санына басылып шықты.

Басқарманың 35-48-08  сенім телефоны бекітіліп, Республикалық, Облыстық басылымдарға жарияланып, веб-сайтқа енгізілді және басқарма дәлізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшік орнатылды


Мақаланың шыққан күні:: 04.07.2016 12:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2017 11:52