Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Азаматтық авиация

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ Каспий теңізінің жағасында орналасқан әуежайлардың бірі болып табылады. «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ бүкіл әлемдегі авиация желісінің барлық мүмкіндігін пайдалануды қамтамасыз етеді. Әуежай Қазақстанның мұайлы астанасы – Атырау қаласының орталығынан батысқа қарай 8 км қашықтықта орналасқан және Қазақстан Республикасы батыс өңіріндегі ең маңызды әуежай кешендерінің бірі болып табылады.

Атыраудың жүйелі рейстері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қызыл-Орда, Шымкент, Москва, Минводы, Стамбул, Амстердам қалаларымен байланысты. Чартерлік рейстер барлық дүниежүзі бойынша орындалады, бірақ негізгі бағыттары Дубай, Анталья, Баку, Тбилиси қалалары болып табылады. Астана, Алматы, Москва, Амстердам және Стамбул қалалары бағытында жолаушы легі көптеп саналады.

2006 жылдың қаңтарында жаңа технологияны пайдаланумен ұзындығы жаңа жасанды ұшу-қону жолағы іске қосылды, ол салмағы мен техникалық құрылымына қарамастан барлық дүниежүзінен әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Әуежай қызметінің сапасын жалпы озат жалпыеуропалық стандарттарға жету үшін әуежай 9001:2009 ИСО ҚР СТ, 14001:2006 ИСО ҚР СТ, 18001:2008 ОНSАS ҚР СТ cтандарттарына сәйкес сапаны басқару жүйесі енгізілген және «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ ұсынатын қызметтерге тиісті сертификаттар алынған. Әуежайдың дамуы ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйым) және ИАТА (Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы) халықаралық cтандарттарына сәйкес жүргізіледі. Жаңа жолаушы және жүк әуекомпанияларымен ынтымақтастық үшін жағымды жағдайлар жасалуда.


 

 


 

Облыста азаматтық авиация саласында «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ы және «АТМА Атырау аэропорт» АҚ-ы. қызмет етедi.

2012 жылдың 12 айында Атырау қаласының әуежайынан 549,1 мың жолаушы жөнелтiлген, бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiнен 2,9%-ын құрады. 2012 жылдың 12 айында ұшақтардың ұшу саны 10 844 құрады.

2012 жылдың 12 айында әуежай 2077 тонна жүк өңдедi, бұл өткен жылғы деңгейдiң 19,3%-артық.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 14:45
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:48