Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер Порталына тапсырыс беруді бастады

Граждане с инвалидностью начали подавать заявки на Портал социальных услугМүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін әлеуметтік-еңбек саласында бірыңғай ақпараттық жүйе - Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімделуді талап етпейтін республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын техникалық құралдардың 24 түрі Порталға ауыстырылды.

Порталда мемлекет тарапынан оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің кепілдік құны төленіп, ал неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде мүгедектігі бар адаммен қосымша ақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қызмет алушылар Порталда тапсырысты өз бетінше немесе жұмыспен қамту немесе әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

2020 жылдың 19 мамырына 115 мүгедектігі бар адамның Әлеуметтік қызметтер порталына оңалтудың жеке бағдарламалары жіберілді, ал 15 мүгедектігі бар адам өздерінің электронды цифрлық қолтаңбаларымен қажетті құралдарға тапсырыс берді.Олар: теріні тазартқыш, белсенді ұстағыш, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе, стома айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик, қорғайтын крем, иісті бейтараптандырғыш.

Жүйе жұмысын бастады.


Мақаланың шыққан күні: 20.05.2020 10:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.05.2020 10:13

Қаралым саны: 40