Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратына 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Көптоғай ауылы, С.Елеусинова көшесі 24,тел: 8(71233)3-04-22 эл.пошта: koptogaiakim@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы                      №29 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» шешімі қабылданды. Аталған шешім негізінде Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Рысовқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №498 «Көптоғай селолық округінің әкім аппаратының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне  сәйкес округтің штаттық саны – 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 4 бірлік. Есепті мерзім ішінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Округке жеке тұлғалардан 2019 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша    3 өтініш түсіп, оның 3-уі де қанағаттандырылмаған. Заңды тұлғалардан 1 өтініш түсіп, өтініш иесіне түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-04-22 сенім телефоны орнатылған. Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде округ әкімінің 47 өкім, 6 шешімі қабылданды.

Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады. Округтің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің атауы

Талдау жүргізу мерзімі

Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы қысқаша мәлімет

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар

Жүргізілген талдаудың интернет сайтқа орналасқандығы жөнінде сілтеме немесе скриншот

1

Көптоғай ауылдық округ әкімі аппараты ММ

06.01.2020

Округ әкімі аппаратында          47 өкім, 5 шешім қабылданды. Есепті мерзім ішінде 4 арыз шағым түсіп 3 қанағаттандырылмайды,1 арыз иесіне түсіндірілді. ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

-

 

 

 

 

 

 

 


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 16:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 16:59

Қаралым саны: 221