Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Көптоғай ауылы, С.Елеусинова көшесі 24, тел: 8(71233)3-04-22 эл.пошта: koptogaiakim@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №29 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» шешімі қабылданды. Аталған шешім негізінде Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Рысовқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №498 «Көптоғай селолық округінің әкім аппаратының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 4 бірлікті құрайды, онын нақты саны - 4 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

2017 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша жалпы саны – 43 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Округке жеке тұлғалардан 2017 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша 18 өтініш келіп түсті. Оның 1-еуінің өтініші толықтай қанағаттандырылды, 17-сі түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-04-22 сенім телефоны орнатылған. Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім ішінде округ әкімінің 34 өкім, 16 шешімі қабылданды.

Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады. Округтің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2018 23:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2018 23:24

Қаралым саны: 1015